Өрмекші адам Алматыға келді

21.04.2016 2189
23 сәуір күні атақты Ален Робер Алматы қаласындағы Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шығатындығы белгілі болды.

23 сәуір күні атақты Ален Робер Алматы қаласындағы Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шығатындығы белгілі болды. Биіктігі 168 метрді құрайтын алып ғимаратқа өрмелеп шығу небары 40 минутқа созылады деп жоспарлануда.

53 жасар Ален Робертті жанкүйерлері «Өрмекші адам» деп атап кеткен. Ол Дубай қаласындағы әлемдегі ең биік «Бурдж Халифа» ғимаратына 6 сағатта өрмелеп шығып, рекорд жасаған.

Бурдж Халифа ғимаратының биіктігі — 828 метр.

Өрмекші адамның өнерін кез-келген адам тамашалай алады. Ал әкімшілік тарапынан — дәрігерлер мен тәртіп сақшылары көмек көрсетуге арнайы келеді.

Робер ғимараттарға өзінің ішкі қорқынышын жеңу үшін өрмелеп бастағанын айтты.  


Алмас САУДАНБАЙ

Ұқсас материалдар