Жаңалықтар

Алма мен сыр қосылған д​иеталық салат

Құнарлы әрі жеңіл 
Алма мен сыр қосылған д​иеталық салат
30.01.2018 13:16 10691

Ингредиенттер:

Алма – 200 г

Жұмыртқа – 3 тал

Майлылығы төмен сыр – 100 г

Пияз – 1/3 шт

Аскөк – 1/2 бума

Тұз бен бұрыш – қалауыңызға қарай

Дайындау әдісі:

Алдымен сырды ұсақ етіп турап аламыз. Үстіне алманы қалауыңызға қарай ұзыншақ немесе кубик формада турап қосасыз. Пиязды өте ұсақ етіп турап, сыр мен алмаға қосамыз. Піскен жұмыртқаны да турап, қосамыз. Аскөкті бетіне сеуіп, тұз бен бұрышты қалауыңызға қарай қосып, майонезбен араластырамыз.  

Ас дәмді болсын!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға