Илон Маск жаңа тарихты жазып жатыр

SpaceХ алғашқы зымыранын жіберді

SpaceХ өзінің алғашқы аса ауыр Falcon Heavy зымыран тасығышын жіберді. Бұл атаулы оқиғаны компанияның YouTube-каналы тікелей эфирде көрсетті. Бұл ғаламат сәтті миллионнан астам адам тамашалады.

Зымыран Флоридада орналасқан Кеннеди 39А ғарыш айлағынан Астана уақытымен түнгі 02:45-те көкке көтерілді. Ал бастапқы ұшырылу терезесі Астана уақытымен 00:30-да ашылғанымен, қатты желдің кесірінен компания бірнеше рет уақытын кейінге шегеруге тура келген еді. Зымыранның жылдамдық қосатын бөлігі сәтті Жерге оралды.

SpaceX жаңа Falcon-ды әлемдегі ең мықты зымыран деп отыр. Оның ең жоғары жүктасығышы 64 тоннаға жетсе, ал Марсқа 17 тонна жүкті жеткізе алады.

Зымыран пайдалы жүк Tesla Roadster автомобильін Жер мен Марс траекториясымен қиылысатын созыңқы күн төңірегіндегі орбитаға жеткізді. Оны тікелей марс орбитасына жеткізу ықтималдылығын Маск төмен бағалады. Осы жоба сәтті болса, 2018 жылы Falcon Heavy тағы екі рет ұшырылмақ (Arabsat 6A (Сауд.Арабия үшін) және Space Test Program 2 (ВВС АҚШ үшін).

Falcon Heavy-ның конструктивті бірінші сатысы орталық бөлік пен бірнеше қапталдық жылдамдатқыштан тұрады, ол Falcon 9 ауыр зымыранының бірінші бөлігінің жетілдірілген түрі.

Аса ауыр зымыранның жалпы құны 90-120 миллион долларға бағаланып отыр.

#Илон Маск #SpaceХ #ғарыш
Материал опубликован с согласием автора

Для копирования и публикации материалов необходимо письменное либо устное разрешение редакции или автора. Гиперссылка на портал El.kz обязательна. Все права защищены Законом РК «Об авторском праве и смежных правах».

Подписывайтесь на наш Telegram-канал!

Комментарий

comments powered by HyperComments

Похожие материалы

Партнёры