Жаңалықтар

Республикалық ақпараттық керуен өз жұмысын қорытындылады

Республикалық ақпараттық керуен өз жұмысын қорытындылады
04.12.2019 15:40 2151

Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ел жастары арасында өткізілген республикалық ақпараттық керуен қорытындыланды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ұлттық Дельфий Комитеті мен ҚХА жанындағы республикалық «Жарасым» жастар ұйымының бірлесуімен ұйымдастырылған аталмыш республикалық ақпараттық керуен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ел ішінде насихаттауды, түсіндіруді мақсат тұтқан болатын. Жастар арасында үлкен қолдауға ие болған аталмыш жоба ел аумағында бес ай көлемінде жүргізіліп, 1500-ге жуық адамды қамтыды. Ақпараттық керуен бұл уақыт аралығында Қазақстанның барлық облыстарында дерлік болып, жастармен кездесулер өткізді.

Білім алаңдары негізінде ұйымдастырылған жоба жастар арасында жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастыру, «әлеуметтік жеделсаты» тұғырнамасын дамыту, білім саласындағы жаңашылдықты дамытуға бағытталған. Оны жүзеге асыру барысында модераторлар ретінде этномәдени бірлестіктердің қоғамға белгілі өкілдері мен мәдениет қайраткерлері шақырылды. Жоба аясында сондай-ақ, Halyk tarihy мобильді қосымшасы таныстырылып, түрлі викториналық ойындар ұйымдастырылды. Аталмыш қосымша жастардың Қазақстан тарихын, мәдени мұрасын тануға қызығушылығын ояту мақсатында шығарылған болатын.

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға