Жаңалықтар

БҰЛ КҮНІ – 31 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ – 31 МАМЫР
31.05.2019 12:26 3838

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

 

2005 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №1583, «А.Серікбаев туралы» №1584 жарлықтарына қол қойды.

 

2006 ж.: Мемлекет басшысы «KazSat» қазақстандық алғашқы байланыс және хабар тарату жер серігін ұшыру қарсаңында Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешенінде болды.

004-31.png

005-31.png

«Тұңғыш қазақстандық жерсерігін ұшыру Қазақстан үшін тарихи сәт болмақ. Еліміз ғарыштық державалар қатарына қосылады. Ол жайында зор мақтанышпен айтуға болады», – деді Президент журналистерге арналған брифингте. 

 

2007 ж.: Мемлекет басшысы Ақмола облысының Ақмол кентінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

«Қазақстанда 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Бұл күннің еліміз үшін маңызы ерекше. Осыдан 70 жыл бұрын республикамыз жер аударылған миллиондаған совет азаматтарының мекеніне айналды», – деді Н.Ә.Назарбаев кешеннің ашылуында.

Президент сталиндік репрессия жылдары Қазақстанда 953 лагерлер мен қоныстар жұмыс істегенін еске салды. Солардың бірі Малиновка ауылында қайғы-қасіретімен танымал АЛЖИР – отанын сатқандардың әйелдерінің ақмолалық лагері болды. Бұл КСРО-дағы жалғыз осындай лагерь еді. Онда 20 мыңға жуық әйелдер – аналар, жұбайлар, қуғын-сүргінге ұшырағандардың қыздары қамалды. Қазақстанға сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар да жер аударылды, олардың ішінде 800 мың немістер, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 19 мың корейлік отбасылар және т.б. болды.

«Қатал кезеңнің ауыртпалықтарына қарамастан, қазақ халқы барлық панасыздарды бауырына басып, жылы қабылдады. Осының арқасында көптеген адамдар тоталитарлық жүйенің құрсауынан аман қалды», – деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.

Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Содан кейін Президент С.Нарынов бастаған шығармашылық топпен салынған мемориалдық-мұражай кешенін аралап көрді.

 

2010 ж.: Мемлекет басшысы «Eni S.p.A.» концернінің бас атқарушы директоры П.Скарониді қабылдады. Ол концерннің Қазақстандағы ағымдағы қызметі мен жұмыс жоспары туралы баяндады. 

006-31.png

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» №284-IV, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» №285-IV заңдарына қол қойды.

 

2012 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

007-31.png

Рәсімге сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезінің делегаттары, елдің танымал жұртшылық өкілдері қатысты.

008-31.png

«Бүгін, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, біз екі бірдей қайғылы датаны есімізге түсіреміз.

Биыл біздің жерімізде жаппай ашаршылықтың орын алғанына 80 жыл және саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 75 жыл толды.

Қазақстанда ғана емес, Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 млн. адамның өмірін жалмады. Соның ішінде Қазақстаннан ең кемі 1,5 млн. адам аштықтан ажал құшты. Біз бүгін алапат ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, ашаршылық құрбандарына ескерткішін ашу үшін жиналып отырмыз.

...Бұл халқымыздың жазылмас жарасы, ұмытылмас қасіреті. Қазақстандықтардың жүрегінде, халықтың жадында мәңгі қалады», - деді Н.Ә.Назарбаев рәсімде сөйлеген сөзінде.

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ...

*****

Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева қаласындағы бөлімінің бас директоры Қ.К.Тоқаевты қабылдады.

009-31.png

*****

Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезінің жабылуына қатысты.

Президент сөйлеген сөзінде съездің 2 күндік жұмысы ішінде форум бағдарламасы толығымен іске асырылғанын атап өтті. Атап айтқанда, пленарлық және секциялық отырыстарында сындарлы пікірсайыстар өткізілді. Жаһандық мәдениет пен діндер үнқатысуларының маңызды мәселелеріне ортақ тәсілдер жасалып шығарылды.

Н.Ә.Назарбаев Дін көшбасшылары кеңесі мен съезд аясында балалар, жасөспірімдер мен жастарға адамгершілік тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша Халықаралық онлайн-конференция өткізуді ұсынды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезі аяқталған соң, оған қатысушылардың құрметіне Қазақстан өнер жұлдыздарының концерті берілді.

*****

Мемлекет басшысы «2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» №16-V Заңына қол қойды.

 

2014 ж.: Мемлекет басшысы Украина Президенті П.А.Порошенкоға оның осы жоғары лауазымға сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

*****

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Б.А.Жұбановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

2017 ж.: Мемлекет басшысы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алуға арналған мұражай-мемориалды кешеніне барып, еске алу тақтасына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

010-31.png

Президент сондай-ақ қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының туыстары және жақындарымен әңгімелесті.

Рәсім аяқталған соң сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев бүгінгі күннің Қазақстан тарихында айрықша күн екенін атап өтті. «31 мамырды біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні ретінде атап өтеміз. Бір ғана Қазақстанның өзінде сол жылдары 103 мыңнан астам адам тұтқындалды. 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының бетке ұстар өкілдері, республика басшылығы түгелге жуық жойылды», - деді Мемлекет басшысы.

011-31.png

Сондай-ақ Қазақстан көшбасшысы осы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан ондаған этнос өкілдері үшін туған үйіне айналғанын, олар көптеген қиындықтарды басынан өткере жүріп, бір халыққа біріккенін атап өтті.  

*****

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешеніне барып, онда қалада жайлы өмір сүруге мүмкіндік туғызатын экологиялық шешімдермен танысты.

012-31.png 

Президентке «Қазақтелеком» және «Қазпошта» АҚ көрсететін жаңа қызмет түрлерінің жұмысы таныстырылды, атап айтқанда, олардың қатарында гибридті банкоматтар, электрондық кассир, почтамат және сәлемдеме жөнелтілімдері супермаркетінен тұратын цифрлы офис қызметі, сондай-ақ дрондар, post.kz мүмкіндіктері бар. 

*****

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы әуежайдың жаңа терминалына барып, онда сағатына 1200 сөмкеге дейін жол жүгін өңдейтін жартылай автоматты жүйелерді пайдалануды қоса алғанда, әуежайдың қызмет көрсету жүйесіндегі жаңалықтармен танысты.

013-31.png

Мемлекет басшысы сондай-ақ «Air Astana» АҚ президенті П.Фостермен әңгімелесіп, компанияның ағымдағы жағдайы және алдағы даму келешегінің мәселелерін талқылады. 

*****

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалдық кешеніне барып, онда оған жолаушылар жүрдек пойыздары қозғалысын дамыту бағдарламасының іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ «Вокзал кешені құрылысын қамтитын Астана теміржол торабын дамыту» жобасының орындалу барысы туралы баяндалды.

014-31.png

Инфрақұрылымдық объектіні аралап көру барысында Президент Астанадан еліміздің барлық өңіріне жоғары жылдамдықпен жеткізетін «Тальго» пойыздарының жүре бастағаны жақсы жаңалық екеніне тоқталып, инфрақұрылым және көлік саласындағы дамуымыздың қарқын ала түскенін атап өтті. 

 

Дереккөз: Akorda.kz

 

Оқи отырыңыз:

БҰЛ КҮНІ – 30 МАМЫР 

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ТРАГЕДИЯНЫҢ АУҚЫМЫН ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕУ ҚАЖЕТ

АСТАНАДА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНДАР ТУРАЛЫ КІТАПТІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға