Жаңалықтар

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: Астанаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі берілуі – Елбасының орасан зор еңбегін мойындау

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: Астанаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі берілуі – Елбасының орасан зор еңбегін мойындау
26.03.2019 05:00 2104

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, Ғылыми-сарапшылық кеңестің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

Астанаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі берілуі – Елбасының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы орасан зор еңбегін мойындап, тану екендігін атап айтқан Жансейіт Түймебаев: «Наурыз айы – жаңа жылды Елордамыз тарихи Нұр-Сұлтан атауымен өзгерумен бастап отыр. Ел бастаған ұлылардың есімін ұлықтау – әлемдік өркениетте ежелден келе жатқан үлес. Ал Қазақстанның сол әлемдік өркениет керуеніне тең құқылы мемлекет ретінде қосылып, көк байрағын желбіреткен, БҰҰ мүше болған және Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған Тұңғыш Президентіміздің атын елдің астанасына бергенімізді Қазақстан халқының Елбасына деген алғысы деп білеміз», – деді жиынның алғы сөзінде.

Сонымен қатар, ол ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі, ҚХА кафедрасының қауымдастығы, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ҚХА журналистер клубы, Медиаторлар кеңесі, Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелері астанаға Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі берілуін қолдайтынын атап өтті.

«Біз астанаға Нұр-Сұлтан атауы берілуін толықтай қолдаймыз. Бұл қадам Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы ерен еңбегін бағалау үшін жасалып отыр. Астананы көшіру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жобасы және бастамасы болып табылады. Елбасы еліміздің тарихының жаңа парағын ашты. Бүгінде астанаға Қазақстанның тұңғыш Президентінің есімін беру – бар әлемге нышанды белгі болмақ. Қазақстанның егеменді демократиялық құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытының өзгермейтіндігі мен сабақтастығы туралы белгі. Саяси көшбасшылықтың және саяси ерік-жігердің арқасында Елбасы халықаралық қатынастардың жоғары адамгершілік стандарттарын құрды. Ол еліміздің бейбітсүйгіш көпвекторлы сыртқы саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық қоғамдастықтың зор құрметі мен алғысына ие болды», – деді ҚХА хатшылығының меңгерушісі.

ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегі Ұлы Дала елінің кейінгі ұрпақтары үшін үлгі болуы тиіс.

Ол заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы оның рөлін, өтпелі кезеңдегі қиындықтарды жеңудегі және жаңа астананы құрудағы еңбегін ерекше атап өтті.

«Бұл – еркіндік пен тәуелсіздік мұраттарына берілген халыққа шексіз қызмет ету үлгісі», – деп айрықша атап өтті Ассамблея басшысының орынбасары.

Жансейіт Түймебаев астананың атауы Тұңғыш Президенттің есіміне өзгерту – біздің азаматтық борышымыз екенін атап өтті, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан атауы киелі қазақ жерінде бірлік, бейбітшілік пен гүлденудің нышаны болып сақталуы үшін барлығын жасауға тиіспіз.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының астананы қайта атау туралы үндеуі оқылды.

Іс-шара барысында қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған ел астанасына арналған кітаптар экспозициясымен танысты.  

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға