Киіз үй үлгісіндегі ерекше мейрамхана

Көркі көз тартатын жәдігер

Ерте замандардан бері қолданыста келе жатқан көшпелі коғамының атрибуты – киіз үй. Осыдан екі жарым, үш мың жыл бұрын өмір сүрген сақтардың үлкен арбаның үстіне тіккен киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болғаны қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Демек киіз үй ғасырдан-ғасырға жалғасқан ұзақ тарихы бар сахара халықтарына ғана тән озық жәдігер.

Көшпенді қазақ үйлер бүгінгі таңда Еуропа халқының тұрмысында жиі қолданылады екен. Англияда жаз кезінде үйлену тойларын арнайы дизайнерлік киіз үйлерде атап өтуді сәнге айналдырған. Осылайша ежелгі көшпенділердің негізгі баспанасы болған, ұлтымыздың бренді іспетті киіз үй – күллі әлем архитекторлары мен дизайнерлерінің ықыласын арттырып отыр.  

Қазақ азаматтары тарихи құндылықтарды заманға сай әрлеп, тұрмысымызға икемдеп, қолданысқа еңгізе бастады. Міне соның бір дәлелі Шыңжаңның Мори қазақ ауданында «Алтын орда» деп аталатын екі қабатты мейрамхана.

Бұл киіз үйдің бүгінгі заманға сай жетілдірілген түрі деуге болады. Іші-сырты түгелдей қазақи ою-өрнектермен көз тартарлық етіп безендірілген.

Астыңғы қабатта шағын би алаңы мен тамақтануға арналған жайлы орналасса, екінші қабатында оншақты адам оңаша емен-жарқын отыра алатын айрым бөлмелері бар.

Ұқсас материалдар