Жаңалықтар

Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті
29.10.2019 18:23 3648

Таразда Достық үйінде «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» атты этноаспаздық фестиваль өтті.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің мақсаты – ұлттық тағамдарды дәріптеу және облыс этностарының гастрономиясымен таныстыру, аспаздық дәстүрлерді және тағам мәдениетін сақтау, ұлттық тағамдардың өзіндік ерекшелігін жас ұрпаққа қазіргі заманғы жағдайда көрсету, этникалық тағамдарды дайындауда жаңа технологияларды қолдану.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Екі бөлімнен құралған іс-шара «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге асуда. Фестивальдің бірінші бөлімінде аспаздар ұлттық тағамдардан шеберлік сыныптар ұйымдастырды.

Абай дәуіріндегі қазақ тағамдарынан Сымбат Сихимбаева «Іш май» және «Бүрме қарын» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Қарашай-балқар халқының ұлттық тағамдарын зірлеу бойынша Майса Алдабаева өз тәжірибелерімен бөлісті.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Тез дайындалатын тағамдардың шеберлік сыныбын Лола Абдықахарова ұсынды. Ол тай халықтарының, яғни шығыс елдерінің тағамдарын – суши, баклажан және туралған көкөністерді қалай дайындау керектігі туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Шеберлік сыныптың ұлттық сусындар және заманауи коктейльдер дайындау бойынша соңғы шеберлік сыныпты Александр Богданов өткізді. Ол қышқыл сүттен «Шалап» сусынын және түрлі коктейльдерді қалай дайындау қажеттгін көрсетті.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Іс-шараның екінші кезеңінде ұлттық асхананың тұсаукесері, тамақтану мәдениетінде дәстүрлі ұстанымдарды сақтау дәстүрлері таныстырылды. Қазылар алқасы мен этномәдени бірлестіктер өкілдері «Жаңғыру жолы» штабының белсенділерінің таныстыруымен облысты мекен ететін түрлі ұлт өкілдерінің асханасымен танысты.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Достық үйінің екінші қабатында орналасқан алаңшаларда әр ұлттың дастарханы жайылып, әуендері шырқалып, музыкалық аспаптары жайғастырылған. Тау халықтары қонақтарды «Лезгинка» биімен қарсы алды.

Одан әрі барлық қатысушылар шай дайындау бойынша шеберлік сыныпқа қатысты. Онда шайдың пайда болу тарихы, қайнату тәсілдері мен түрлері туралы кеңінен мәлімет берілді.

Фестиваль қатысушыларды бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.

  Таразда Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға