Каспий жағасында демалатын 5 орын

12.07.2017

Ақтау – теңіз жағасында орналасқан еліміздегі жалғыз қала. Толқыны жан тербеген сұлу Каспий солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созылып жатыр. Орташа ені 320 шақырым болса, жағалаудың ұзындығы 7000 шақырымға жуықтайды деген дерек бар. Егер жазғы демалысыңызды сұлу Каспийдің баурайында өткізуді жоспарласаңыз, El.kz интернет жобасы ұсынған бірнеше тиімді шешімге назар салыңыз. Сіз аңсаған жанға жайлы демалыс дәл осы Каспийдің жағасында болуы мүмкін.

Ақтауда жазда ауа температурасы шілде мен тамыз айларында +24, +26 С болса, +44 С дейін көтеріледі. Теңіз жағасында демалу маусымы мамыр айынан қыркүйектің ортасына дейін созылады. Жағалауда әдемі демаламын десеңіз, барлық жағдай жасалған. Ақтау – еліміздегі ең қымбат қалалардың бірі болса да, Каспий теңізінің көкшіл, тұнық шығанағында тынығу үшін жыл сайын сан мыңдаған туристер ағылады. Каспий жағасында түрлі қонақ үйлер самсап тұр. Десе де қаражатын үнемдегісі келетіндер мейманханадан гөрі тәулігіне жалға берілетін пәтерлерге тоқталғанды жөн көреді. Пәтер ақысы тәулігіне – 5000 теңгеден басталып, орналасқан ауданына қарай өсе береді.

«Шағала» шипажайы

«Шағала» шипажайы Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Шипажайдың аумағында аллея, парк, бассейн бар. Шипажай жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істеп тұр. Жайлы бөлмелерде демалысыңызды жанға жайлы ету үшін қажетті жабдықтың бәрі бар.  Сондай-ақ «Шағала» шипажайында денсаулықты оңалтуға бағытталған медициналық қызмет көрсетудің барлық түрі қарастырылған. Су процедуралары, жылу және электропроцедура мен массаждың барлық түрі бар.

Мекен-жайы Ақтау қаласы, 1- мөлтек аудан.

Байланыс телефоны: +7 (7292) 317520, 317530

Екі кісілік жартылай люкс бөлменің құны: 7000 теңге

Люкс бөлме: 9000 теңге

«Достар» қонақ үйі кешені

Теңіздің жағасында орнласқан қонақ үйді дәл осы әсем көрінісі үшін таңдасаңыз да өкінбейсіз. Мекемедегі 44 бөлме келген меймандардың демалысын барынша жайлы әрі көңілді ету үшін жұмыс істеп тұр. «Стандарт», «жартылай люкс» сондай-ақ «люкс» бөлмені қалауыңызға қарай таңдай аласыз. Ашық бассейн, сауна, сондай-ақ маңызды кездесулер мен жиындар өткізуге толық мүмкіндік бар.

Мекен-жайы Ақтау қаласы, Приморский мөлтек ауданы.

Байланыс телефоны: +7(7292)29-05-05, +7(777)55-00-09

Бөлменің құны: 9500 теңгеден басталады.

«Три Дельфин» қонақ үй кешені

Қала орталығында орын тепкен қонақ үй кешені теңізге қарап тұр. Дамыған инфраструктура, ыңғайлы мекен-жай, сапалы қызмет көрсету, ең бастысы қолжетімді бағасы арқылы дәл осы кешен туристердің арасында танымалдылыққа ие. Қонақ үйде сіздің демалысыңызды жанға жайлы ету үшін барлық жағдай жасалған.

Мекен-жайы Ақтау қаласы, 9-мөлтек аудан, 8 А.

Байланыс телефоны: +7(7292)31-49-79

http://yuriyvaulin.wix.com/3delfina

Бөлменің құны: 8000 теңгеден басталады.

«Кендірлі» демалыс аймағы

Каспийдің жағасында орналасқан «Кендірлі» демалыс аймағы Ақтауға 210 км қашықтықта жатыр. Шаһарға қаншалық алыс болған сайын, суы мөлдір, жағасы тыныш екенін көзіңізге елестете беріңіз. Табиғаты әсем, құмы таза, суы мөлдір шығанақта демалу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген саяхатшы ағылады.  Мұнда туристердің теңізге түсіп, денсаулығын нығайтып, тынығуы үшін барлық жағдай жасалған.

Демалыс базасының аумағы  7,5 га жерді алып жатыр.

Демалыс базасының аумағында келесі нысандар орналасқан:

«VIP» резиденция – құрылыс көлемі 652 м2.

Коса Ада – аралы 

Отбасылық демалыс коттедждері – 4 дана

Жастар демалатын коттедждер – 13 дана

20 орынды қонақ үй.

Коттедж бөлмелерін жалға алу 10 000 теңгеден басталады.

«Стигл» демалыс кешені

Демалыс кешені спорттық-сауықтыру сондай-ақ ойын-сауық орталығы саналады. 2005 жылы Каспий жағасында ашылған бұл орын меймандарға әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетеді.

Биылғы жылы «Стигл» қонақ үйдің бағасын сәл төмендетіп, келушілерге барынша қолжетімді баға ұсынуда. Демалыс кешенінің «Теремок» корпусында 2 орындық бөлмеге 10 мың теңге, ал 3 орындық бөлмеге 14 мың төлеп демала аласыз.

Егер «Стигл» кешенінде бөлме жалдамай-ақ демалуға ниеттенсеңіз, ересек адам үшін кісі басына 1000 теңге төлеп демалуға болады. 7 жасқа дейінгі балалар территорияға тегін кіре алады.

Мекен-жайы: район «Теплый пляж» мөлтек ауданы.

Байланыс телефоны:  300138, 300139

Бөлменің құны: 10 000 теңгеден басталады.

Тамылжыған жаз айындағы демалысыңызды жағажайда өткізгіңіз келсе, іске сәт! Отандық туризмді дамытуға үлес қосыңыз.  

Автор статьи - Бақытгүл Абайқызы
Для копирования и публикации материалов необходимо письменное либо устное разрешение редакции или автора. Гиперссылка на портал El.kz обязательна. Все права защищены Законом РК «Об авторском праве и смежных правах».

Читайте также