Жаңалықтар

Алматы облыстық ҚХА-сы жылды қорытындылады

Алматы облыстық ҚХА-сы жылды қорытындылады
23.12.2019 10:15 1947

Талдықорғанның Достық үйінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері мен белсенділерімен кездесуі өтті.

Алматы облыстық ҚХА-сы жылды қорытындылады

Маңызды шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚХА мүшелері, этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, аймақтық «Жаңғыру жолы» штабы және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аумақтық штабының белсендісі, Ақсу ауданы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Владимир Чеппель, «Милосердие» қоғамдық-қамқоршылық қорының атқарушы директоры Лариса Янина, ҚХА жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Закирджан Кузиев, облыстық кәріс орталығының басшысы Владимир Пак сөйлеп, атқарған істері жөнінде баяндады.

Алматы облыстық ҚХА-сы жылды қорытындылады

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық медалімен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, «Алматы облыстық славян қозғалысы» ҚБ төрайымы Наталья Белик, облыстық Еңбекшіқазақ ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі Савелий Карасивиди және «Қазақстан ұйғырларының республикалық орталығы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Закирджан Кузиев марапатталды.

Алматы облыстық ҚХА-сы жылды қорытындылады

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісіне Милосердие» қоғамдық қамқоршылық қорының директоры Лариса Янина ие болды.

ҚР Премьер министірінің Алғыс хатымен 2017 жылдың «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Елдос Баялышбаев марпатталды.

Сонымен қатар этносаралық татулық пен келісімді нығайту жолында белсенді жұмыс атқарып жүрген азаматар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы облысы әкімінің Құрмет Грамоталарын иеленді.

Алматы облыстық ҚХА-сы жылды қорытындылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға