Қыздарға арналған лайфхактар

04.01.2017 6046

Пайдалы кеңестер

  • Тырнақты лакпен бояп болған соң, оның тез кебуі үшін қолыңызды суық суға салыңыз. Үш минут ішінде тырнақтарыңыз кеуіп үлгереді.

  • Егер, көз бояйтын қарындашыңыз қатты жағылып, көзіңіздің айналасын ауыртар болса, оның ұш жағын біраз уақыт оттың жанына жақындатыңыз. Сонда қарындаштың ұшы жұмсарады.

  • Лактың қақпағы оңай ашылуы үшін, оған қарапайым резеңкені тағып қойыңыз. Сонда қақпақ оңайырақ ашылады.

  • Тарағыңызға сүйікті иіссуыңызды сеуіп қойсаңыз, шашыңыздан да әрдайым жеңіл, жағымды иіс шығатын болады.

  • Тырнағыңызды бояп жатқанда, лакты саусағыңызға да жағып алмас үшін саусағыңызға резеңке орап алыңыз.

  • Егер, сізде үтіктейтін тақта болмаса, киімдердің жағасына шаш «үтіктейтін» құралды пайдалануға болады.

  • Ерінге жағатын далабыңыз сынып қалса, оның сынған бөлігін оттыққа (зажигалка) жақындатыңыз. Содан соң, сынған бөлікті далапқа қайта жапсырып, 15-30 минутқа тоңазытқышқа қойыңыз.

  • Қоңыр қант, зәйтүн майы және балды қосып, ерінге арналған табиғи иісмай жасауға болады.

  • Көзге жағатын бояуыңыз тым жылтыр болса, оны түссіз лакқа қосып, су жаңа лак жасап алыңыз.

  • Таңертең еш жерге кешікпеу үшін өзіңіздің сүйікті әуендеріңізді қосып қойыңыз. Ең соңғы ән ойналып біткенше, сіз үйден шығуыңыз керек. Бұл сізді бір жағынан тәртіпке үйретсе, екінші жағынан, көңіл-күйіңізді көтереді.