Жаңалықтар

АТЫРАУДА АМАЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУҒА РЕСЕЙДІҢ ҮШ ОБЛЫСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР КЕЛДІ

АТЫРАУДА АМАЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУҒА РЕСЕЙДІҢ ҮШ ОБЛЫСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР КЕЛДІ
15.03.2019 05:12 2424

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі өтті.

Атыраудың мыңнан астам тұрғыны мен қонақтары ұлттық дәстүр көрісуді атап өтуге жиналды. Алаңда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге негізделген әдеби-музыкалық театрландырылған қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан көрісу күнімен барша атыраулықтарды құттықтады.

Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан шараға ұлт мақтаныштарына айналған Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман, Мереке Құлкенов, Нұртілеу Иманғали секілді белгілі тұлғалар мен «Түркісой» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейін қатысты.

Мерекелік шараға Ресейдің Самара, Саратов, Астрахан облыстарынан да көптеген өкілдер келді.

«Қазақ халқы Наурызды ұлыстың ұлы күні деп атайды. Бұл күні өкпе-реніш ұмытылады. «Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық - ер жігіттің ісі», - деп атап өтті аймақ басшысы. 

«Көрісу Fest» халықаралық фестивалі аясында суретшілер плэнері, ұлттық бұйымдар көрмесі, ұлттық тағамдар мен сусындар жәрмеңкесі, «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы ерекше аталып өтті.

Сондай-ақ, Көрісу күнін мерекелеу барысында өңірде «Ойдағы ел қырдағы елмен амандасып» тақырыбында халықаралық ақындар айтысы, республикалық батагөйлер байқауы да ұйымдастырылды.

Көрісу мерекесі күні Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бір-бірін мерекемен құттықтау, денсаулық, игілік және өркендеу тілеу үшін импровизацияланған қазақ киіз үйіне шақырылды.

Қонақтар бос қолдарымен емес, өз этносының ұлттық тағамдарымен келді.

Жылы достық әңгіме басында олар мереке туралы әсерлерімен бөлісіп, ән айтты және өлеңдер оқыды, әр үй мен біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне тілек білдірді.

Балалар «асық» ұлттық ойынына қызыға қатысты. Дәстүрлі мереке құрметті ақсақалдың бата беруімен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға