Жаңалықтар

Елбасы Корея парламентарийіне: Біздің елдерді байланыстыратын «алтын көпір» бар

Елбасы Корея парламентарийіне: Біздің елдерді байланыстыратын «алтын көпір» бар
26.09.2019 12:38 1923

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мәртебелі мейманға Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді.

– Тәуелсіздік жылдары Кореямен ең жылы қарым-қатынас орнатуға тырыстым. Бізде экономикалық ынтымақтастықтың үлкен бағдарламасы бар. Қазақстанда 100 мың кәріс ұлты тұрады. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы алтын көпір. Біз экономикалық және саяси ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделіміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы диалог орнату үдерісіне қолдау білдірді.

Елбасы Корея парламентарийіне: Біздің елдерді байланыстыратын «алтын көпір» бар

Өз кезегінде Мун Хи Сан Еуразия елдері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

– Әлем халқының 75 пайызы Еуразия құрлығында тұрады. Әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызы Еуразияға тиесілі. Өздеріңіз білетіндей, Еуразияның ең шығыс шеті – ол Корея Республикасы. Қазақстан осы құрлықтың қақ ортасында. Біздің алғашқы отырысқа 19 мемлекет, екіншісіне - 27, үшінші - 39 мемлекет қатысты. Бүгінгі басқосуға 55-тен астам мемлекет қатысуда. Бұл жетістік – Сіздің еңбегіңіз, - деді Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға