Жаңалықтар

Тарихпен терең танысуға жол ашады

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Әкім Таразидың пікірі
Тарихпен терең танысуға жол ашады
21.11.2018 17:41 4963

– Елбасымыз өз мақаласында тарихқа деген дұрыс ұстанымның болуы түбімізді, ата-тегімізді ұмытпауға, оны зерттеп, зерделеп кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады. Расында да, тарихты білу, ұлттың ұлт болуып қалыптасып, әрі қарай іргесінің мықты болуына ерекше үн қосады. Елбасы тереңде жатқан тарихымызды қазіргі заманауи ғылымның өлшеміне салуға ниетті. Қазақтың қазақ болып негізі қаланған тұстан да, әріге үңілуге, біздің ұлттың ғасыр жиегін кеңейтуге сеп болатын мақала бұл.

Ұлы даланы мекендеген халықтың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін толық танып, оның өшіп бара жатқан тұстарын қайта жаңғыртуға ерекше үлес қосады деп білемін. Біз көз қырын салмай жүрген көптеген тарихи жаңалықтардың болғандығын, сол кездегі жылнамалар біздің бабаларамыздың тапқырылығы турасында келтірген деректерін барлығымыз біле бермейміз. Енді, міне сол тарих тұңғиығына терең сүңгіп, оны бүгінгі ұрпаққа таныстыруға уақыт жетті.  Сол үшін «Архив-2025» бағдарламаны қолға алуды ұсынады. Оның жетістігін алдағы уақыттары анық көретін боламыз. Елбасы алдымен тарихты танып барып, болашаққа бет түзеуді міндетіміз санайды. Сондай-ақ, Ұлы Даланың ғұламалары мен ірі тұлғаларын да ұмыт қалдырмай, ғылыми-көпшілік сериялар шығару да керемет идея. Сонау түркі халқының түп тамырынан бүгінге дейінгі өркениетін көрсету – менің ерекше қолдайтын жобам. Біздің ұлы тұлғаларымызды тек қазақстандықтар ғана емес, әлем білу үшін де жасалатын жұмыстар көңіл қуантып отыр. Біз дүние жүзіне өзіміздің батыр, дана бабаларымызбен толық мақтана аламыз.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде шығып отырған бұл мақаланың қазақ үшін, тарих үшін берері көп болатынына бек сенімдімін. Нұрсұлтан Әбішұлы «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» дейді.

(Фотосурет ашық ғаламтор көзінен алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға