Жаңалықтар

Темірден киіз үй тұрғызған кәсіпкер Оралда тұрады

Темірден киіз үй тұрғызған кәсіпкер Оралда тұрады
16.10.2019 18:02 2230

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Батыс Қазақстанға жұмыс сапары кезінде өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып отырған іргелі мекемелердің бірі «Аяз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, жұмысымен танысты.

Жансейіт Қансейітұлының ат басын бұл серіктестіктің жұмыс цехына бұруының да өзіндік себебі бар. Орал өңіріне ғана емес, күллі республикаға ұлттық қолөнердің құндылығын дәріптеуші кәсіпорында қазақтың киіз үйі құрастырылып, текеметі тоқылады, өйткені.

Темірден киіз үй тұрғызған кәсіпкер Оралда тұрады

Жансейіт Түймебаев ұлт дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртқан кәсіпкердің жұмысын дәріптеу арқылы, қазақтың ұлттық құндылығына деген өзге ұлттардың қызығушылылығын арттыруға болады деді.

«Аяз» ЖШС-нің бас директоры Аман Ермекқалиевтің айутынша, бұл кәсіпорын облыста жүн-тері өңдеу ісін бұрыннан жүргізіп келе жатқан байырғы мекеме болып табылады. Өңдеу ісі толықтай дерлік жергілікті өнім есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ, мұнда жүн байпақ өндіру ісі де жолға қойылған. Серіктестік цехында 100 тонна техникалық жүнді өңдеп, 45 мың киіз байпақ шығару мүмкіндігі бар. Бір қызығы, серіктестікте шығарылатын киіз үйлердің қаңқасы темірден жасалады екен. Ол тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға арналған.

«Біздің киіз үйлеріміздің бір ерекшелігі – ол дәстүрлі түрде ағаш уықтарға емес, темір тіреуіштерге құрылған. Бұл киіз үйді құру уақытын үнемдеуге және оның қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Себебі, мұндай киіз үйлерді ауа-райының кез-келген жағдайында қолдануға болады», - дейді Аман Ермекқалиев. Сондай-ақ, өнім жасаушылардың айтуынша, киіз үйдің ішіне жылыту қондырғыларын да орнату мүмкіндігі бар. Мұндай замануи киіз үйлерді мал бағуда, туристік мақсаттарға, тіпті қала жағдайында дәмхана ретінде де пайдалануға болады екен.

 

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға