Жаңалықтар

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ҮШІН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ҮШІН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНУДА
29.05.2019 15:00 3564

Елордадағы «Көрме» орталығында «Қазақстан республикасында целлюлоза-қағаз өнеркәсібін және қаптама индустриясын дамыту» форумы өтті.

0Z9A9832.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев InterFood Astana 2019 азық-түлік өнеркәсібі бойынша XXI Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысып, шетелдік өндірушілердің өнімімен танысты.

0Z9A9917.jpg

Форум алаңында ҚХА басшысының орынбасары Ассамблеяның маңызды міндеттерінің бірі кәсіпкерлікті дамыту екенін атап өтті.

ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың XXVII сессияда ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының қызметін сапалы жаңа деңгейге көтеру және оның құрамын бизнес-қауымдастықтың жетекші өкілдері мен Қазақстанның қаптаушылар қауымдастығымен бірлесіп күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өтіп жатқанын мәлімдеді.

ҚХА Хатшылығы басшысының айтуынша, соңғы жылдары Кәсіпкерлер қауымдастығы үлкен жұмыс атқаруда, бүгінде ол екі жүзден астам кәсіпорындар мен бизнес-бірлестіктерді біріктіріп, өңірлік өкілдіктер құрды.

0Z9A9898.jpg

«Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында бірыңғай фронт-кеңсе ашылды, ол қауымдастық жұмысының барлық бағыттарын үйлестіріп, кәсіпкерлермен тұрақты түрде кері байланысты қамтамасыз етеді», – деді ҚХА төрағасының орынбасары.

Спикер өз сөзінде атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы бар нәтижелеріне тоқтала келе, Қауымдастықтың «Жастар кәсіпкерлігі – жалпыға ортақ инновация» деп аталатын жас кәсіпкерлер кеңесі ұйымдастырып жатқан жұмыстарын да атап өтті.

«Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласында жаңа формациядағы мамандарды даярлау үшін оқу орталығын және әлеуметтік саладағы жұмысшы мамандықтар орталығын құру, менеджерлерді оқыту жоспарлануда», – деді Жансейіт Түймебаев.

Ол жұмыс түрлі форматта және айтарлықтай өнімді жүргізілетінін, бірақ қарапайым заттардың экономикасы және жұмыс орындарын құру басты бағыт болып қала беретінін атап өтті.

0Z9A9998.jpg

«Шағын және орта бизнес саласы – елдің локомотиві мен әлеуметтік әл-ауқатының драйвері, ал Ассамблеяның Кәсіпкерлер қауымдастығындағы этностардың тарихи отандарынан кәсіпкерлер мен этномәдени бірлестіктердің инвестицияларын тартатын болса, онда ол шағын және орта бизнестің «жинақтаушы күші» болмақ», – деді спикер.

Форум барысында ҚХА Басшысының орынбасары целлюлоза-қағаз өнеркәсібі орман кешенінің жетекші салаларының бірі және экономиканың орман секторын дамытуда айқындаушы орын алатынын атап өтті. Оның әлеуеті орман шаруашылығы және ағаш өңдеу инфрақұрылымының дамымағандығынан, өндірістік қорлардың моральдық және физикалық тозуына алып келеді.

«Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру саласында үш жүзге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Сала экономикасы жылдан жылға өсуде. 2018 жылы өндіріс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда бес пайызға артып, 58 млрд теңгені құрап отыр», – деді Жансейіт Түймебаев. 

0Z9A9811.jpg

Сондай-ақ оның айтуынша, қаптама – тауардың сәні, оның ерекшелігі мен тартымдылығынан тұтынушылардың тауарды сатып алу мүмкіндігі артады.

«Жақсы қаптамалар «5 секундтық жарнамалық роликтің» рөлін атқарады. Осылайша қаптама маркетингтің тиімді құралына айналады, – деп атап өтті ҚХА басшысының орынбасары.

Осыған орай оның айтуынша, осы екі саланы мемлекеттік қолдау экспорт әлеуетін арттыру үшін өте маңызды. Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өнеркәсіпті, кәсіпкерлік пен экономиканы дамытуға одан әрі көмек көрсетуге дайын.

Форум барысында Жансейіт Түймебаев целлюлоза-қағаз өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлерге дипломдар табыс етті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

ЕЛОРДАДА ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК ПАЙДА БОЛДЫ

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ГЕРМАНИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға