Жаңалықтар

Украиндықтардың Дүниежүзілік Конгресінің президенті Павлодарға келді

Украиндықтардың Дүниежүзілік Конгресінің президенті және Канаданың жетекші заңгері Евгений Чолий жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. 
Украиндықтардың Дүниежүзілік Конгресінің президенті Павлодарға келді
22.09.2018 12:48 1507

Украиндықтардың Дүниежүзілік Конгресінің президенті және Канаданың жетекші заңгері Евгений Чолий жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. «Достықта жоқ шекара» атты дөңгелек үстел барысында ол «Т.Г.Шевченко атындағы Павлодар украин мәдениетінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, қараша айында Киевте өтетін Конгресстің XI конференциясына қатысуды ұсынды.

Шетел қонақтарымен кездесуі Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында өтті. Бұған дейін Евгений Чолий облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевпен кездесті. Жұмыс сапарының барысында ол Екібастұз қаласындағы Шідерті ауылында орналасқан украин православ шіркеуіне барды. Дөңгелек үстел барысында  «Т.Г. Шевченко атындағы Павлодар украин мәдениетінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктің өмірі мен атқарып жатқан жұмыстары туралы фильм көрсетілді.

Біздің жұмысымыздың басты мақсаты украин бірлестіктеріне көмектесу болып табылады. Қоғамдық ұйымымыз олардың мүдделері мен құқықтарын тұратын жеріне қарамастан әлемдік деңгейде қорғайды. Біз украин халқының ұлттық бірегейлігінің, тіл мен мәдениеттің сақталуын маңызды деп санаймыз. Бұл сұрақтар төңірегінде Нью-Йоркте, Австралияда және бірқатар басқа елдерде конференциялар өткізілді. Қазақстанда да осындай іс-шараны ұйымдастыру біз үшін үлкен жетістік болар еді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар халықтың өзі этномәдени бірлестіктерге үлкен көңіл бөлетініне өте қуаныштымын. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері бірлікте және үйлесімде өмір сүруде, бұл – елдің табысты дамуының алғышарты болып табылады», - деді Евгений Чолий.

         Киевте күздің соңғы айыдна украинддардың Дүниежүзілік Конгресінің жұмысы қорытындыланады. Шетелдік мейман Павлодарлық делегацияны осы іс-шара барысында қатысушы ретінде көргісі келетінін атап өтті.

—Евгений Ярославович бір кездері біздің аймағымызға келуі жөнінде уәде берген еді. Өз сөзінде тұрды. Біз бұған өте қуаныштымыз. Ширек ғасыр тарихы бар украин этномәдени бірлестігі үлкен белестерді бағындырды. Қазіргі уақытта жастарымыз бірлестіктің жұмысына белсенді қатысуда,  ал Павлодар облысының қалалары мен аудандарында филиалдар өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Сондықтан да, біз Дүниежүзілік Конгрестің XI конференциясына қатысуға дайынбыз», - деді облыстық украин мәдени орталығының төрағасы Михаил Парипса.   

Айта кетейік, былтыр әлемнің 53 елінде тұратын украин халқының өкілдері Дүниежүзілік Конгресінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға