Жаңалықтар

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды
31.10.2019 13:51 2284

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумы өтті.

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шәукенова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д.Әбдіқадырова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатиялық корпус, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, халықаралық сарапшылар ұйымдары мен зерттеу құрылымдарының өкілдері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Форум аясында көпэтносты қоғамдағы диалог және тиімді коммуникациялар, жастардың көпэтносты қоғамдағы рөлі тақырыптарында пікірталастар ұйымдастырылып, қазіргі заманғы этнодемографиялық үрдістерінің проблемалары мен перспективалары талқыланды.

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Пленарлық отырыс жұмысын құттықтау сөзбен ашқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев бұл Ғылыми сарапшылық кеңес үшін өткен кезеңде атқарылған жұмысты саралап, алдағы міндеттерді айқындайтын кезең екенін айтты.

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

«Он жыл бұрын 2009 жылдың 28 қаңтарында Тұңғыш Президент, Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі құрылды. Оған ҚХА қызметінде тұрақтылық, этносаралық толеранттылық, қоғамдық келісім және жалпыхалықтық бірлік мәселелері бойынша жұмыс жүргізу міндеті жүктелді. Бүгінге дейінгі кезең ішінде Ғылыми-сарапшылық кеңес Ассамблея жанындағы кеңес беру-талдау органына айналды», - деген Жансейіт Түймебаев бұл алаңда Ассамблея дамуының Стратегиясына, ҚХА Тұжырымдамасына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы тың ұсыныстардың дүниеге келгенін айтты.

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

«Ғылыми-сарапшылық кеңестің «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым», «Дәуір және тұлға», «Балалар әдебиеті», «Мемлекеттік тілдің дамуы», «Қазақы тәрбие» секілді жобалары қазақстандық бірдейлікке қоғам назарын аударуға мүмкіндік берді. Кеңес алаңында алғашқы рет медиацияны қазақстандық тәжірибеге енгізу туралы мәселе қарастырылды. Бүгінде Ассамблеяның барлық аймақтарында медиация орталығы мен медиаторлар жүйесі жұмыс жасайды», - деді ғылыми-сарапшылық кеңестің қоғам дамуындағы маңыздылығына тоқталған Жансейіт Қансейітұлы.

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Ол ҚХА сарапшылар қауымдастығының алдында этносаралық тұрақтылық әлеуетін нығайту жөніндегі үлкен міндеттер күтіп тұрғанын айтты. 

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Сондай-ақ, осы мақсатта отандық ғалымдар мен шетелдік сарапшылардың басын қосқан бұл форумның мәселенің түйінін тарқатып, зерттеулер нәтижесімен бөлісетін, қазақстандық қоғамдық келісім үлгісін жетілдіре түсу мәселелері бойынша жаңа жобалардың тұсауын кесетін алаңға айналатындығына сенім білдірді.

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

Елдің ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып, қазақстандық ғылым саласының көкжиегін кеңейткен ғалымдар мен сарапшылардың бірқатары Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталды. 

Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

 Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі жаңа жобалар алаңына айналды

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға