Жаңалықтар

Түркістан облысында «Іске сәт!» тақырыбымен үздік стартап жобалар байқауы өткізілмек

Түркістан облысында «Іске сәт!» тақырыбымен үздік стартап жобалар байқауы өткізілмек
25.02.2019 06:31 2218

Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-інің ұйымдастыруымен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, жастар арасындағы стартап жобаларды қолдау бағытында шеберлік дәрісі өтті.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан ашық дәрісте жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу, жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы сөз болды. Тренингті Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының спикерлері Дастан Кадиров пен Жандос Әзімбай жүргізді.

 Жастарды кәсіпкерлікке баулу, көшбасшылық дағдыларға тәрбиелеу және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды насихаттау мақсатындағы шеберлік дәрісіне этнос жастары мен оқу орындарындағы «Достық» клубының мүшелері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша осы бағыттағы тренингтер жүйелі түрде өткізіліп, жыл соңында «Іске сәт!» тақырыбымен үздік стартап жобалар байқауы өткізілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға