Жаңалықтар

Ат сыны

Атбегі, сыншы Жолдыбай Кенжеғұловтың ат сынауы
Ат сыны
31.10.2018 12:13 8878

Атсейіс, атбегі сөзі кейінгі жастарға түсініксіз болуы мүмкін. Бұрындары  қазақ болса болды, барлығы атқа міне алатындай көрінетін. Қазір, қалаларда жылқыны тек цирк пен зоопарктен ғана көретін буын өсіп келе жатыр. 

Дегенмен, ауылдық жерлерде жылқы өсіріп, ат жаратып, оны бәйгеге қосып қызықтайтындар аз емес. Жүйрік ат қандай болуы керек? Оны мың жылқының ішінен қалай танимыз? Аттың тұяғы қандай болуы керек? Жылқының қанаты дегеніміз не? Өрге шабатын аттың белгісі қандай? 

Біздің сайтта жылқы жайлы, жүйрік ат жайлы мақалалар көптеп жариялануда. Оның себебі де бар. Байқап қарасақ біз жылқыны ұмытты деп есептейтін жастарымыз жылқы жайлы білгісі келіп, интернет бетін ақтарады екен. Бұл әрине, бізді қуантады. Себебі, түп тамырын іздеу, рухани жаңғырудың бастауы деп білеміз. 

Қазақта Толыбай сыншы, Күреңбай сыншы дегендей мықты сыншылардың болғанын білеміз. Бүгінде арқа өңірінде Жолдыбай Кенжеғұловты білмейтін жан жоқ шығар.  Аламан бәйгеден бірнеше үш аяқты мотоцикл, бірнеше көлік ұтқан Жолдыбай Кенжеғұловтың айтар ақылын, алдыға қояр уәжін өз аузынан тыңдау бір ғанибет.  Біз көкейіміздегі жылқы жайлы сан сауалдарды Жөкеңнің өзіне қойған болатынбыз. Жолдыбай ақсақалдың бұл тұрғыда бізге айтар ақылы мынадай. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға