Жаңалықтар

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды
21.10.2019 17:31 2667

Қызылордада жергілікті Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен облыстық балаларға арналған аурухана аймағы тал түптерімен толықты. Барлығы 200-ге жуық терек, тұя, сырталы ағаштарының көшеттері отырғызылды.

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды

«Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы күзгі тал егу экологиялық акциясына этномәдени бірлестік өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері және журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері белсенді атсалысты.

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды

Маңызы акция аясында спорттық сайыстар да қатар ұйымдастырылды. Қатысушылар гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресінен сынға түсті. Әсіресе арқан тартыстан қыздар арасындағы сайыс өте қызықты өтті деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды

Бұл жарыста облыстық балалар ауруханасы Пульмонология бөлімшесінің қыздары мықтылығын танытып, жеңіп шықты. 

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды

Оқ бойы озып шыққан мықтылар сайыс соңында бағалы сыйлықтар мен Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қызылордада ҚХА балалар ауруханасының аймағын жас көшеттермен жасылдандырды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға