Жаңалықтар

Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің конференциясы өтті

Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің конференциясы өтті
19.09.2019 18:06 2042

Аналар күніне арналған «Ана – барлық көркемділіктің үлгісі» атты Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің конференциясы өтті.

Кездесуді Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Нурия Ниязова ашты.

Аталмыш шарада құрметті қонақтардың арасында белгілі жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова да болды. Зейнеп апа өз халқының тарихынан алған даналығымен бөлісіп, адамгершілік тәрбие, рухани және отбасылық құндылықтар туралы әңгімеледі. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының әйгілі келінінің сөздерін барлығы назар салып тыңдады.

Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің конференциясы өтті

Сондай-ақ, шара барысында Алматы қаласы Білім беру басқармасы Медеу ауданы қамқор органының бас маманы Айткүл Кемебаева сөз сөйлеп, қорған және қамқор органдарының негізгі міндеттері туралы айтты.

Одан әрі шешен және ұйғыр этномәдени бірлестіктері Аналар кеңесінің төрайымдары өз кеңестеріндегі жұмыс әдістері, ағымдағы уақытта өткізілген шаралар туралы тарқатып берді.

Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің конференциясы өтті

Конференция соңында қаланың ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелеріне Алматы қаласының ҚХА атынан алғыс хаттар мен сыйлық сертификаттар табыс етілді.

Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің конференциясы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға