Жаңалықтар

20 қыркүйек кинопремьералары

Аптаның үздік премьералары
20 қыркүйек кинопремьералары
20.09.2018 10:15 7309

Бүгін: Көкпар туралы қырғыз-қазақ картинасы, шпион Джонни Инглиш туралы үшінші кинокомедия, Таиланд түрмесінде ережесіз төбелеске қатысуға мәжбүр болған шынайы оқиға, Джеймс Ванның «Заклятие» хоррор-франшизасына кіретін кезекті спин-офф, Анна Кендрик пен Блейк Лайвли ойнаған детектив-триллер, Эмбер Хёрд, Тео Джеймс, Кара Делевинь, Джейсон Айзекс, Джим Стерджесс, Билли Боб Торнтон және Джонни Депп секілді жұлдыздардың басын қосқан триллер, Болливудтың кино жұлдызы Рани Мукхерджи ойнаған үндінің әлеуметтік драмасы, Интернетке тәуелділік туралы Ресейдің музыкалық комедиясы, темір рыцарь туралы неміс мультфильмі.

«Время стойких» (Көкпар) - қырғыздың Руслан Акун деген режиссері түсірген драма. Ол көпшілікке «В поисках мамы», «Салам, Нью-Йорк» картиналарымен белгілі. Басты рөлдерде қазақстандық Асылхан Төлепов  пен Гүлназ Жоланова ойнайды.

Фильм Мақсат деген жігіт және оның «Аманат» деген командасы туралы. Мақсат «Жалын» атты команда құрамында ойнайтын көкпар ойыншысы. Маңызды ойындағы жеңілістен кейін оны командадан шығарып жібереді. Туған жеріне оралған соң, Мақсат тұрғындар арасынан өз командасын жасақтамақ болады.

«Агент Джонни Инглиш 3.0» (Johnny English Strikes Again) – шпиондық фильмдерге пародия ретінде жасалған британдық комедия. Көпшілікке Мистер Бин образымен танымал Роуэн Аткинсон ойнайды. Естеріңізде болса осыған дейін екі бөлімі жарық көрді.

Сюжет бойынша патшайымның құпия қызметінің барлығы қатардан шығып қалады. Ойынға қосалқы нұсқа қосылады. Ол - Агент Джонни Инглиш.

«Бои без правил» (A Prayer Before Dawn) – сюжеті өмірде болған оқиғаға негізделген экшн-драма. Фильм премьерасы 2017 жылы Канн кинофестивалінде өтті.

Билли Мур есімді жас британ азаматы Таиланд түрмесіне түседі. Бұл жерде қылмыскерлер арасында ережесіз жекпе-жек өтеді. Бұл жерден аман шығу үшін Билли осындай төбелеске қатысуы керек.

«Проклятие монахини»  (The Nun) – Джеймс Ванның «Заклятие» хоррор-франшизасына кіретін кезекті спин-офф.

Сюжет бойынша Румыниядағы монастырда жас монах әйел өзіне қол жұмсап, қайтыс болады. Ватикан осы істі тергеу үшін дін қызметшісін және монастыр өкілін жібереді. Олар монах әйел кейпіне енген жынмен бетпе-бет келмек. Осы кезде сенім мен рух сынға түседі.

«Простая просьба» (A Simple Favor) – Дарси Беллдің аттас романына негізделген қылмыстық детектив. Басты рөлдерде - Анна Кендрик пен Блейк Лайвли.

Шағын қалада тұратын блогер-ана Стефани құрбысының бір өтінішін орындағаннан кейін, ол із-түссіз жоғалып кетеді. Стефани құрбысының күйеуімен бірге шындықтың бетін ашуы керек.

«Лондонские поля» (London Fields) – Эмбер Хёрд, Тео Джеймс , Кара Делевинь, Джейсон Айзекс , Джим Стерджесс , Билли Боб Торнтон және Джонни Депп секілді жұлдыздардың басын қосқан триллер.

Фильмде болашақты болжай алатын Николай Сикс есімді сұлу бойжеткен туралы баяндалады. Ол  өзінің жақын арада өлетінін сезеді. Ол бірден үш еркекпен қарым-қатынас орнатады және осы үшеудің біреуі оны өлтіретінін алдын-ала біледі.

«Я – препод» (Hichki) – Болливудтың кино жұлдызы Рани Мукхерджи ойнаған үндінің әлеуметтік драмасы.

Фильм Туретт синдромына шалдыққан ұстаз туралы баяндайды (бұлшықеттердің тартылып, басқаруға келмейтін іс-қимылдарды және еріксіз дыбыс шығаруды тудыратын жүйке жүйесінің бұзылуы). Фильмнің басты кейіпкері Нэна мұғалім болуды бала кезінен армандайды. Бірақ оның бойындағы ауруы көпшіліктің алдында өзін еркін сезінетін адамдардың қатарынан көрінуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, өз мақсатына жету жолында ешнәрседен қаймықпаған бойжеткен, өзгелерге қарағанда, қашан да бірінші болып көмекке келуге дайын. Ол үшін Нэнаға өзгерудің де қажеті жоқ, оныңбасты қасиеті - оның қарапайымдылығы.

«Один день лета» - Ресейдің музыкалық комедиясы.

Фильмде лайк пен селфи үшін өмір сүретін Катя есімді қыз туралы баяндалады. Алайда жазылушылар саны оның көңілін көншітпейді. Санкт-Петербургте бір атақты суретші тұрады, бірақ оның кім екенін ешкім білмейді. Егер Катя сол суретшімен селфи жасаса Интернет жұлдызына айналмақ. Бірақ қыздың жоспарын әуежайдағы бейтаныс бұзады.

«Храброе сердце. Заговор в королевстве» (Ritter Rost 2: Das Schrottkomplott) – немістің анимациялық картинасы, 2013 жылы шыққан «Храброе сердце» мульфильмінің жалғасы.

Металломия патшалығында қаржы дағдарысы басталады. Қазынада ақша таусылып, патша армияны таратып жібереді. Сол кезде полиция басшысы патша билігін тартып алады. Расти есімді рыцарь елдің қорғаны болуды өз міндеті деп біледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға