Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ РОМАН КИМ БҚО ҚХА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ РОМАН КИМ БҚО ҚХА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
11.02.2019 11:12 2290

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким аймақтық ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері өкілдерімен кездесті.

Көп ұлтты елімізде ел бірлігін сақтау - маңызды. Халық қалаулысы барлық игілікті іс тек тыныштық болған кезде ғана жүзеге асатынын ескертті. Сол үшін әрбір мәдени орталықтың өз жұмысына бекем болуы маңызды.

«Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. Қазіргі уақытта Ассамблея жанынан ғылыми-сарапшылық кеңес, журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Барлық аймақтарда Достық үйлері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы этнос­ара­лық келісімді сақтауға, ұлттық саясатты іске асыруға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосып отырған бірегей инс­титут» – деп атап өтті Роман Ухенович.  

Кездесу барысында депутат жиналғандарды Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, олардың Ассамблея қызметіне қатысты сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ тараптар аймақтағы қалыптасқан мәселелер жөнінде де өзара пікір алмасты.

Содан соң  Роман Ухенович Ассамблея жанынан ашылған медиация кабинетінің де жұмысымен танысып, облыстағы медиаторлармен жүздесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға