Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК ЕРЕКШЕ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК ЕРЕКШЕ БАСТАЛДЫ
14.03.2019 11:03 2092

Түркістан төрінде бастау алған мерекелік онкүндік 14 наурызда ерекше басталады. Облыстағы этнос өкілдерімен бірлескен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар тарту етіледі. Өңірдегі кітапханаларда «Менің елім – күндей нұрлы Қазақстан»,  «Наурыз жыл басы» атты тақырыптарда кітап көрмелері өтеді. 

Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы мәлімдеді.

15 наурыз «Тағзым күніне» орай дүниеден өткен азаматтардың рухына құран бағышталып, құрбандық шалынады. Бұл күні мерекелі, берекелі Наурыз той», «Наурыз – жыл басы» атты мәдени іс-шаралар аталып өтіледі. Сондай-ақ, «Дін имандылық ұйытқысы» атты тақырыптарда кездесу кештері өтетін болады.  

16 наурыз «Тазару күні» деп белгіленген. Осыған орай, аудан қалаларда жалпыоблыстық сенбілік өтеді.

Ал 17 наурыз «Көктем шуағы күніне» байланысты спорттық ойындар киелі Түркістан қаласында таңнан кешке дейін жалғасады.

18 наурыз «Көктем өрнектері күні» деп аталып, қоғамдық көліктер мен мемлекеттік мекемелерді және көшелерді мерекеге сай безендіру қолға алынады. 

19 наурыз «Балалар күнінде» цирктік және театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерекеге орай тәтті тоқаштар мен балмұздақ таратылады деп жоспарлануда. 

20 наурыз «Бірлік күні» аясында ардагерлерді мерекемен құттықтап, дастархан жайылады.

Ал 21 наурыз «Наурыз» мерекесі күні облыс әкімінің қатысуымен сағат 10-00 де «Қош келдің, Әз Наурыз!» театрландырылған мерекелік іс-шарасы өтеді.

Сол күні 19-00 де «Есімхан» алаңында гала концерт ұйымдастырылады.

22 наурызда Түркістан облысында «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер және концерттік бағдарламалар мен ұлттық спорттық ойындармен одан әрі жалғасын табады.

Түркістан облысы Наурыз мерекесін ерекше атап өтуде. Күн тақырыбы аясында Түркістан облысының барлық қалалары мен аудандарында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

14 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Арбат» алаңында этномәдени бірлестіктер, мәдени орталықтар және жергілікті атқарушы билік белсенді қатысты.

Мерекелік концертте «Алтын дәуір», «Көрісу», «Қауышу» қойылымдары, әртістер ән айтып, әр түрлі композицияларды орындады. 300 адамнан құралған «Жастық-көктем» атты флешмоб ұйымдастырылды.  

Мерекелік концерттің соңында түрлі этностардың өкілдері ұлттық тағамдар мен кітап көрмелерін тұрғындар назарына ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға