Зика вирусы донорлық қан арқылы тарауда

09.02.2016 3749
4 ақпанда Бразилияда донорлық қан құылған адам Зика вирусынан көз жұмғаны белгілі болды.

25 қаңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Латын Америкасының бірнеше елінде кеңінен тараған африкалық Зика вирусы бүкіл Америка құрлығына (Канада мен Чилиді қоспағанда) қауіп төндіріп тұр деген мәлімдеме жасады. Ал 4 ақпанда Бразилияда донорлық қан құйылған адам Зика вирусынан көз жұмғаны белгілі болды.

Бразилия денсаулық сақтау органдарының айтуы бойынша, донор болған адам масаның шағуы арқылы инфекция жұқтырып, Зика вирусына шалдығыпты. Ол адам өзінің науқастығын білмегендіктен қанын донорлыққа тапсырған екен.

Сан-Паулу қаласының Кампинас денсаулық сақтау органының деректері бойынша 2015 жылы сәуірде қару оғынан жарақаттанған адам көп мәрте қан құйылу себебінен Зика вирусын жұқтырыпты. Мамандардың тұжырымына қарасақ, жарақаттанғанға құйылған донорлық қанда инфекция болған екен.

Зика әдетте маса шағулары арқылы таралады. Сондықтан вирустың қан құйылымдары арқылы таралуы індетті жоюға кесел тудыруда. Бірқатар елдер қан қорын таза сақтау үшін қан донорлығын тоқтатып отыр.

Зика вирусы әлемнің 30 елінде таралған. Ал алғаш рет ауру Бразилиядан шықты. Вирустың себебінен мыңдаған бала микроцефалиямен дүниеге келіп жатыр. Яғни жаңа туған сәбилердің бастары тым кішкентай және милары әлсіз дамыған.

Кампинас денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінің мәлімдеуінше инфекция жұқтырған жоғарыда айтылып кеткен донор қанның иесі басында безгек тәріздес белгілер көрсеткен болатын, алайда дәрігерлер ауруды қате таниды. Сондықтан науқастың Зика вирусына шадыққанын қан сараптамасы 28 қаңтарда ғана анықтап береді.

Алайда Кампинас университетінің қан орталығы Зика жұқтырған донорлық қан құйылған адамнан ешқандай ауру белгілері байқалмағандығын рәсімдеді. Яғни қан құылған адамның дені сау және Зика вирусына шалдықпаған.

Бразилия денсаулық министрлігі бірінші жағдайда адам Зика індетінен емес қару жарақатынан қаза болды деп мәлімдейді. Кейін қан тапсыруға келген адамдарда безгек белгілері байқалған жағдайда аурудан толық емделгеннен 30 күннен соң келуді талап ететін болды.

Америкалық Қызыл Крест ұйымы донорлыққа ниет білдірген адамдарды қан беруге кемінде 28 күн күтуге көндірді. Олардың мәлімдеуінше континентальді АҚШ мекенінде қан донорлығы арқылы вирустың таралу мүмкіндігі өте төмен. Зика індетінің белгілері 14 күннің ішінде белгілі болатынын айтты. Сондықтан қан алынған донорларда ауру табылған жағдайда Қызыл Крестке хабар жеткізуді сұрайды. Бұл әрекет қан қорынан инфекция жұқтырылған қанды жоюға септігін тигізеді.

Тағы бір алаңдататын жәйт, вирус жыныстық қатынас арқылы да таралуы мүмкін. Техас денсаулық сақтау органдарының айтуынша Даллас тұрғыны індет таралған Венесуэла қаласына сапарынан кейін ауру жұқтырғаны анықталған.

Зика вирусы кеңінен зерттелмеген және оны емдеудің тиімді жолы жоқ. Вирустың себебі неде және қандау қаупі бар деген сұраққа жауапты мына мақаламыздан таба аласыздар.


Айсауле НУРЛЫБЕК

Ұқсас материалдар