Жаңалықтар

БҰЛ КҮНІ – 6 МАУСЫМ

БҰЛ КҮНІ – 6 МАУСЫМ
06.06.2019 12:12 3620

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

 

2005 ж.: Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Чаморродан сенім грамотасын қабылдады.

*****

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби әмірлігінің ханзадасы Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянды қабылдап, онымен Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға БАӘ қаржылық топтарының қатысу перспективаларын талқылады. 

001-06.png

*****

Мемлекет басшысы «Н.Б.Онжановқа І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесін беру туралы» №1586, «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» №1587 жарлықтарына қол қойды.

 

2006 ж.: Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның үшінші отырысына төрағалық етті.

002-06.png

Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің әзірлеген елдегі демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі 2006 жылға арналған іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды.

Отырыста сөз сөйлей отырып, Н.Ә.Назарбаев таяуда биліктің өкілетті тармағының рөлі және өкілеттік құзырының артуына байланысты Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды қайта жаңғыртулар болатынын атап өтті және Үкіметті іс-шаралар жоспарына енгізілген әрбір заң жобасына мұқият болуды шақырды. Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелері мен оның жұмыс топтарына саяси жүйені реформалауды іске асыру кезеңдері мен тетіктерін қарастыру тапсырылды.

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ... 

*****

Мемлекет басшысы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уалид Исмаил Абдель Фаттах Хасаннан сенім грамотасын қабылдады.

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» №130, «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №131 жарлықтарына қол қойды.

 

2008 ж.: Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ХІХ пленарлық отырысына төрағалық етті.

003-06.png

Отырыстың басты тақырыбы Қазақстанның электрлі-энергетикалық саласының даму мәселелеріне арналды.

«Көтеріліп отырған мәселенің көкейкестілігі күмән тудырмайды, энергетика экономикалық өсім мен әлеуметтік дамудың маңызды бөлшегі болып табылады. Күн өткен сайын оның маңызы арта түсетін болады», – деді Н.Ә.Назарбаев кеңесті аша отырып. – Қазақстанда 2002 жылдан бастап электр қуатын пайдалану үш есеге, ал орнатылған қуат көзі – 3,5%-ға артқан. Сол себепті бүгінде қолданыстағы станциялардыңқоры жоққа сай болып тұрғандықтан, экономикаға, соның ішінде өнеркәсіпке энергия қуатын үнемдеп пайдалану арқылы жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайдың өнеркәсіптің одан әрі дамуына, экономиканың әртараптандырылуына және халықтыңөмір сүру деңгейінің көтерілуіне үлкен кедергі болуы мүмкін. Қазіргі таңда жаңа станциялар салу негізінде, сондай-аққолданыстағы станцияларды жаңғырту негізінде энергетикалыққуатты жылдам арттыратын мезгіл жетті». Энергетиканы одан әрі дамытудың келешегі зор бағыттарыныңқатарында Президент энергияны үнемдеуді ынталандыру мен жаңғыртылған энергия көздерін пайдалануды атап өтті.

Пікір алмасу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметіне электрлі-энергетикалық саланың нарықтық қарым-қатынастарының даму тұжырымдамасын әзірлеуді және 2015 жылға дейін электр энергиясының және басқа да тиісті қызметтердің болжамды баға деңгейін бекітуді тапсырды. 

*****

Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына аттанып, ТМД-ға мүше мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

004-06.png

Саммит барысында мемлекет басшылары ТМД мемлекеттерінің одан әрі даму Концепциясын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының орындалу барысын, оның ішінде 2020 жылға дейінгі ТМД-ның экономикалық даму стратегиясы жобаларының әзірлену барысын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін, 2020 жылға дейінгі көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын, Достастық органдарының қызметін жетілдіру және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

005-06.png

Кездесуде сөз сөйлеген Н.Ә.Назарбаев ТМД Экономикалық даму стратегиясында бірыңғай инновациялық кеңістікті қалыптастыруға баса көңіл аударған дұрыс екендігін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанның және ТМД төрағасы ретіндегі Қырғызстанның 2009 жылды келісілген энергетикалық саясат тақырыбына арнап, 2008 жылдың күзінде Бішкекте тиісті шешім қабылдау қажеттігі жөніндегі ұсынысын жеткізді.

006-06.png

Н.Ә.Назарбаев сөзінің қорытындысында әріптестерін құрметті мейман ретінде Астананың 10 жылдық мерейтойына қатысуға шақырды. 

 

2012 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасында ресми сапармен болып, осы елдің астанасы Бейжің қаласында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті.

008-06.png

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша, сондай-ақ өзара қызығушылық тудырған халықаралық өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу болып өтті.

009-06.png

Тараптар екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық айналымды арттырудың маңыздылығына сенім білдірді.

010-06.png

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемесіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті және оның жұмыс режимі туралы келісімге қол қойылды. 

*****

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесті.

011-06.png

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы энергетикалық, көлік-логистикалық, аграрлық, мәдениет пен туризм салаларындағы, сондай-ақ шекаралық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейде белсенді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

*****

Мемлекет басшысы «CNPC» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен «CNPC» арасындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды және бұдан әрі бірлескен жұмыстарының басым бағыттары белгіленді.

*****

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен кездесті.

Кездесу барысында қытайлық тараптың Атырау облысында мұнай-химия кешенін құру, Шымкент мұнай өңдеу зауытын қалпына келтіру, газ құбырын елдің батысынан оңтүстік облыстарына тарту, «Алматы-Астана» жаңа автобанының және осы бағытта жоғары жылдамдықтағы темір жолдың, сондай-ақ «Жезқазған-Бейнеу» темір жолының құрылыстарын салу секілді Қазақстанның ірі инфрақұрылымдық нысандарын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды.

*****

Түстен кейін Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында өткен ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

012-06.png

Саммитке сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримов, Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш.Атамбаев, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмон қатысты. Сондай-ақ кездесуге ШЫҰ жанындағы бақылаушы-мемлекеттер делегацияларының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

013-06.png

Пікірсайыс барысында қатысушылар өңірдегі қазіргі ахуал туралы, өзекті халықаралық мәселелер, сондай-ақ ШЫҰ-ны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Отырыста сөз сөйлей отырып, Қазақстан Президенті қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында ШЫҰ шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтық және өңірлік қақтығыстарын реттеу жөніндегі кеңесін құруды, сондай-ақ ШЫҰ болжау орталығы мен интернет-шабуылдардан қорғау функцияларын орындайтын арнайы орган құруды ұсынды.

014-06.png

Саммиттің бірінші күнінің қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күресі бойынша 2013-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы және ШЫҰ-ның аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылыққа қауіп төндіретін жағдайға саяси-дипломатиялық шаралары мен елеу механизмдері туралы ережесі бекітілді. 

 

2017 ж.: Мемлекет басшысы өзінің астаналық «Ақорда» резиденциясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

015-06.png

Кеңеске Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Р.Жақсыбеков, Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.З.Жұмақанов, Бас прокуроры Ж.Қ.Асанов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы А.Ж.Күреңбеков, Қорғаныс министрі С.Ә.Жасұзақов, Ішкі істер минирстрі Қ.Н.Қасымов, «Сырбар» сыртқы бақылау қызметінің директоры Ғ.Ж.Байжанов, Астана қаласының әкімі Ә.Ө.Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.С.Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары С.С.Әбіш қатысты.

Кеңес барысында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 

*****

Мемлекет басшысы «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясына қол қою туралы» №492, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №493 жарлықтарына қол қойды.

 

Дереккөз: Akorda.kz

 

Оқи отырыңыз:

БҰЛ КҮНІ – 5 МАУСЫМ 

ЕЛОРДАЛЫҚ КҮРД ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАЛАЛАР БИ ҰЖЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

СЛЬВАНУС ОПОТ: ҚАЗАҚТАР ЖЫЛҚЫ ЕТІН КӨП ЖЕЙДІ ЕКЕН. КЕНИЯДА ОНЫ АУҚАТТЫ АДАМДАР ҒАНА ҰСТАЙДЫ, БАҒАСЫ ДА УДАЙ ҚЫМБАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға