Жаңалықтар

БҰЛ КҮНІ - 30 МАМЫР

БҰЛ КҮНІ - 30 МАМЫР
30.05.2019 11:05 3132

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

 

2005 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Украинаның Президенті В.А.Ющенкомен кездесті.

004-30.png

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында отын-энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, атап айтқанда, қазақстандық мұнайды Украинаға жеткізу және оны одан әрі Еуропаға тасымалдау үшін украиналық құбырлар мен порттарды бірлесіп пайдалану; ғарыштық зерттеулер, ядролық энергетика, мәдениет пен білім салаларындағы өзара іс-әрекет, сондай-ақ ДСҰ-на кіру мәселесіндегі өзара ықпал мәселелері қаралды.

005-30.png

Келіссөздер барысында мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы және ақпараттық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. 

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы №54-ІІІ Заңына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №1582 Жарлығына қол қойды.


2006 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы З.Х.Кәкімжановты қабылдады. Ол қордың жұмысы, Қазақстандағы инвестициялық сала дамуының келешек бағыттары жөнінде және инвестициялық салада орын алған проблемалар туралы баяндап берді.

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» №127, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №128 жарлықтарына қол қойды.


2007 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы аясында экономиканы жаңғырту және ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К.Қ.Мәсімов, экономикалық блок министрліктерінің, мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының басшылары және ірі отандық бизнес өкілдері қатысты.

006-30.png

К.Қ.Мәсімов Президенттің «Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар» Жарлығының іске асырылу барысы мен жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Премьер-министр Қазақстанның экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын, тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік органдар мен холдингтердің, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлерлік корпорациясының, Қазақстанның кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер «Атамекен» жалпыұлттық одағының өкілдерінен құрылған жұмыс тобы жұмыс жасағанын хабарлады. Қазіргі уақытта корпоративтік көшбасшыларды таңдап алуға қатысты қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік комиссия құны 100 млрд. доллардан артық 200-ден астам инвестициялық жобаларды қарастыруда. Ауқымды қазақстандық бизнеске, «серпінді» жобаларға инвестиция тарту мақсатында мемлекеттік қолдаудың жалпы шараларын қарастыратын Үкімет пен алдыңғы қатарлы корпоративтік кәсіпкерлер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандум әзірленді.

Мемлекет басшысы өз тарапынан батыс елдерінің үлгісінде қазақстандық Үкімет отандық корпоративтік көшбасшыларға жан-жақты, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстар мен субсидиялар бойынша қолдау көрсетілетінін айтты. 

*****

Мемлекет басшысы ЕурАзЭҚ бас хатшысы Г.А.Рапотаны қабылдады.

007-30.png

Кездесу кезінде ағымдағы жылы жазда Мәскеу қаласында өтетін ЕурАзЭҚ-тың Мемлекет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесі отырысын әзірлеу мәселелері талқыланды. Г.А.Рапота Қазақстан Президентіне ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет басшыларының Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, кездесу барысында ЕурАзЭҚ кеңістігінде су-энергетика жүйесін реттеу мәселелері қозғалды. 


2008 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» №605 Жарлығына қол қойды.


2012 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі аясында өткен Дін көшбасшылары кеңесінің I отырысына қатысты.

Кеңес мүшелерінің алдында сөз сөйлей отырып, Президент жаңа органды құру туралы ұсыныс, ең алдымен, дін және заманауи үдерістердегі конфессияаралық үнқатысу рөлінің ұлғаюымен байланысты екендігін атап айтты.

«Бұл діндер арасындағы өзара әрекет етудің көпжақты форматының бірінші жұмыс механизмі. Кеңестің құрылуы барлық конфессияаралық үнқатысуды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Кеңес жаһандық ынтымақтастықтың принципті мәселелері, жалпыадами рухани құндылықтарды дамыту, сондай-ақ жаңа әлемдік тәртіпті құрудың өзекті мәселелері бойынша бірлесіп шешімдер қабылдауы қажет.

Және табысты жұмыс істейтін болса, Дін көшбасшыларының кеңесі ХХI ғасырдағы жалпыәлемдік теңгерімді сақтаудың маңызды элементіне айналуы мүмкін», - деп атап айтты Президент.

*****

Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезінің ашылуына қатысты.

008-30.png

Форум жұмысына әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.

009-30.png

«Біз асқан мақтанышпен Астанада төртінші рет әлемнің діни және рухани көшбасшыларын қабылдап отырмыз! Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне дүниежүзінің 40 елінен келген барлық 85 делегация басшылары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын.

010-30.png

9 жыл бұрын I съезд жұмысына әлемнің 17 елінен 17 делегация қатысқан еді. Біздің форумның жаһандық маңызының сандық және сапалық өскені бірден көрінеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі халықаралық үнқатысудың теңдессіз құрамдасына айналды.

Біз БҰҰ, ЮНЕСКО және ИСЕСКО, сондай-ақ басқа бірқатар халықаралық бірлестіктер жетекшілеріне, белгілі саясаткерлер мен сарапшыларға съезге назар аударып отырғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деді Н.Ә.Назарбаев съезд жұмысын аша отырып.

011-30.png

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ...    

*****

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезінің жұмысы аясында Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Абдалла бен Абдел Мухсинмен, ЮНЕСКО бас хатшысы И.Г.Боковамен және Израильдің бас ашкеназ раввині И.Мецгермен екіжақты кездесулер өткізді. 

012-30.png

013-30.png

*****

Күн соңында Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезінің қатысушылары мен қонақтарының құрметіне ресми қабылдау өткізді.


2013 ж.: Мемлекет басшысы «2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттамаға қол қою туралы» №574, «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы №861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №575, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» №576, «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» №577 жарлықтарына қол қойды.


2014 ж.: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасындағы ұстап беру туралы шартқа қол қою туралы» №833, «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы» №834 жарлықтарына қол қойды.


2017 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшілер –  Корея Республикасының елшісі Дэ-Сикадан, Сербия Республикасының елшісі В. Матичтен, Индонезия Республикасының елшісі Р. Прамонодан, Румынияның елшісі Ч. Армянудан сенім грамоталарын қабылдады. 

014-30.png

015-30.png

*****

Мемлекет басшысы мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым М.Ж. Жолдасбековті қабылдады.

016-30.png

Кездесу барысында Президент М.Ж. Жолдасбековті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

017-30.png

Сондай-ақ қоғам қайраткерінің ел алдында сіңірген еңбегін атап өте келе, Н.Ә. Назарбаев М.Ж. Жолдасбековті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

*****

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Д.Ә. Абаевты қабылдап, ол ведомство алдында тұрған міндеттердің орындалуы, сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының іске асырылуы және қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық бағыты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндады.

018-30.png

Кездесу барысында Президент мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыты бойынша сапалы ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін ақпараттық тұрғыда көрсетудің өзектілігіне тоқталып, ел өңіріндегі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын БАҚ-та жариялау қажеттігін атап өтті. 

*****

Мемлекет басшысы ресейлік тараптың бастамасы бойынша Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сириядағы ахуалға және алда болатын Астана алаңындағы сирияаралық келіссөздер кестесіне айрықша назар аударылды.

*****

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы» №67-VI Заңына қол қойды.


Дереккөз: Akorda.kz


Оқи отырыңыз:

БҰЛ КҮНІ – 29 МАМЫР

МИЛИНА ВАВУЛИДИ: ӘЖЕМ ҮНЕМІ «СОЛ КЕЗДЕГІ НАННЫҢ ИІСІ АМАН ҚАЛҒАН ӨМІРІМНІҢ ИІСІ» ДЕП АЙТАДЫ
ТАРАЗДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға