Жаңалықтар

Атырау көшелерінің біріне Екінші дүниежүзілік соғысы батырының есімі берілді

Атырау көшелерінің біріне Екінші дүниежүзілік соғысы батырының есімі берілді
09.10.2019 18:42 2386

Атырау қаласындағы «Самал» мөлтек ауданындағы көшелердің біріне Ұлы Отан соғысының батыры, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Адгам Каримовтың есімі берілді.

Атырау көшелерінің біріне Екінші дүниежүзілік соғысы батырының есімі берілді

Бұл ұсыныс Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және қалалық әкімшілігінің бастамасымен іс жүзіне асырылып отыр.

Атырау көшелерінің біріне Екінші дүниежүзілік соғысы батырының есімі берілді

ХХ ғасырдың басында Қазан қаласынан келген татар көпесі мен балық кәсіпкері Мифтахетдин Каримовтың отбасында дүниеге келген Адгам Мифтахұлы бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласының тумасы. Ол татар, қазақ, орыс және араб тілдерін еркін меңгерген.

Атырау көшелерінің біріне Екінші дүниежүзілік соғысы батырының есімі берілді

Отызыншы жылдары аудандық «Социалды ауыл» газетінде (қазіргі «Кең Жылыой») журналист, аудандық комсомол комитетінің іс басқарушысы, Жылықоса (қазіргі Жылыой ауданында) аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Атырау көшелерінің біріне Екінші дүниежүзілік соғысы батырының есімі берілді

1940 жылы 23 жасында Гурьев қалалық әскери комиссариатынан Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1944 жылы 7 шілдеде 42-ші Смоленск Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының капитаны, «Қызыл Жұлдыз» орденінің кавалері Адгам Каримов Белоруссияның астанасы Минск қаласын азат ету кезінде қаза тапты.

Іс-шараға қатысушылар, оның ішінде «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері батырдың өмірі мен жауынгерлік ерліктері туралы кеңінен ой тарқатты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға