Жаңалықтар

Шайдың зияны туралы 6 тұжырым

Шай туралы ғалымдар не дейді?
Шайдың зияны туралы 6 тұжырым
16.01.2018 14:35 16158

Сарайыңды ашатын, шаршағанды басатын бұл сусынның қазақтар үшін маңызы зор. "Шайға шақыру", "шай үстінде", "келін шай" деген сияқты сөз тіркестерінен-ақ оның біздің өміріміздегі алатын орнын түсінесіздер.  Десек те, ыстық сусынның біршама зияны бар дейді ғалымдар.

Ыстық шай мұрыннан қан кетуге себепкер

Британдық отоларинголог, әрі пластикалық хирург Генри Шарп ыстық шайді ішу жұтқыншаққа кері әсерін тигізетінін айтады. Ал кеседен шыққан ыстық бу мұрыннан қан кетуге себепкер болуы әбден мүмкін.

Тіпті, ыстық шайдің өңеш обырын тудыруы мүмкін деген кей деректер кездеседі, бірақ ол әлі нақтыланған жоқ. Ыстық сусынның қолайлы температурасы  50–60 °С. Қайнаған суды 5-7 минутқа қоя тұрып, ішкеніңіз дұрыс болады.

Қою шай тіс пен сүйекке зиян

The New England Journal of Medicine бірнеше емделушінің шайге қатысты оқиғаларын жариялапты. Онда 47 жастағы әйел күніне 100 қалта шай қолданып, тым қою ішкенді ұнатады екен. Ол 17 жыл бойында осылай күрең ыстық сусынды пайдаланып, ақыры барлық тістерінен айырылып қалған, сондай-ақ сүйектері де тым әлсізденіп сынғыш болып кеткен. Осылайша флюороза симптомына шалдыққан. Ол сүйекте қою шайді көп ішкеннен фтордың көбеюіне әкеледі.

Диетологтар шайды күніне 4-5 шыныаяқтан аспайтын мөлшерде ғана ішуге кеңес береді.

Шайдың құрамында ауыр металдар бар

Канадалық Journal of Toxicology журналы мынандай қызықты зерттеуді көпшіліктің назарына ұсынды. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен шай қалташаларын жинап, зерттеген. Белгілі болғандай шайдың құрамында қорғасын, алюминий, мырыш, кадмийдің аз мөлшері кездескен. Бұл металдар шайдың құрамына топырақ арқылы түскен болуы мүмкін. Кей шай алқаптары зауыт-фабрикалардың, электр станцияларының жанында болғандықтан, олардың құрамы да өзгеріске ұшыраған.

Сондай-ақ, шайдың қайнаған суда қанша уақыт тұрғанына да тікелей байланысты. Ғалымдардың айтуынша, шай қалтасын суда 3 минуттан артық ұстамау керек. Сондай-ақ, зерттеушілер ақ шайды қолданған дұрыс деп есептейді. Оның жапырақтарын жас кезінде жұлатындықтан, құрамына ауыр заттар сіңіп үлгермейді.

Шай бауырға зиянды

Шөптік шай кей гүлді өсімдіктер бөлетін алкалоид – токсиндерді бойына жинайды. Бұл токсиндердердің жалпы организмге, оның ішінде бауырға аса зиянды. 2015 жылы  Food Chemistry американдық журналы 44 бала мен аяғы ауыр келіншектерге арналған шөптік шайдің құрамын зерттеп шықты. Олардың 86%-де алкалоидтар кездескен.

Негізінде токсиндердің ересек адамдарға айтарлықтай зияны жоқ, десек те, кішкентай нәрестелерге, бала емізетін әйелдерге әсері болады (сүт арқылы балаға өтеді).

Тамақтан соң шай ішу темірді азайтуы мүмкін

Калифорния университетінің жүргізген зерттеуі тамақтың артынан ішкен шай темірдің организмге сіңуіне кері әсер ететіндігін дәлелдеді. Бұл темірдің азайып, шашыңыздың түсіп, теріңіздің құрғауына, темірдің анемиясына соқтырады. Сондықтан, дәрігерлер тамақтан соң шайды ең кем дегенде 20 минуттан соң ішкен жөн.

Шай ұйқыны қашырады

Бұған кінәлі кофеин мен хош иістендіргіш заттар. Сусындардың сергітетін әсері бар, қан айналымын жиілетіп, бүйрекүсті бездері адреналин бөліп, орталық жүйке жүйесі мен орталық ми қоза түседі. Таңертеңгілік немесе күндізгі уақытта шай ішу өте керек-ақ, тек кешкі уақытта емес. Ұйықтар алдында қатты шай ішкіңіз келсе, шөп қосылмаған сусын мен көк шай ішіңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға