Жаңалықтар

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптан» үзінді

Елбасы Н.Назарбаев туралы жаңа кітаптың тұсауы кесілді
«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптан» үзінді
05.07.2017 16:08 5222

    Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы «О великой жизни» – «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітабының тұсаукесері өтті.
    Кітаптың авторы – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Александрович Зенькович.


     El.kz редакциясы аталған кітаптан қызықты үзінділерді назарларыңызға ұсынады.

***
    Атасы қайтыс болған соң, шаңырақты Нұрсұлтанның әжесі Мырзабала басқарды. Әжесі соншалықты қайырымды әрі қамқор жан еді. Немересі дүниеге келе сала оны айналып-толғанды. Оған Нұрсұлтан деп ат берді. Нұрсұлтан әжесін өте жақсы көрді. Оған деген ыстық сезімін өмір бойы сақтауда. Әжесі өмірден өткенде Нұрсұлтан бес жаста болатын. Көрікті, ұзын бойлы, тіп-тік, ақ киімді бейнесі көз алдында.
Әжесі нәрестеге неге мұндай ат берді? Ол өте сирек, ал Үшқоңыр мен оның маңайында мүлде кездеспейтін. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазушылар әжесінің  тойдан кейінгі мына сөзін келтірді:
– Алланың 99 аты бар. Оның бірі – Нұр. Екіншісі – Сұлтан. Мына жаман немерем осы екі атты бірден иеленіп, Нұрсұлтан болсын!
***
    Әрбір адамда өмір құндлылықтарының өзіндік өлшемі болмақ. Адамдардың көпшілігінде ол түрлі қосындылардан тұрады, бірақ азаматтық санасы дамыған болса мына үш сөз міндетті түрде кездеседі. Ең маңызды сөздер: «Отан, отбасы, мен».
Олардың қатары, баяндалу реті әркімде әрқалай. Бұл кездейсоқтық емес, адамның қайсысына басымдық беруінен туған заңдылық. Біреудің «мені» бірінші орында тұрса, біреуде «отбасы».
Нұрсұлтан Әбішұлында бұл сөздердің реті өмір бойы өзгермеді. Бірінші орында әрқашан да – «Отан».
***
    Нұрсұлтан Әбішұлында теңге эскизін жасаушылармен қызғылықты әңгіме өтті. Жаңа ақша купюрлерінің түрі қандай болады? Оларда не бейнеленеді? Немесе кім?
Жасаушылар екінші сұраққа жауап бергенді жөн санайды. Сөйтіп беткі жағына Қазақстанға ғана емес, көптеген елдерге белгілі адамның портреттерін салады.
Портретті көріп, оны қазақ халық эпосындағы батырлардың бірі деп ойлаған Нұрсұлтан Әбішұлы эскизді қолына алып, қарай бастайды. Сосын таңданған жанарын жасаушыларға аударып, портретті нұсқап, қатаң түрде сұрайды.:
– Мынау кім?
Жасаушылар абдырап қалады. Сұрақтың ызғарынан Президенттің көңілінен шықпағанын аңғарылған.
– Сіз ғой, Нұрсұлтан Әбішұлы, – дейді олардың бірі амалсыздан.
– Мен кіммін? – деген одан сайын қатқылданған дауысты естиді олар. 
– Президент...
– Ненің Президенті? Біздің еліміз қалай аталады?
– Қазақстан Республикасы. Сіз оның Президентісіз.
– Дұрыс. Ал мына Африкаға жол болсын?
Жасаушылар әбігерге түсіп қалсын. Сөз не туралы?
– Тек сонда, онда да жеке елдерінде, оларды ел дей де алмайсың, ақша купюрына өз тайпаларының көсемдерін бейнелеейді. Онда өйткені, тайпа, қауымдық-рулық сана. Ал, бізде? Өздерің жаңа ғана айттыңдар ғой: рес-пуб-ли-ка! Айырмасын ұқтыңдар ма? Біз – осы заманғы еуразиялық мемлекетпіз!..
Жасаушылар бір-біріне ыңғайсыздана қарасты. Нұрсұлтан Әбішұлы сөйткенше өкінішпен жалғастырсын:
– Егер елде инфляция екі мың проценттен асып жатса, ақшаға мемлекет басшысының портретін қалай салуға болады, ә?
– Ал кімді саламыз?
– Атақты бабаларымызды. Не, олар бізде аз ба еді?
Президенттің кеңесі орындалатын болды. Теңгенің беткі жағына – халық мақтан ететін атақты қазақтардың портреттері, артқы жағына тарих пен мәдениет ескерткіштері салынды.
– Міне, жөн, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы оған жаңа үлгілерді әкелген кезде, – біздің өркениетті ел екеніміз енді көрініп тұр.
***
    Астананы ауыстыру идеясын Президент 1994 жылы 6 шілдеде Жоғары Кеңес мәжілісінде айтқан. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының туған күні еді. Өз ұсынысына депутаттардың қалай қарағанын ол бүгінде күліп еске алады:
– Бұл нағыз «мылқау сахна» болды. Гогольдің «Ревизорындағы» сияқты. Үрей сезімі, таңырқау, нағыз шошыну беттерінен байқалып тұрды. 
Алақан сирек соғылды, бұрынғыдай ду қол шапалақтауға ұласпады. Ол тоқтағанда залда меңіреу үнсіздік басты. 
Талқылауда дауыс екі жарылды. Көпшлігі: ауыстырудың әлемдік тәжірибесін талдап, оның жағдайы әрқилы болғанын түсіндірді. Қазақстан астанасын ауыстырудың қажеттілігі неге кенеттен пайда болды?
Кенеттен емес. Бұған дейін Қазақстанның Министрлер Кеңесі мен Компартиясы ОК-сін басқарып тұрғанда Алматының астана ретіндегі функциясын атқаруға аса жарамды еместігін анықтаған. Қалада кеңейтетін кеңістік жоқ. Жаңа әкімшілк ғимараттар мен тұрғын үй кешенділерін салуға бос алаңдар болмайтын. Жан-жағынан тау қоршап, сейсмологиялық қатер төніп тұрады.
Неге Нұрсұлтан Әбішұлының назары нақ Ақмолаға түсті? Біріншіден, ол Қазақстанның географиялық орталығына орналасқан. Астананың қолайлы орын таңдауда аса мңызды шарт болып табылады.
***
    «Патша-ұстаз» аталатын картина талайларға кеңес кезіндегі мектеп оқулықтарынан мәлім. Онда қолында балтасы бар еңселі адам шетелдіктер тобы расында бейнеленген. Киіміне қарағанда – олар жұмысшылар.
Дәл солай: бұлардың кеме жасаушы голландықтар екені жазылған. Ал олардан бойы ұзын адам – басқа еимес, Бірінші Петр. Иә, иә, Ресей патшасы. Ол Ресейде болмаған кемелерді жасауды үйрену үшін Голландияға Петр Алексеевич атымен келген. Өзінің батыл жоспарларын жүзеге асыру үшін қуатты флотты қолда ұстауды ойластырған. 
І Петр голланд шеберлерінен үйрену үшін ХҮІІІ ғасырда сапарға шықты. Өзіне дейін, өзінен кейін бойында патша қаны барлардың бірде-бірі істемеген әрекетке барды. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осыған ұқсас қадам жасайды.
Ол жетекші мұнай корпорацияларының Калифорния мен Луизиана штаттарындағы кәсіпорындарың тәжірибелерімен жеке танысу үшін АҚШ-қа аттанды. Вашингтон мен Нью-Йоркте кездесулер өткізді.
Жарайды, әлемдегі ең қуатты державаның басшыларымен келіссөздер – қисынға сияды. Ол өйткені, Штаттарға жай шебер Петр Алексеевич ретінде келген І Петр сияқты емес, нақты өз аты-жөнімен келді. Лауазымын жасырмады. Оны естігенде «Шеврон» әкімшілігіндегі кейбіреулердің екі көзі маңдайынан шығып кете жаздаған.
«Шеврон» қызметкерлерін қонақтың мұнай менеджменті барысына қаныққанда соншалықты ынтасы таңырқатты. Оны әсіресе, инвестициялау зңдары мен тетіктері қызықтырды. Оның үстіне өзінің біліктілігін көрсеткені сондай кезде мамандығы мұнайшы ма деп сұрап жатты.
– Жоқ, – деп жауап берді ол. – Металлургпін. 
Жаңа өмір ақиқаттары мұнаймен айналысуға мәжбүр етті. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің материалдық негізіне, іргетасына айналды. Әйтпесе, егемендік қағаз бетінен аспай қалатын. 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға