Жаңалықтар

Асқабақтан әзірлеуге болатын тағамдар

Дәмді әрі пайдалы
Асқабақтан әзірлеуге болатын тағамдар
14.02.2018 11:26 31984

Денсаулыққа пайдасы

Рецептке кіріспес бұрын, әуелі асқабақтың денсаулыққа пайдасын зерделейік. Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Бұған қоса жүрегі әлсіз жандарға, түрлі аурудан ығыр болып жүдеп-жадаған жандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Әдетте біз асқабақты тазалағанда ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» алып тастаймыз ғой. Ол дұрыс емес екен, қайта сол бөлігін күйген денеге таңса шипасы мол. Осы дәстүрлі емді ақ халаттылар да мақұлдайды. Отқа немесе ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сарысын таңса күйік тез жазылады.

Асқабақ бұдан өзге көптеген ауруларға шипа. Мәселен:

– көзі нашар көретіндерге;

– қан аздық (анемия);

– семіздікке;

– несеп-жыныс жүйесінің түрлі ауруларына;

– өт айдауға;

– бүйрекке;

– паразиттерді жоюға пайдасы көп.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Асқабақтың құрамы  ақуыз, каротин, кальций, темір, магний, фосфор сондай-ақ A, B1, B2, PP және C дәруменіне бай.

Асқазан қыжылдаса суға немесе сүтке пісірілген асқабақ ботқасын ішіңіз.  Сол үшін асқабақтың ұзаққа шыдайтын түрін алып, үйіңізде сақтасаңыз қажет кезінде пайдасын көре аласыз.

Асқабақ бауырға өте пайдалы. Құрамындағы С, В, РР метоболизмнің əлсіреуіне жол бермейді.  

Асқабақтан қандай тағамдар әзірлеуге болады?

Асқабақ қосылған манты дәмді шығатынын бәріміз білеміз. Алайда бақша жемісінің ішіне фарш толтырып, пешке пісіріп көрдіңіз бе? Білмесеңіз үйретейік. Бұл тағам денсаулыққа пайдалы әрі дәмді, әрі дастарханның сәнін келтіріп, меймандарыңыздың көңілінен бірден шығатынына бек сенімдіміз.

Асқабақтың сыртын жуып, ортасын ойып, ішіндегі пістелерін тазалаймыз. Алдын ала күрішті жуып тазалап аламыз. Оған ұсақталған ет немесе фарш, пияз, тұз бен өзіңізге ұнайтын дәмдеуіштер қосып, асқабақтың ішіне орналастырамыз.

Асқабақтың ортасына салынатын қоспаны алдын-ала бір рет аз мөлшердегі майға қуырып алсаңыз да болады.

Тағы бір ескерту, дайын массаны асқабақтың ортасына салғаннан кейін, ортасын ойып қойған дұрыс. Ойыққа мөлшерлеп су құйыңыз. Ол күріштің пісуі үшін қажет. Не болмаса күрішті алдын ала суға бір қайнатып алсаңыз да болады. Бұл тағамның тез пісуіне және шикі болып қалмауына кепілдік береді.

Дайын асқабақты қызып тұрған пешке 180-200 градуста 25-30 минут пісіресіз.  Асқабақтың сыртқы қабығы қызарып, күйіп бара жатқандай болса одан әсте қорықпаңыз. Солай болуы тиіс. 30 минуттан кейін шанышқымен тексеріп көрсеңіз болады.

Піскен асқабақты дастарқанға сыртқы қабығын аршып ұсынсаңыз да болады.

Асқабақ қосылған тәтті бәліш

Ингредиенттер:

Асқабақ – 400 гр

Май – 100 гр

Жұмыртқа – 3 тал

Лимон – 1 тал

Ұн – 1 стақан

Ас содасы – 1 шәй қасық

Әзірлеу әдісі

Асқабақтың қабығын аршып, үккіштен үгімезі. Оған лимонның қабығын да үккіштен үгіп, қосамыз. Қабығы аршылған лимонның шырынын сығып аламыз. 1 шәй қасық ас содасына 50 грамм лимоны қышқылын қосып, араластырамыз. Бөлме температурасында еріп тұрған майды қантпен араластырып, шұңғыл ыдысқа асқабаққа қосамыз. Үстіне жұмыртқа мен ас содасын қосып, ақырын араластырамыз. Бәлішті пісіретін ыдысыңызға май жағуды ұмытпаңыз. 180 градуста ысып тұрған ыстық пешке, 40 минут пісіреміз. Бәліш дайын, дәмді әрі пайдалы.

Асқабақ шырыны

Асқабақ – 500 г

Қант – 100 г

Лимон – 1 тал (қалауыңызға қарай)

Қалыпты әдіс. Асқабақтың қабығын аршып, бөлшектеп бөлеміз. Шырынсыққыштан өткіземіз. Егер шырынсыққыш жоқ болса, үккіштен өткізуге болады. Сосын мәрлінің көмегімен шырынын сығуға тырысыңыз.

Келесі әдіс:

Асқабақты тазалап, бөлшектерге бөліп, шырынссықыштан өткіземіз. Қантты бір литр суға  қосып қайнатмыз да үстіне асқабақты қосамыз. Бір бұрқ етіп қайнағаннан кейін, салқындатып ішуге болады. Лимонын қышқылын сығып алып, ішетін шырыныңызға қоссаңыз дәмі тіл үйіреді.

Шырынның денсаулыққа пайдасы

1. Жүйкеңыз сыр беріп жүрсе, асқабақтың шырынын немесе қайнатпасын балмен араластырып, ұйқы алдында ішуді әдетке айналдырыңыз.

2. Бүйрегіңіз бен бауырыңыз мазалап жүрсе, күніне 1 стақан асқабақ шырынын ішіп тұрған абзал. Шырынды жаңа дайындалған күйінде ғана ішкен дұрыс.

3. Жүктілік кезінде токсикозға таптырмас дәрі. Асқабақ шырыны жүректің айнуын басады.

4. Асқазан, ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе жасап ішеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға