Жаңалықтар

Милина Вавулиди: Әжем үнемі «сол кездегі нанның иісі аман қалған өмірімнің иісі» деп айтады

Милина Вавулиди: Әжем үнемі «сол кездегі нанның иісі аман қалған өмірімнің иісі» деп айтады
29.05.2019 15:04 4063

Милина Вавулиди 1997 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ІІІ курс студенті. Оқу озаты.

«КТК» АҚ Артур Платоновтың «Портрет недели», «Слуги народа» бағдарламаларында режиссердің көмекшісі ретінде тағлымдамадан өткен.

Студенттік телеарнаны дамытуға белсенді қатысады. Университеттегі радиода жаңалықтар жүргізген және «Made in Kaznu» бағдарламасының тележүргізушісі болып жұмыс істеген.

Қазақ, орыс, грек тілдерінде еркін сөйлейді.

— Милина, сіз Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында сөйлеген сөзіңізде Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелде абыройы асқақ екенін атап өттіңіз. Ол жайлы жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары керемет дүниелер жазады дегеніңізді де естідік. Осыған қатысты жүргізген зерттеулеріңізді айта отырсаңыз.

— Иә, Елбасын Америка құрама штаттарында өте қатты құрметтейді. Мысалы, Америка Президенті Дональд Трамп жуырда ресми хат жолдағанынан хабардармын. Ол жақтағы БАҚ Елбасының ресми сапарын қалыспай жазады, олардың жазбасынан елімізге, Елбасына деген құрметті көруге болады. Сондай-ақ Грециядағы Қазақстанның Елшілігімен бірлесіп грек БАҚ-ы жиі баспасөз мәслихатын өткізіп тұрады. Олардың жаңалықтарында Елбасы жайлы көп жазылады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев көреген Президент, егер Грецияда осындай көшбасшы болса, бізде тұрақтылық болар еді деп жазылады.

Кей елдерде соғыс, қақтығыс, дағдарыс жайлап жатқанына куә болып отырмыз. Ал біздің Елбасы бейбітшілік пен бірліктің, келісімнің негізін құрды. Әлемдегі күрделі мәселелер біздің елде талқыланып, біздің ғана емес, көршілес елдерің де қауіпсіздігі турасында толғандыратын мәселелердің күрмеуін шешуге қатысып, көш бастап жүрген жайы бар. Бәрімізге белгілі Сирияның жағдайын шешу үшін Астанада үлкен жиын өткенін де атап айту керек.

Біз ядролық қарудан бас тарттық, Елбасы барша әлемге соғыссыз тұрақтылыққа қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға