«Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы»

Конференция жұмысына алаштанушы отандық және шетелдік ғалымдар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, қоғам қайраткері, ф.ғ.д., профессорМырзатай Жолдасбеков, қоғам қайраткері, т.ғ.д., профессор Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, белгілі ғалым-тарихшы Бүркіт Аяған, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директорыБерік Әбдіғали және Астана қаласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студент жастар қатысады.

Шара Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған тарихи сананы қалыптастыру идеясымен ұштасып жатыр. Конференция Алаш зиялыларының идеясын, тағылымды ғұмырын ұрпақ тәлім-тәрбиесінің өзегіне айналдыру, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында әлемдік ғылым-білім мен руханияттың заңғар биігіне көтерілген іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау мақсатында өткізіледі. Конференция қорытындысы бойынша арнайы жинақ шығарылады.

Аталған конференция аясында Ұлттық музей кітапханасының ұйымдастырумен Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен Алаш қозғалысын зерттеп жүрген ғалымдардың шығармашылығы топтастырылған кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар Ұлттық музейдің экспозициялық бөлімі мен Президент мұрағаты Алаш қайраткерлеріне қатысты құнды жәдігерлер мен мұрағат құжаттарының көрмесін өткізеді.

Партнёры