Жаңалықтар

ҚХА: Жеңістің қандай қиындықпен келгенін есте сақтау - ортақ парызымыз бен міндетіміз

ҚХА: Жеңістің қандай қиындықпен келгенін есте сақтау - ортақ парызымыз бен міндетіміз
09.05.2019 00:00 3849

Құрметті отандастар! Қымбатты ардагерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді қан майдандағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, тылдағы ерен еңбек пен асқан қаһармандықтың ұмытылмас өнегесі – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл қасиетті де қастерлі мереке барлық буынды біріктіреді, кейінгі ұрпақ майдангерлерді мақтан тұтады. Жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің жаужүрек батырлығына құрмет көрсетіп, соғыста құрбан болғандарды қайғыра еске алады.

Айтулы күнге бел жазбай тер төккен халықтың бірлігі мен ынтымағының, елі мен жерінің азаттығы үшін жан пида еткен боздақтардың қайсарлығының арқасында қол жетті.

Біздің ортақ парызымыз бен міндеттіміз – осы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін әрдайым есте сақтау, жаңа ұрпақты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке құрметпен қарауға тәрбиелеу.    

Қымбатты қазақстандықтар!

 

Жеңіс күні Қазақстан тарихында және әрбір азаматтың есінде мәңгі қалады. Біз ардагерлерімізге зор алғыс айтып, шынайы құрмет пен қошемет білдіреміз. Сіздерге басымызды иеміз және зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік пен тыныштық орнасын!

Біздің айқын мақсатымыз – Ұлы дала елінің игілігі үшін өмір сүріп, еңбек етуге деген ізгі ниетке толы болсын!

Сіздерге, туғандарыңыз бен жақындарыңызға қуаныш, бақыт, амандық тілейміз!

Даңқтарыңыз арта берсін, қымбатты ардагерлер!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға