Жаңалықтар

Қаназдық: себептері, белгілері және емделу жолдары

Дәрігер-терапевт Балжан Ақылбекованың қаназдықты емдеу тәсілдері туралы кеңесі
Қаназдық: себептері, белгілері және емделу жолдары
17.06.2020 18:15 89279

Дәрігерлердің айтуынша, қаназдық (анемия) ауруына қыз-келіншектер мен сәбилер көп ұшырайды екен. Әсіресе 4-5 жастағы кішкентай балаларда бұл ауру түрі жиі кездеседі. Қаназдық (анемия) бүлдіршіндердің бойының өсуіне, буындарының қатуына, тістерінің дұрыс шығуына кері әсерін тигізеді. Осы аурудың себептері мен белгілері, емделу жолдары туралы сұрақтарымызға жауап алу үшін дәрігер-терапевт Балжан Ақылбековамен сұхбаттасқан болатынбыз.

(Суретте: Дәрігер-терапевт, реабилитолог Балжан Ақылбекова)

Дәрігер-терапевт, реабилитолог және біліктілік санаты бар жас дәрігер Балжан Ақылбекова Нұр-Сұлтан қаласындағы білікті мамандардан сабақ алып, Астана Медицина университетін тәмамдаған. Жалпы медицина бөлімінде, болашақ дәрігерлерді клиникалық тұрғыда дайындайтын интернатураны аяқтап, реабилитация (оңалту, қалыптастыру медицинасы) бойынша біліктілігін арттырған. Ол  – өз тәжірибесінде  түрлі науқастардың сауығып кетуіне септігін тигізген дәрігерлердің бірі. Мейірімділік пен ізгілік жаршысына айналған маман әңгіме барысында бізге қаназдықтың тек пайда болуын ғана емес, біз білмейтін түрлерін, қандай жағдайда туындайтындығын, диагностикасы мен емі туралы толық айтып берді.

 Қаназдық (анемия) дегеніміз не?

Қаназдық (анемия) – қан құрамындағы эритроциттердің, гемоглобиннің азаюы салдарынан оттегінің ағзадағы тіндерге жеткіліксіз болуынан пайда болатын ауру түрі болып табылады.

D4JJEvxXoAA29Sw.jpg

– Гемоглобиннің ер адамдарда 130г/л, әйел адамда 120г/л ал жүкті әйелдерде 110 г/л төмен болуымен қаназдық көрінеді. Ол жеке ауру түрінде және көптеген аурулардың салдарынан дамиды. Адам ағзасынан темір, фолий қышқылының тапшылығынан қаназдық туындап жатады. Сонымен бірге сүйек кеміктерінде қан бөлшектерінің жеткілікті түрде бөлінбеуі де осы аурудың пайда болуына әкеліп соғады. Қаназдықтың алдын алу үшін жылына екі рет қан тапсыру керек. Қаназдық кезде ауыр патологиялық жағдайлар жиі дамиды. Ол жалпы жағдайдың төмендеуіне әкеліп қоймай, онкологиялық және инфекциялық аурулардың дамуына себеп болады. Егер бұл ауру ауыр формаға ауысқан жағдайда уақыт өткізбей дәрігерге көрінген жөн,– деді дәрігер-терапевт Балжан Ақылбекова.

Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көрсеткішері бойынша әлемде қаназдықпен ауыратын 1 млрд 987 миллион 300 мың адам тіркелген. Соның ішінде темір тапшылықты қаназдық 25-40% адамдарда кездеседі екен.

– Біз қаназдық ауруын жеңіл ауру ретінде қарамауымыз керек. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, жыл сайын 2 млрд-қа жуық адам қаназдықпен ауырады екен. Сонымен қатар оның ішінде ең көп кездесетінін қаназдық түрі темір тапшылықты қаназдық болып табылады. Сондықтан айтатын кеңесім дұрыс тамақтану және құрамында темір, В12 мен фолий қышқылы бар тағамдарды дұрыс пайдалансақ, оның барлығының алдын алуға болады, – деді дәрігер.

Қаназдықтың дамуына алып келетін факторлар

Қаназдықтың дамуына алып келетін көптеген факторлар бар. Дәрігер Балжан Ақылбекованың айтуынша, демографиялық жағдай, тамақтану режимінің бұзылуы, құрамында темір бар тағамдарды аз пайдалану, дәрумен жеткіліксіздігі және де әлеуметтік жағдай да қаназдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен бірге созылмалы қан кетулер оның ішінде қызыл иектен, мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан кету және сіңіру бұзылыстары, энтерит асқазанға жасалған оталар да өзінің үлкен әсерін тигізуі мүмкін.

analiz-anemiya.jpg

Қаназдықтың (анемияның) негізгі клиникалық көріністері адам басының айналуы болып табылады. Кейбір жағдайларда адам есінен танып қалып жатады. Сонымен бірге тері түсінің, көз және ерін шырышты қабықтарының бозғылттығы және тырнақ пен терінің құрғап, жарылып кетуі, ауыздың дәмі кетіп тамаққа жатпайтын көмір, бор сияқты нәрселерді жеуге құштарлық қаназдықтың белгілеріне жатады. Және де бұл аурудың ауыр жағдайына, жүрек қағысының жиілеуі мен адамның ентігуі де жатады. Қаназдықпен ауыратын адамның жұмысқа деген қабілеті төмендейді, – дейді дәрігер-терапевт Балжан Ақылбекова.

Дәрігер қаназдықтың бірнеше түрі кездесетіндігін айта отырып, бізге оның қауіпті бір түрі пернициозды қаназдық туралы түсіндіріп кетті.

1317cee0cc41ee00aac009c867914793caa67740.jpg

– Пернициоз – латын тілінен аударғанда, бұзушы деген мағынаны білдіреді. Бұл қанның өршіген түрде дамитын ауруы болып саналады. Пернициозды қаназдық көбінесе ағзаға В12 дәруменінің тамақпен мүлдем түспеуінен пайда болатын қаназдық болып саналады. Қаназдықтың бұл түрі адамдар В12 дәруменін мүлдем пайдаланбаған кезде, ашығу салдарынан және ет тағамдарын пайдаланбайтын адамдарда жиі кездесіп отырады. Бұл пернициозды қаназдықтың В12 дәрумені жеткіліксіздігі басқа қаназдық ауруларынан ерекшелігі өте қауіпті, әрі қатерлі ауру болып саналады. Пернициозды қаназдық мегалобласты жасушалардың жоғарылауымен, В12 дәруменінің сіңіуінің бұзылуымен жүретін қаназдықтың түріне жатады, – дейді дәрігер-терпевт.

Пернициозды қаназдықпен көбінесе 40 жастан жоғары әйел адамдар және 60 жастан жоғары ер кісілер ауырады екен. Қаназдықтың бұл түріне алып келетін негізгі себептер ол ауыр асқазан аурулары, және де асқазанына ота жасаған науқастар мен генетикалық тұқымқуалаушылықтың салдарынан дамуы мүмкін. Тек бұл ғана емес, иммунитеттің дұрыс жүрмеуі де осы аурудың дамуына әсер етуі мүмкін. Пернициозды қаназдықты алғашқы рет 1855 жылы ағылшын дәрігері Аддиссон анықтаған екен. Сондықтан сол кезде емін табылмаған бұл ауруды кейінірек Кастл деген ғалым қаназдықтың осы түріне қарсы асқазандағы ішкі факторды ашқан екен. Яғни, асқазандағы ішкі фактор дұрыс дамымағандықтан, В12 дәруменінің асқазанда сіңуі дұрыс жүрмегендіктен пернициозды қаназдық пайда болатындығын анықтаған.

anemia-after-pregnancy-2.jpg

– Қан түзілісі дұрыс жүрмегендіктен адам ағазасында пайда болатын қаназдықтың бұл түрінің белгілері ретінде таңқурай тәрізді тіл, құлақтың шуылдауы және де тері түсінің бозғылттығы мен сарғаюы, ауыздағы жаралар, глоссит және де тілдің ашуымен көрініс табады. Сонымен қатар қаназдық белгілеріне неврологиялық және психикалық бұзылыстар, асқазан-ішек жолдарындағы өзгерістерімен де көрініп отырады. Бұл ауруды диагностикалау барысында арнайы бластты жасушаларға анализ тапсырып анықтауға болады. Арнайы миеллограмма деген зерттеу арқылы сүйек кемігінің анализін жүргізген кезде, бласты жасушалардың пайда болуымен жоғары немесе қалыпты екенін анықтау барысында біле аламыз. Осындай қатерлі қаназдықтың алдын алу үшін біз құрамында В12 дәрумені бар, бауыр мен балық өнімдерін дұрыс пайдаланып, алкоголь ішімдіктерінен бас тартуымыз қажет, – деп кеңес берді дәрігер-терапевт Балжан Ақылбекова.

Қаназдық (анемия) кезіндегі инструменталды зерттеулер

Қаназдық (анемия) кезіндегі инструменталды зерттеулер жүргізу барысында анемияны анықтау үшін алдымен фиброгастродуоденоскопия көрсеткіштер бойынша асқазаннан қан кеткен кезде рентгенологиялық зерттеулерді көрсеткіштермен фиброколоноскопияны, ректороманоскопия және де жамбас қуысының ағзаларына, ішкі құрылыс ағзаларына УДЗ жасау жүргізіледі екен.

0b256dddd9fcd1b8926e690568e2ae24.jpg

– Сонымен қатар инструменталды зерттеу жүргізу барысында қаназдықпен ауыратын науқас хирургтың кеңесін, асқазан және ішек жолдарынан қан кеткенді шектеу үшін гастроэнтерологтың кеңесін алу керек. Созылмалы қан кетулерге күдіктенген кезде және тістің қанауы болғанда стоматолог дәрігердің кеңесі, мұрыннан қан кету кезінде оториноларингологтың, ісіктік зақымдану кезінде онкологтың кеңесіне жүгіну қажет. Ал туберкулездің салдарынан болған қан кетуде фтизиатр, бронх, өкпелі жүйедегі қан кету кезінде пульмонолог, жыныс жүйелерінен қан кеткен кездегі гинеколог дәрігердің көмегіне жүгіну міндетті болып саналады. Қан кету себебі кезіндегі гематолог анемияның түрлерін анықтау үшін өте қажет. Ал проктолог ректальді қан кету кезінде және де гельминтоз, паразитоз сияқты құрттардың әсерінен болған анемияда инфекционист кеңесі керек болады, – деді дәрігер-терпевт Балжан Ақылбекова.

Жалпы қаназдық (анемия) кезінде ауруханаға жатқызу мәселесіне қатысты дәрігер тәулік бойы стационарға жоспарлы түрде қаназдық диагнозымен жатқызуға көрсеткіштер болмаса, ауруханада жату қажет емес санайды. Егер қаназдықпен ауыратын науқас анемияның шұғыл жағдайына ұшырап, яғни асқазаннан қан кетіп, гемоглобин азайса, жатырдан және отадан кейінгі қан кетулерде шұғыл түрде бөлімшеге жатқызылады.

Қаназдықтың емі

Темір жетіспеушілікті қаназдықтың емі ретінде көбіне ең көп қолданылатын препараттар құрамында темірі бар препараттар актиферрин, тардиферон, феррофлекс, ферлатон, феррулекс және тағы да басқа қолдануға болады екен. Егер аталған препараттардың бірі әсер етпеген жағдайда, дәрігер науқастың бұлшық етіне екпемен дәрі енгізу арқылы, гемоглобин 50-ден төмен болған жағдайда, шұғыл көмек ретінде қан құюды қолданатылатындығын айтты.

94222713.jpg

– Жүктілік кезіндегі қаназдықтың ерекшеліктері болады. Осы жағайда ең көп дамитын қаназдықтың бірі – темір жетіспеушілікті қаназдық болып табылады. Себебі тәулігіне тамақпен бірге адам ағазасына 2,5 мг темір түсуі керек. Ол негізінен етті тағамдардың құрамында болғандықтан жүкті әйелдер көбінесе жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, құрамында темір препараттары бар тамақтарды тұтынбағандықтан темір жетіспеушілікті қаназдыққа жиі шалдығады, – деді дәрігер терапевт.

Құрамында темір кездесетін тағамдар

Темір біз күнделікті өмірде пайдаланылатын тағамдардың құрамында кездеседі. Бірақ бұл туралы көпшілігіміз білмеуіміз мүмкін. Мысалы бауырдың құрамында 19 мг темір болса, какаода 12,5 мг, жұмыртқаның сарысында 7,2 мг, жүректе 6,2 мг және де қара нанда 4,7 мг, шабдалы мен миндаль жаңғақтарында және ет өнімдерінде 3,8 мг-ға дейін темір кездесіп отырады екен. Одан басқа құс еттерінде, ірімшікте, қаймақта және құрамында белок бар тағамдарды көп пайдаланған абзал.

produkty-pri-anemii.jpg

– Темір жетіспеушілікті қаназдықта тәуліктік темірдің қажеттілігі адамның жасына байланысты бөлінеді. Яғни көбінесе балаларда 3 жасқа дейін тәуліктік темірдің қажеттілігі 3 мг болса, 3 жастан жоғарыларға 45-60 мг, жасөспірімдерде 120 мг-ға дейінгі тәуліктік қажеттілік болады. Және ересек адамдар мен жастарда темірдің тәуліктік қажеттілігі 5 мг-ды құрайды. Сондықтан темір жетіспеушілікті қаназдықтың немесе В12 қаназдығының, фолий қышқылының жетіспеушілікті қаназдықтың алдын алу үшін құрамында пайдалы өнімдері бар тағамдарды уақытында, қалыпты жағдайда пайдаланып отырсақ, темір жетіспеушіліктің алдын алуға болады. Және де гемоглобин төмендеп кеткен жағдайда дәрігерге барып қаралып, берілген нұсқауларын орындаған дұрыс, – деп санайды дәрігер Балжан Ақылбекова.

Апластикалық қаназдық

Қаназдықтың тағы бір қауіпті – түрі апластикалық қаназдық. Бұл қаназдықтың патологиялық түріне жатады. Оның туа және жүре біткен түрлері болады. Ең көп кездесетін түрлері жүре біткен апластикалық қаназдық адамдарда 80% жағдайда кездеседі.

orig.jpg

– Оның себептері ретінде жедел гепатит, иондаушы радиация, химиялық заттар, бензол және де басқа да органикалық ерітінділер мен препараттарды көп қолдану жатады. Және вирусты инфекциялармен, соның ішінде ретровируспен, гепатитпен, пара вируспен көп ауырған кезде және сүйектің жүйелі сырқатына шалдыққанда пайда болады.Туа пайда болған апластикалық қаназдық адамдарда 20% жағдайда кездеседі. Оны басқаша фанкони қаназдығы немесе Даймонд-Блекфен синдромы, кей кездері отбасылық апластикалық қаназдық деп те атайды. Науқас қаназдықтың бұл түрінен емделу үшін онкогематологтың кеңесін алуы керек. Яғни бағаналы жасаушалардың сүйек кемігінде дұрыс дамымауынан екі немесе одан да көп клеткалардың өсуінен болатын қаназдық түрі эритроциттердің, тромбоциттердің және лейкоциттердің төмендеуімен көрінеді. Тромбоциттер төмендегендіктен теріде петехиялар, қан кетулер болса, лейкоциттердің төмендеуінің салдарынан адам инфекциялық ауруға бейім болғандықтан бұл ауру панцитопениямен көрінеді. Оны дәрігерлер лейкоциттің, тромбоциттер мен эритроциттердің төмендеуінен байқайды, – дейді дәрігер.

(Суретте: Дәрігер -терапевт, реабилитолог Балжан Ақылбекова)

Апластикалық қаназдықтың негізгі себептері әлі күнге дейін белгісіз екен. Ал қауіп-қатер факторлары ретінде химиялық заттарды бензол, мышякты және радиоактивті сәулелендіру мен дәрілік заттарды көп пайдалану осы аурудың пайда болуына әкеледі. Дәрігерлер антибиотиктерді, қабыну мен тырыспаға қарсы препараттарды көп қолданған кезде дамуы мүмкін деген пікір айтады. Және де иммунитеті төмен адамдарда апластикалық қаназдық жиі кездеседі. Бұл ауру мамандардың айтуынша, осы күнге дейін толық зерттелмеген. Сонымен бірге апластикалық қаназдық қауіпті патологиялық ауруға жатады. Оның негізгі белгілері қаназдықпен өте ұқсас.

– Апластикалық қаназдық әлсіздікпен, шаршағыштықпен және де промбоциттердің күрт төмендеуі терідегі өзгерістермен, конъюктивадан, ауыз қуысының қанауымен, көзден қан кетумен көрінеді. Бұл ауруды анықтау үшін біз, ең біріншіден, жалпы қан талдауын жасап аламыз. Және де сүйек кемігін зерттейміз. Науқасты миеллограммаға жібергенде бласты жасушалардың бар немесе жоқ екенін анықтаймыз. Бласт жасушалар анықталған жағдайда бұл ауру қаназдықтың апластикалық түрі екендігі белгілі болады. Емі ретінде трансплантация жүргізіледі. Содан кейін бағаналы клеткаларды ауыстырып, науқасты қажетті препараттармен емдейміз.Тек қана тінді бағаналы жасушаларды ауыстырған кезде оған сол адамға сәйкес келетін донорды табуымыз қажет. Донордың сәйкестігін зерттеу арқылы науқасты әрі қарай емдейміз, – деді дәрігер.

Қаназдықтың біз білмейтін түрлері

Қаназдықтың ең сирек кездесетін және біз білмейтін түрі ол талассемия яғни кули анемия деп аталады. Бұл ауру гемоглобиннің нормадағы құрылымында полипептидті тізбектің синтезінің бұзылуы мен төмендеуі салдарынан дамитын қаназдыққа жатады. Қаназдықтың сирек кездесетін бұл түрі тұқымқуалаушылықтың бұзылуының салдарынан дамиды.

tsentr-krovi-vko-na-tretem-meste-v-strane-po-obemu-zagotovki-krovi-.jpg

Ерекшеліктері гипохромды қаназдық түстік көрсеткіштің төмендеуімен көрінетін эритроциттердің әр түрлі күйге бөленуімен және де эритроцит клеткаларының ішіндегі темірдің қалыпты жағдайда немесе жоғары болуымен байқалады. Және де бұл аурудың бір ерекшелігіадамның қан құрамындағы гемоглобиннің төмендеуімен ғана емес, сыртқы көріністерімен анықталады. Ол дегеніміз адамның бет, жақ және бас сүйегінің құрылымдарының бұзылыстарымен байқалады. Және де бас сүйегі квадратты түрде, мұрын өзгеше формаға өзгеріп, тері түсінің сарғаюымен шырышты қабықшалардың сарғаюымен біліне бастайды. Сонымен қатар бұл жерде бауыр және көк бауыр ұлғаяды. Бұл қаназдықтың түрімен ауыратын науқастар көбінесе инфекциялық аурулармен ауыруға бейім болып келеді. Сонымен қатар баланың немесе ересектердің басының көлемінің басқа күйге өзгеруіне байланысты бала физикалық дұрыс дамымайды және де ой санасы жағынан артта қалып қояды, – дейді Балжан Ақылбекова.

Талассемия көбінесе Батыс Африкада, Оңтүстік Азияда, Солтүстік Африкада және де Әзірбайжан елінде 7-10%-ға дейін кездесіп отырады екен.

Қаназдықтың тағы бір сирек кездесетін түрі – сидеробласты қаназдық. Ол темірге қаныққан эритробласттардың пайда болуымен көрінетін қаназдық түрі. Сидеробластты қаназдық туа және жүре пайда болған деп екі түрге бөлінеді. Оның негізгі себептері ретінде дәрілік препараттарды пайдалану.

anem4.jpg

– Сидеробластты қаназдық көбінесе Х хромосомды иммунды мутациялық ауруға жатады. Бұл ауру темірдің утилизациясының қосылысы салдарынан дамиды. Темірдіңсинтезінің бұзылысы салдарынан сақина тәрізді сидеробласттардың көрінуімен көрінетін қаназдық түрін анықтау үшін қан анализі, перифериялық қан құрамындағы (мазок) жағынды, қан құрамындағы темірді ферритиндіжәне трансфериннің қанығуын анықтау қажет. Негізінен бұл ауру адам ағзасында пайда болған кезде қан құрамындағы темір, ферритин, трансферрин жоғарылайды. Сидеробластты қаназдықтың темір жетіспеушілікті қаназдықтан бір ерекшелігі бұл кезде миеллограммада бластты клеткалардың жоғарылауымен көрінеді. Мұны емдеу үшін онкогематологқа қаралуымыз керек, – деді дәрігер маман.

Дәрігердің айтуынша, тұқым қуалайтын қаназдықтың және де қатерлі қаназдықтың белгілері этиотропты терапия көрсеткіші ретінде жүргізсе де 80% жағдайда өмір сүру ұзақтығы екі жыл мерзімді қамтиды екен. Бұл аурумен ауыратын науқастардың өмір сүру ұзақтығының аз болу себептері олар инфекциялық ауруға бейім, бактериялдық, инфекциялардан өкпесіне тез жұқтырып тыныс алу жеткіліксіздігі өлім себебіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан олардың болжамы өте қауіпті.

– Қаназдықпен бүгінде бүкіл жер шарындағы 30% адамдар ауырады. Соның ішінде әйелдер және балалар 40-50%-ды құрайды. Жалпы қаназдықты тудырушы себептерге 27,5%созылмалы аурулар, 29% темір жетіспеушілікті қаназдық және 17,5% гемолиз бұзылыстары салдарынан болған қаназдық, 17,5% қан кету салдарынан болған қаназдық болса, ең қатерлі бластты қаназдық 9%-ды құрайды. Темір пайдалануды жоғалтудың жоғарығы себептері ретінде жасөспірімдік шақта жүктілік және лактация кезінде 700-800 мг темірді әйел жоғалтса, баланы емізу кезінде күніне 0,5 мг-дан 1 мг-ға дейін темір жоғалтып отырады. Әйел кісілер мен қыз балаларда темір етеккір кезінде қан кетумен жоғалып отыратын болса, ол клиналық хлорозға алып келеді, – деді Балжан Ақылбекова.

   Қаназдық (анемия) белгілері

Қаназдықтың белгілеріне жалпы әлсіздік, тәбет төмендеуі, шаш түсуі, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі), ентігу және бас айналуы жатады. Сонымен бірге депрессия, көз көруінің нашарлауы (көз алдына шіркей көрінуі), шаршағыштық, геофагия мен ауыздан жағымсыз иіс шығуы, дисфагия-жұтыну кезіндегі бұзылыстар жатады. Егер атрофиялық глоссит (тіл зақымдануы), бас ауруы, құлақ шуылдауы, тері жабындысының бозғылттығы мен койлонихия мен жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі де қаназдықтың негізгі белгілеріне жатады. Сол себептен де мамандар темір қорын жақсарту үшін құрамында темір бар тағамдарды көбірек пайдалануды ұсынады.

f8fb725272171b06493a1a42f76584be-resize_crop_1Xquality_100Xallow_enlarge_0Xw_1200Xh_630.jpg

Жалпы ағзада 2,5-4,5г темір қоры болады. Сондықтан адам ағзасындағы темір қорын толтырып отыру қажет.

– Әйел адамдар ер адамдарға қарағанда темірді көбірек қажет етеді. Себебі ай сайын етеккірмен қан жоғалтып отырады. Орта есеппен әйел адам күн сайын 15 мг темір қорын алуы қажет. Ал жүктілік және бала емізу кезінде 20мг-ға дейін темір қорын алуы қажет. Адам ағзасында созылмалы темір жеткіліксіздігі салдарынан оттегін тасымалдайтын гемоглобин азаяды да темір жеткіліксіздігінен дамитын қаназдық дамиды. Жаңғақ, қарақұмық, шпинат, мейіз, бауыр, томат, асқабақ дәні, қара шоколад, қызыл ет, балық, құс еті және картоп құрамында болады, – дейді дәрігер-терапевт Балжан Ақылбекова.

Сонымен бірге темір қоры жұмыртқа, сүт өнімдері, балық, скумбрия, креветка, сыр және қой етінің құрамында кездеседі. Ересек адамның ағзасына орта есеппен күніне 3мкг В12 дәрумені түсіп отыруы қажет.

Know-the-risks-and-be-healthy.jpg

–Темір жеткіліксіздігінен дамитын қаназдық микроцитарлы, гипохромды анемия (түстік көрсеткіш 0,85 тен төмен) деп аталады. Сонымен бірге В12 дәрумені жеткіліксіздігінен дамитын қаназдық-гиперхромды анемия (түстік көрсеткіш 1,05-тен жоғары) болса, В12 дәрумені суда еритін дәрумен. Ол қалыпты қан түзуіне, тіндердің өсуіне, бауырдағы май алмасуына қатысады, – дейді дәрігер маман.

Фолий қышқылы жеткіліксіздігінен дамитын қаназдық – В9 дәруменінің жеткіліксіздігінен дамитын қаназдық болып табалады. Фолий қышқылының тәуліктік қажеттілігі 0,1 - 0,15мг-ды құрайды. Ал жүкті және бала емізетін әйелдерде 0,5мг қажеттілік болып саналады екен. Фолий қышқылы әйел адамды жүктілік кезінде түсік тастаудан қорғайды. Жалпы иммунитетке де әсері өте зор. Фолий қышқылы жасыл жапырақты көкөністер, цитрус өнімдері, бауыр, сәбіз, бұршақ, жасымық, қауын, жаңғақ және өріктің құрамында кездеседі.

3-samykh-rasprostranennykh-prichiny-zhelezodefitsitnoj-anemii-ik1506973541.jpeg

Ал тамақтану бұзылысынан, темір жеткіліксіздігінен пайда болған қаназдық және В12 дәруменінің және фолий қышқылы жеткіліксіздігінен қаназдық пайда болады.

Фермент бұзылысына байланысты қаназдық түріне талассемия, орақ жасушалы қаназдық және басқа да гемолитикалық қаназдық жатады. Гемоглобин және темір алмасуы бұзылысына байланысты талассемия және сидеробласты қаназдық пайда болса, ДНК синтезі бұзылысынан пернициозды және фолий жеткіліксіздігі қаназдығы пайда болады. Сонымен бірге эритроцит морфологиясына байланысты қаназдықта нормоцитарлы (эритроцит көлемі 80-98мкм3), микроцитарлы (эритроцит көлемі-80мкм3) төмен болса, макроцитарлы (эритроцит көлемі 98мкм3) жоғары болады. Ал гемопоэз жағдайына байланысты қаназдықтың гиперрегенераторлы және гипорегенераторлы түрлері кездеседі, – дейді дәрігер.

   Қаназдықтың белгілері және оны емдеу

Темір жеткіліксіздігінен дамитын қаназдықтың клиникалық көрсеткіштеріне яғни қаназдық белгілеріне әлсіздік, бас айналу, естен тану, ентігу мен жүрек соғысының жиілеуі жатады.

28-720x577.jpg


– Темір жеткіліксіздігінен дамитын қаназдықтың сидеропениялық белгілері – тері жабындысының құрғауы, шаштың және тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі, ангулярлы стоматит, койлонихия (тырнақтың басылуы), дәм сезу бұзылысы (бор жеуге әуестік), иіс сезу бұзылысы (керосин, бензин иісіне құмарлық) және бұлшықет ауырсынуы, жұтыну бұзылысы мен тәбет төмендеуі жатады. Қан сарысуындағы темір деңгейін анықтау – ер адамда 8,8-28,6мкм/л,әйел адамда – 7,2-26,8мкм/л құрайды. Түстік көрсеткіш деңгейін анықтау (0,85-1.05) 0,85-тен төмен болады. Және де эритроцит көлемі азайып, микроцитоз дамиды. Ферритин деңгейін анықтау (ер адамда 40-300н/г, әйел адамда 20-150н/г, 20н/г төмен болады. Ал қан сарысуындағы темірдің байланысу қабілеттілігін анықтау және трансферрин мен темірдің қанығу пайызын анықтау (25-40%) кездеседі, – деді Балжан Ақылбекова.

prirodne-zdroje-b17.jpg

Ал В12 дәрумені жеткіліксіздігінен дамитын қаназдықтың клиникалық көріністеріне анемиялық синдром – әлсіздік, шаршағыштық, тәбет төмендеуі, тері жабындысының бозғылт болуы мен бас ауруы жатады.

В12 дәрумені жеткіліксіздігінен дамитын қаназдықтың неврологиялық синдромына тітіркенгіштік, мазасыздық, ұйқы бұзылысы, рефлекс төмендеуі және клоникалық тырыспалар жатады. Және де глоссит – тіл емізікшесінің атрофияға ұшырауы, гюнтер глосситі, тілдің таңқурай түстес болуы мен стоматит жатады. Диспепсиялық бұзылыстары жүрек айну, құсу, іштің қатуы және эритроциттердің көкбауырда ыдырауы жоғарылауынан көкбауырдың ұлғаюы мен тура емес билирубин жоғарылауынан көрінеді. Ол кезде түстік көрсеткіш жоғарылайды (1,05-тен жоғары). Ал эритроцит көлемі ұлғаяды. Эритроцитте Кебот сақинасы, Жолли денешіктерінің болуы, лейкоцит пен тромбоцит төмендеуіне әкеліп соғады, – деп ескертеді дәрігер-терапевт.

Фолий қышқылы жеткіліксіздігінен дамитын қаназдықта клиникалық көрсеткіші В12 дәрумені жеткіліксіздігіне ұқсас. Тек ғана бұл қаназдықта глоссит, ахилия болмайды. Бірақ есесіне адамның жүйке жүйесінің психикалық бұзылыстармен көрінеді.

BG2.jpg

– Фолий қышқылы жеткіліксіздігінен дамитын қаназдықта түстік көрсеткіш жоғарылайды. Ол дегеніміз 1,05-тен жоғары немесе қалыпты нормохромды болады. Және де эритроцит көлемі жоғарылап, гранулоцит және тромбоцит қалыпты жағдайда болады. Ал фолий қышқылы деңгейін анықтау (100-450нг/л) төмен болады. Емі үшін 5-10мг тәулігіне пайдаланылуы қажет, – деді дәрігер.

Сондықтан да оқырман қауымға айтарымыз қаназдық ауруына бей-жай қарамай, дұрыс тамақтанып, адам ағзасына пайдалы, құрамында дәрумендері бар тағамдарды қолдануға кеңес береміз. Адам ағзасының қалыпты жағдайын сақтап тұру үшін салауатты өмір салтын ұстанып, көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек пайдаланып, деніміздің сау болуына аса назар аударайық!

Назар аударыңыз! Бұл материалдағы мәліметтер тек қана ақпараттық танымдық мақсатты көздейді. Мұнда айтылғандар кәсіби дәрігер-маманның консультациясын алмастыра алмайды. Ол диагностика немесе емдеу емес. Өзін-өзін емдеу денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Аурудың алғашқы белгілері көріне бастағаннан дәрігерге көрінуіңізді сұранамыз!

Бөлісу:
(Суреттер: дәрігер-терапевт Балжан Ақылбекованың жеке мұрағатынан және yandex.kz сайтынан алынды) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға