ШҚО еріктілері игілік эстафетасын Павлодар облысының Достық үйіне жолдады

28.01.2020 38

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері қайырымдылық акциясын өткізді. Олар егде жастағы зейнеткерлерге, жалғыз басты жандарға көмек қолын созып, аулаларын қардан тазалап қайтты.

Көмек сұрап хабарласқан зейнеткерлер жастардың тез арада келіп, көмектескендеріне дән риза болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бір топ еріктілер аз ғана уақыттың ішінде аулаларды айнадай тазалап шықты. Еңбектеріне алғыс ретінде қарттар жастарға тәтті шәй беріп, бата-тілектерін арнады.

Еріктілер қайырымдылық жасағандары үшін шын жүректен қуанып, аталған шараны павлодарлық құрбы-құрдастарына - @jangyrujoly_pavlodar «Жаңғыру жолы» жастар штабы мен @kogamdyk_kelisim.pvl Достық үйіне эстафета ретінде жолдады.

Ұқсас материалдар