Жаңалықтар

Қазақстанға 400 көне кітап сыйлады

Қазақстанға 400 көне кітап сыйлады
26.09.2019 11:58 2281

Өзбекстандық колекционер, www.ziyouz.uz. кітап порталының негізін қалаушы Дауренбек Тожиалиев қазақстандықтарға жеке кітапханасынан 400 сирек кітап мен қолжазба көшірмесін тарту етті.

Қазақстандық әріптестерімен тығыз ғылыми қарым-қатынас орнатқан кітап әлемінің зерттеушісі бұған дейін де біздің елдің оқырмандарымен электронды кітап нұсқаларымен бөлісіп отырған болатын. Өзбекстанда жұмыс сапарымен болған қазақстандық делегация мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатовтың айтуынша, Дауренбек Тожиалиев сыйға тартқан көне қолжазбалар мен кітаптар бұған дейін еш жерде жарық көрмеген және Қазақстан тарихын толықтыра түсетін тың дүниелер болды.

«Бұл сирек кітаптар екі туыс елдің рухани және мәдени байлығы. Және олар Қазақстанның ұлттық кітап қорын толықтырып қана қоймай, Қазақстан халқы Ассамблеясының табысының депозитарийі болып табылады. Бұл сирек кітаптар отандық ғалымдар мен зерттеушілердің назарын аудартуы керек. Сондай-ақ, Өзбекстаннан келген көне кітаптар ҚХА ғылыми-сарапшылық Кеңесінің мүшелері үшін жаңа зерттеу алаңына айналатынына сенімдімін", - дейді тарихи жәдігерлерді елге жеткізушілердің бірі Шерзод Пулатов.

Қазақстанға 400 көне кітап сыйлады


 

 

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға