Жаңалықтар

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2018» жобасының жеңімпаздары анықталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесті
«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2018» жобасының жеңімпаздары анықталды
13.02.2019 19:24 10615

Былтыр осы ауқымды жобаның екінші кезеңі өтіп, «100 жаңа есім» дарынды, өнегелі қазақстандықтармен толықты. Жобаға қатысу үшін 100esim.el.kz сайтына 2388 өтініш келіп түсті.  Үш кезеңнен тұратын іріктеудің қорытындысы онлайн дауыс берумен аяқталды. Нәтижесінде ең көп дауыс жинап, көпшіліктің ықыласына бөленген 29 адам «Қазақстанның 100 жаңа есімі 2018» жобасының жеңімпазы атанды. Олардың арасында ғылым-білім, медицина, мәдениет, білім беру және спорт саласының белді өкілдері бар. Есімі елге танылатын бұл азаматтардың тарихы, табысқа жету баяндары қазақстандықтарды өз саласында үздік нәтижеге жетіп, жаңа белестерді бағындыруға ынталандыратыны сөзсіз. Елбасы «100 жаңа есім» жобасының қатысушыларымен Астана қаласындағы Қазмедиа орталықта жүздесіп, олардың толағай табыстарының сырларымен танысты.  

Қазақстанның 100 жаңа есімдері 2018 жобасының жеңімпаздары:        

1. Ларион Лян

2. Асан Жолдасов

3. Болат Сұлтанқұлов

4. Чингиз Шашкин

5. Айдос Сайлығараев

6. Александр Пупенко

7. Әлібек Әлмадиев

8. Батыржан Смақов

9. Алмаз Ибрагимов

10. Иван Крепак

11. Нурхат Жакиев

12. Әлібек Ибраев

13. Дәурен Әділбай

14. Сухраб Жапаров

15. Тамила Муридова

16. Ердос Төлегенов

17. Серік Нұркенов

18. Мая Жұманбекова

19. Әмір Қуат

20. Мақпал Тажмағамбетова

21. Мынжылқы Бердіқожаев

22. Никита Амоскин

23. Бахтияр Базарбеков

24. Айдос Есмағамбетов

25. Ғалым Нұрланов

26. Ержан Сәлімгереев

27. Анвара Садыкова

28. Назгүл Кенжетай

29. Евгений Чуриков

Суреттерді түсірген Б.Жуасбаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға