Жаңалықтар

Астанада «Медиаторларға арналған тиімді коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Астанада «Медиаторларға арналған тиімді коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті
02.07.2019 17:14 5130

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тұран-Астана» университеті негізінде «Медиаторларға арналған тиімді коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Аталған семинар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында «Медиация жастар арасындағы бірлікті нығайту факторы ретінде  әлеуметтік жобасын іске асыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның шеңберінде ұйымдастырылды.

IMG_20190628_180730.jpg

Жалпы алғанда, әлеуметтік жоба медиация рәсімдерінің заңнамалық және практикалық мүмкіндіктері, жастар ортасында медиацияның потенциалы мен тетіктері, сондай-ақ медиаторлар туралы және олардың жанжалдар мен дауларды шешудегі оң тәжірибесі туралы ақпаратты тарату үшін әзірленген.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Инфинити даму орталығы» қоғамдық бірлестігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп   ұйымдастырды.

IMG_20190628_182217.jpg

Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша семинар-тренинг бағдарламасы қазіргі заманғы сыртқы коммуникациялардағы шешендік жүйені қолданудың заңдылықтары мен қағидаттарына негізделген және спикердің сыртқы көрінісі (поза, тыныс, көзқарас, поза, қозғалысы, бет әлпеті), оратордың ішкі портреті (харизма, эмоционалдық, дауысы, ауызша импровизация, ыңғайсыз сұрақтарға жауап беру өнері) секілді элементтер, сондай-ақ шешендік дағдыларды нығайтуға бағытталған тәжірибелік жаттығуларға бағытталған.

Групповое фото после семинара-тренинга (1).jpg

Тренинг барысында Нұр-Султан қаласының медиаторлары, ҮЕҰ өкілдері және ғылыми - академиялық орта коммуникациялық жүйелердегі риториканың негізгі элементтерімен: телефонмен сөйлесу, іскерлік кездесу, әлеуметтік желілерді қолдану арқылы танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға