Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ АТАНАДЫ

ШЫМКЕНТ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ АТАНАДЫ
22.05.2019 17:33 4604

Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен «Қоғамдық келісім формуласы: бірлік пен жаңғыруға» тақырыбында алғашқы сессия өтті. 


Жиылғандар алдында сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидола Әбдірахымов қалалық ассамблеяның алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтай келіп, ұйымның қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. 

DSC_8700.JPG

- Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент бүгінде жүзден астам этнос өкілдерін бауырына басқан еліміздегі ірі қалалардың қатарында. Бағалай білгенге бұл үлкен күш, ауқымы кең әлеует, - деді Ғ. Әбдірахымов. 

Одан кейін сөз алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заңгер Бекет Тұрғараев елдің ішкі татулығын көздің қарашығындай сақтаудың маңыздылығын кеңінен сөз етті. 

Ал, Ауғанстан Республикасының азаматы, бүгінде Халықтар Достығы университетінде білім алып жатқан Абдувахид Азиз қазақстандықтардың бақыты тәуелсіздікте, бейбіт, тыныш өмірде, елдің саяси тұрақтылығында екенін алға тартты. 

Қалалық әзербайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Арзу Гурбанова қиын-қыстау кезеңде барша этностарды бауырына басқан қазақ еліне алғысын білдіріп, қазақтың тілі мен дәстүрін білу арқылы қазақтың айналасына топтасудың маңыздылығына тоқталды. 

Бұдан соң сөз кезегі тиген транспантолог дәрігер Рахымжан Үмбетжанов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенті, дарынды өнертапқыш Ерасыл Анарханұлы, жас кәсіпкер Данияр Мамирханов өз жетістіктерін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында парасаттылықпен іске асып жатқан мемлекеттік саясаттың жемісі екенін айтты. 

5e8c3b54-9f81-4442-81c0-c915c47777ed.jpg

Сессия жұмысын қорытындылаған қала әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов медиация саласындағы жұмыстарды жүйелеу, Ассамблеяның 25 жылдығына және Шымкент қаласының ТМД-ның мәдени астанасы жылына орай кешенді іс-шаралар жоспарын дайындау, қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясат аясында атқарылған жұмыстарды ақпараттық насихаттау, «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру, «Nur Otan» партиясы филиалымен бірге қоғамдық бақылау шараларын күшейту жөнінде тиісті мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берді. 

Сондай-ақ, жиында «Бірлігі жарасқан берекелі Шымкент!» тақырыбындағы бейнефильм мен облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама көпшліктің назарына ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға