Жаңалықтар

Стрит-фуд: қозғалыс пен уақыт

Көше тағамдарының пайдасы мен зияны
Стрит-фуд: қозғалыс пен уақыт
03.09.2019 17:36 6149

Көшеде сатылатын түрлі тағамдарды тек туристер емес, жергілікті тұрғындар да жиі пайдаланады. Оның бағасы да дәмхана, кафелерге қарағанда анағұрлым арзан. Ал сапасы ше? Стрит-фудтың денсаулыққа тигізер әсері қандай? Зияны туралы қаншалықты білеміз?  

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қоғамдық денсаулық қызметінің негізгі функцияларының бірі ретінде дұрыс тамақтанбаудың зиянды әсерінің профилактикасы жөнінде айтылады. Көпшілік көше асы дұрыс тамақтанбаудың алғышарты деген пікірді ұстанады. Ал мамандар не дейді?

«Street food»-тың тарихы тым тереңде жатыр. Оны көне заманда тек кедей-кепшіктер талғажау еткен. Мәселен, Ежелгі Римде үйінде тамақ әзірлейтін пеші болмаған жандар, көшеде сатылатын нан, бидай ботқасы мен бір шыны шайды қанағат тұтады екен. Бірнеше ғасырларды артқа тастаған стрит-фудтың бүгінгі боямасы басқаша. Ол тек жағдайы төмендер мен мүскіндердің ғана емес, сырттан келер туристердің де сүйікті асына айналған. Тіпті, жергілікті тұрғындардың өзі көшеде сатылатын иісі мұрынды жарар бәліштер мен не түрлі фастфудтарға жүгіреді емес пе? Қазір әлемде күн сайын 2,5 миллиард адам көше тағамдарын сатып алады екен. Заманауи қалалардағы өмір ырғағының басқаша қағидалары адамдарды еріксіз бағындырып алғаны рас. Уақыт – ақша. Бәріміз бір жақа асығамыз. Кейде тамақтануға мүмкіндігіміз болмайды. Сондықтан да стрит-фуд көптің сүйікті асына айналған, ол – жылдам, тойымды, арзан әрі өте дәмді.

Дұрыс тамақтану жөніндегі мамандар не дейді?

Бәрі гигиенаға барып тіреледі. Тамақтанудың алдында қолымызды тазарту керегін бала кезден санамызға сіңіріп өстік емес пе? Ал дәмхананың далада тұратын үстеліне жайғасар кезде, оның тазалығына мән берген абзал. Айтпақшы, тұрып тамақ жеу зиян ғана емес, өте қауіпті! Жүріп бара жатқан адам асты дұрыс шайнай алмайды, соның кесірінен шашалып, жегеніміз желкемізден шығатын кездер де болады. Расымен де?! Жалпы, көшеде ұнды және тәтті тағамдар көп сатылады. Егер сіз бір рет көшеден тамақтансаңыз, келер аса қауіп жоқ, ал күнделікті пайдалану организмге ауыр тиеді.

Стрит-фудтардың барлығының сапасы талапқа сай келе ме?

Экономикалық тұрғыдан алып қарасақ, бұл маусымдық пайдаға кенелтер кәсіп түрі. Жаз мезгілінде квас пен балмұздақтардың сатылымы жүрсе, аязды күндері ыстық бәліш, тоқаш, шай мен кофеге жүгіретіндер жетерлік.

Гүлдана Сайлаyбекова, диетолог-дәрігер:

– Көше тамақтарын қауіпсіз деп санағандар болса, инфекциялық ауруханаға бас сұғып көрсін. Науқастарды қабылдап, олардан қан мен нәжістен анализ алғанда паразиттерді кездестіреміз. Зиянды организмдер ыңғайлы сәтті күтіп жүріп, иммунды жүйе әлсіреген бойда, бірден соққы жұмсайды.

 Қайдан қауіп келеді?

 Жұқтырудың негізгі  себептері қандай?

 Қандай дертке тап  болуымыз мүмкін?

 Тазалыққа байланысты

 Антисанитария

 Ішек таяқшасын жұқтыру, сальмонеллаз және алтын түстес стафилококк

 

 Тамақтардың дұрыс сақталмауы

 Ішек таяқшасын таратушы шыбын, кеміргіштер және сальмонеллаз, шигеллез

 Шикі тағамдар

Су

 Ішек таяқшасы, нәжісті стрептококк, сальмоенллаз бен тырысқақ вибрионы болуы мүмкін

 

 Жеміс-жидек, көкөніс пен дәмдеуіштер

 Спор түзуші бактериялар (клостридий, таяқшалы бактериялар) мен листериоз патогені, сальмонеллаз және т.б болуы мүмкін

 Ыдыс-аяқтар мен асхана заттары

 Химия

Ыдыс-аяқ жууға арналған  сұйықтық улағыш болуы ықтимал

 

 Микробтар

 Тамақтадағы алтын түстес стафилококктың, ішек таяқшасы ның болуы, су мен аспаз киімі арқылы инфекцияның келуі мүмкін  

 Сақтау мен тамақтарды қыздыру

 Сақтау температурасының дұрыс болмауы

 Жоғары температураға шыдас беруші клостридий мен бацилласы бар улағыштардың пайда болуы

 Сатушы мен аспаз

 Жеке бастың гигиенасы

 Олардан стафилококк, сальмонеллез бен шигеллез берілуі мүмкін

Сонымен, стрит-фуд жеуге болмай ма?

Әрине, бұл барлық көше тамақтарынан бас тарту керек деген сөз емес. Диетолог дәрігерлер дәмді пісірілген нандарды жеу аса қатты қауіпті емес деген пікірде. Алайда, оны жиі пайдалану ағзамызға ұнай қоймайтыны рас. Мамандар көшеде ет жегіңіз келсе, грильді таңдауға кеңес береді. Тек «қақтамаңыз» жақсы піскен болуы керек. Вlue мен medium rare-ды тізімнен сызып тастаймыз. Ал стейкті well done мен overcooked-ке дейін пісіруді сұрау қажет. Микробтардың көзін жою үшін алғалы отырған тағамымыз толықтай  70°С-тан өтуі керек. Сонымен қатар, қауіп сирек келетін көшедегі тағамның түрлеріне – пісірілген жүгері, жаңғақтар мен көз алдыңызда турап беретін қарапайым салаттарды жатқызуға болады.  

Сатып алмауға кеңес беріледі:

- сүт коктейль;

- нақты бір зауыттың таңбасы жоқ балмұздақ;

- ертерек дайындалған салаттар (әсіресе майонезбен);

- жұмыртқа, сүт тағамдары мен шұжық қосылған тамақтар;

- суши мен ролл.

Сол сияқты асқазан мен ішегі ауыратындар, ферментопатия және созылмалы панкреатиті барлар көше тағамдарынан бас тартқандары абзал. Онкологиялық немесе аутоиммунды дерттерге шалдыққандарға да стрит-фудпен асқазанды алдаудың қажеті жоқ. Егер бургер не балмұздақ жеп, өзіңізді нашар сезінсеңіз аш ішектегі зиянды нәрселерді, микроағзаларды шығаратын «полисорбты» пайдаланыңыз.  Ол жағымсыз симптомдар кезінде алғашқы көмек көрсетеді.

Құйылмалы сусындар ше?

Егер сатушы жеміс-жидекті көз алдыңызда кесіп, сол жерде блендерге тастаса, қауіп келе қоймайды. Алғалы жатқан сусыныңыз тек бірлі-екілі ингредиенттен тұрса, оған қалдықтарды емес, жемісті толықтай пайдаланады деген сөз.  Диетолог мамандар құйылмалы квастың қаупсіздігі бойынша мардымды ештеңе айта алмайды. Кешке, түнде және таңертеңгілік оны сатып алуға болмайды. Бөшке тәулік бойы күннің астында тұрып, патогенді флораның көбеюіне түрткі болады. Ал таңғы 8:00-де сізге кеше қалған квасты ұстатып жібермейтініне кім кепіл. Квас сатып алар кезде оның сапасына жауап беретін сертификаты болғанына мән беріңіз.  

Ал мұз қосылған шырын не басқа да сусындарды сатып алу өте қауіпті. Мұзды лас судан дайындайтын жағдайлар көптеп кездеседі, ол бірнеше бактериялардың ішіңізге енуіне жол ашып жүрмесін.

Көкөніс пен жеміс-жидекті қалай тазарту керек?

Егер көкөністерді бір шарада жуғанын, толық сумен шаймай, пышақпен тазартып жатқанын көрсеңіз немесе  ертеректе тазартып қойғанын айтса, ол жерден ештеңе алмаңыз. Тамақ инфекцияларына  тап болу қаупі мұндай жағдаяттарда жиі кездеседі. Ең қауіптісі – лас көкөніс пен жемістерді механикалық тазарту. Жалпы, ингредиенттерді қалай сақтаған дұрыс? Сатушылар әртүрлі амал-айларды қолдануға мәжбүр. Мәселен, еліміздің оңтүстік аймағында болатын 40 градусты ыстықтарда шикі етті мұзды пакеттерде сақтағанын көрген едік. Бірақ, бұл тәсіл санитарлы-эпидемиологиялық ережеге сәйкес келмейді. Ыстық күндері еттің тез бұзылатыны белгілі. Ал мұз толыққанды салқындықпен қамтамасыз етуге қауқарсыз. Сол себепті, көптеген Азия елінде қызыл бұрышты пайдалану дәстүрге айналып кеткелі қашан.  Ащы – асқазандағы тұз қышқылын арттырады. Ол патогенді флораның дамуына кедергі келтіреді. Мұндай тәсіл балық өнімдеріне де қолданылып жүр. Сол сияқты сушиді васабимен қосып беру де тегіннен тегін емес.  Тез бұзылатын тағамдар тек тоңазтқышта сақталуы керек.

Айтпақшы, аспаз қалай киіну керек? Көбінесе стрит-фуд сатушыларының қолынан қолғапты, алдынан алжапшқышты байқай бермейміз. Ал бұл аталғандар міндетті түрде болуы керек. Алжапқыштағы дақ пен кірдің болуы – ол жерден тамақ сатып алмаудың алғашқы себебі.

Әрине, тамақтың қандайда жағдайда дайындалуын білгеннің зияны жоқ. Оларда таңбаламасы мен тоңазтқышы, қызметкерлерінің медкітапшасына бар ма екен? Қазір стрит-кафелердің терезелерінен аспаздың тағамды қалай әзірлеп жатқанын байқауға болады. Бұл келушілердің санының артуына өзіндік септігін тиетіні белгілі.  

Сол сияқты стрит-фудта бір рет пайдаланатын ыдыстарды қолдану әдетке айналған. Ол  да жақсы. Ал егер бірреттік ыдыс болмаса ше?

Суық тамақтар мен сусындар үшін палистиролдан жасалған ыдыстарды пайдаланған жөн, ал ыстығына полипропиоленнен (оны 120-140°С-қа дейін жылыта берсе болады, сол сияқты қысқатолқынды пешке де жарай береді) әзірленгендерді қолдану керек. Ал поливинилхлорид пен меламиннен дайындалған бір реттік ыдыстарды қолданыстан алып тастаған дұрыс.

Стрит-фудтарды шыжғырылып тұрған майда көп әзірлейді. Жалпы, ашық отта піскен және қайнатылған тамақтар алған дұрыс. Ал шыжғырылған май канцероген мен түрленген майлылығымен қауіп тудырады.

Супермаркетте бұрын жұмыс істеп кеткен Е.есімді жігіт алғашқы апталары өтпей қалған тауық еті мен еттерді келесі аптада дәмдеуіштерді аямай малып, гриль дайындайтын нүктелерге сататындығын айтады.  Ұзағырақ сақталған азық-түлікте патогенді флораның көбеюі мүмкін.

Дайын тамаққа шыбындардың қонуы тым қауіпті

Сол себепті, тағамдарды тағамдық қабықшалармен қаптау керек. Шыбындар көп өмірін зиянды бактериалды ортада өткізетіндіктен, түрлі ауру таратады. Олардың аяқтарында жыланқұрттардың жұмыртқалары жабысып жүрген де болар. Ал ол өз кезегінде ішек инфекцияларын - сальмонеллез, тырысқақ, жұқпалы іш ауру, сүзек пен туберкулезді тудырады.  

Сонымен қатар, шыбын тағамдарға өз жұмыртқасын да тастайды. Олар біршама уақыттан соң дернәсілдерге айналып шыға келеді. Ол иммунитеті төмен немесе асқазаны ауыратын адамдардың организмінде түрлі қауіпті дерттердің пайда болуына сеп болады.  

Егер стрит-фудтан соң, өзіңізді нашар сезінсеңіз не істеу керек?

Бір-екі сағат бұрын жеген тағамнан соң, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, асқазанды жуу керек. Міндетті түрде, адсорбенттерді ішкен дұрыс. Жоғарыда айтып кеткен «полисорбтың» пайдасы зор. Препарат организмнен газды, токсиндерді, микробтарды, аллергендерді, радиобелсенді изотоптарды және ауыр металлдардың тұзын шығарады. Ал кішкентай балаңыз өзін жайсыз сезінсе, дәрігерге жүгіріңіз.

Сонымен, көшеде тамақтануға бола ма? Әрине, бастысы денсаулыққа қауіпсіз стрит-фудты таба білу керек.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға