Жаңалықтар

Дәурен Нұрәлиев: Валидатор істемей қалса, жолаушы жол ақысын қолма-қол төлеуге міндетті емес

Электронды төлем жүйесі
Дәурен Нұрәлиев: Валидатор істемей қалса, жолаушы жол ақысын қолма-қол төлеуге міндетті емес
06.08.2018 16:36 8439

Соңғы біренеше жылда әлемнің дамыған елдерінде жол ақысын арнайы карта арқылы төлеу тенденциясы байқалып отыр. Көптеген елдер әлдеқашан өз таңдауларын жасап, цифрлық технологияға көшіп алды. Бұл да адамзат капиталының бір белгісі болса керек. Қазақстан да осы бағытта сенім қадам жасап, цифрлы технологияның жетістіктеріне біртіндеп бетбұруда.

21 шілдеден бастап Астана қаласының қоғамдық көліктерінде дифференциялық тариф енгізілді. Жаңа жүйе іске қосылған күннен бастап, қала ішінде қатынайтын маршруттарда жолаушы жол ақысын қолма-қол төлейтін болса 180 теңге, экпресс маршруттарда – 250 теңге, қала маңына қатынайтын маршруттарда 1 километрге 11,5 теңге төлейтін болды. Ал, Astra Plat картасын пайдаланушылар қала ішінде қатынағаны үшін 90 теңге, экпресс автобусқа 180 теңге төлейтін жүйеге көшті. «Astra LRT» төлем жүйесі департаменті директоры Дәурен Нұралиевтің сөзіне сенсек, тың жүйе Астана тұрғындарының толықтай транспорт картасына көшуі үшін жасалып отыр.

Электронды төлемнің артықшылығы

Астана қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесінің іске қосылуы үш кезеңнен тұрды. Пилоттық жоба 2016 жылы қараша айында алдымен экспресс автобустарға енгізілді. «Astra LRT» ЖШС мамандарының пікірінше, жаңа жүйе жолаушылар ағымының нақты санын білуге әрі маршруттарды дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Ең бастысы жол ақысынан түсетін қаржының әділ көрсеткішін білуге ыңғайлы.

«Кондукторлар мен жүргізушілер күніге жол ақысынан түскен қаражатты қымқырып қалып, кешкі кезек ауысымында басшыларға толықтай өткізбеген жағдайлар көп болған. Ал, электронды төлем жүйесі барлық жолаушылардың төлемін бақылап, нақты сандық көрсеткіш алуға мүмкіндік береді, жүйені алдау мүмкін емес. Жолаушы картасын валидаторға тигізген сәтте жүйе қандай автобуста, қанша жолақысы төленгені туралы ақпарды тіркеп отырады. Осы ақпараттың негізінде біз тасымалдаушы компанияларға қаражатты бөлеміз. Тың жүйе арқылы біз кімдер қоғамдық көліктің қызметіне жүгінетінін біліп қана қоймай, жолаушының портретін жасап, көбінесе қандай маршрутқа мінетінін анықтай аламыз. Ондай ақпарат маршруттарды дұрыс жоспарлауға, әрі автобустардың жиілігін бақылауға, олқылықтардың орынын толтыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса электронды жүйе бізге анализ жасап, уақытылы жоспар құруға жағдай жасайды»,- дейді «Astra LRT» төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұралиев.

Astra Plat картасын пайдаланушылар 1 сағаттың ішінде келесі автобусқа ауысатын болса, 1 рет тегін жол жүру мүмкіндігіне ие.

Картаны қайдан сатып алуға және картаның балансын қайдан толықтыруға болады?

Астана қаласы бойынша алты мамандандандырылған касса жұмыс істесе, 51 сауда нүктелерінде 30 RTVM-терминал орнатылған. Жолаушылар осы нүктелерден карта сатып алып, әрі баланстарын толықтыра алады. Бұған қоса жолаушылар үшін ыңғайлы болу үшін автобустағы кеңесші кондукторлар да 400 теңгелік астра картаны қолма-қол сатады.

«Astra LRT» ЖШС мамандарының айтуынша, жолаушы жол ақысын төлеуге арналған картасын толықтыру барысында, ішіндегі қаражатын тексере алады. Сондай-ақ автобустардағы валидаторлардың көмегімен балансты тексеруге мүмкіндік қарастырылған. Валидатордың оң жағындағы төменгі бұрышында (information) деген батырма бар, соны басса жеткілікті картадағы балансты білуге болады. Жүргіншілер үшін қолайлы болу үшін 20 шілдеден бастап kaspi.kz. интернет-банкинг жүйесі арқылы төлем жасау мүмкіндігі енгізілді. Алдағы уақытта transcard.kz. сайты арқылы онлайн төлем жасау жүйесі іске қосылмақ.

Енді кондукторлар болмай ма?

Әзірге жолаушыларға кеңес беріп, дұрыс бағыт көрсету үшін кондукторлар бастапқы кезеңде автобустарда жұмыс істейді.

«Әлі де астра карта пайдаланбай жүрген жолаушыларды бақылау үшін, олардан жол ақысын талап ету үшін транспорттарда бақылау жүргізетін инспекторлар жұмыс істейді. Валидация жасамаған немесе қолма-қол әдіспен жол ақысын төлемеген жолаушылар ұсталатын болса 2 МРП көлемінде айыппұл салу қарастырылған»,- дейді Дәурен Нұралиев.

Валидатор істемей тұрса қайтпек керек?

«Astra LRT» мамандарының айтуынша, қазір барлық автобустарға валидаторлар орнатылған. Десе де техниканың аты техника, кейде сыр беретін тұстар да жоқ емес. Егер жолаушы мінген автобустағы валидатор белгісіз бір сетептермен істемей тұрса, тегін жүруге хақылы. Кондуктордың ол адамнан қолма-қол жол ақысын талап етуге құқығы жоқ. Қандай да бір мәселе туындап, сұрақтар болатын болса 574-777 нөміріне қоңырау шалып, байланыс-орталығындағы мамандардан кеңес алуға болады.

Егер төлем картасын жоғалтып алса не істеу керек?

Төлем картасының үш түрі бар: атаулы немесе атаусыз. Атаулыға жеңілдігі бар карталар жатады. Бұл карталарды 6 түрлі жеңілдік бойынша мүмкіндігі бар азаматтар пайдаланады. Ал, атаусыз карталарда арнайы нөмірлері бар, яғни белгілі бір адамның атына тіркелген карталар. Сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған арнайы карталар бар. Жоғалтып алған жағдайда мамандандырылған орталық кассаға барып, өтініш жазуға болады. Бұған қоса картаны уақытша бұғаттатуға мүмкіншілігіңіз бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға