Отандық радиолардағы қазақ тілді ойын – сауықтық бағдарламалардың заманауи келбеті

26.07.2016 4300
Радио

Сіздер үшін радио дегеніміз не? Мен өз статистикамды  жасадым. Соған орай жалпы қоғамдағы адамдар оның ішіндегі достарымның, жақындарымның, таныстарымның 80 % - ы  « радио - ол құлаққаппен тыңдалатын жай нәрсе» деп баға берді . Ал  50 %-ы ол  көлікте  жүргенде  тыңдауға  қолайлы, көңіл - күйге әсер ететін фактор.  Анамнан  сұрасам,  радио  ол  тамақ  әзірлеп жүргенде,  үйді  жинап  жүргенде  тыңдауға  арналған,  және  де  көп  уақытыңды алмайды , ал  әкемнен сұрасам мен көбіне алысқа  жол  жүретіндіктен, радионың тұрақты тыңдарманы ретінде оның жеделдігі, көңіл күйге тікелей әсер ететініні  туралы  айтпай кету мүмкін емес – деп әрқайсысы баға беріп жатты. Ал мен үшін радио ол көңіл күй барометрі.  Адамның ең асыл қасиеттерін дәріптейді .  

      Радио - біреу үшін бар өмірінің мәні болуы мүмкін, ал біреу үшін  жұмысқа келіп жай  бағдарламаны  жүргізіп  кетудің  амалы ғана болуы  мүмкін. Радио - ол әңгімелесу, біреуге ойын арқылы  ой салу, тыңдарманды жан - жақты зерттеп, оның  психологиясын  түсіну, оны сөйлете білу . Қазіргі таңда адамдардың көбісі, оның ішінде қала тұрғындарының жүйке жүйесі тозған, әлсіз болып келеді. Өзінің ішкі проблемаларын ешкімге айта алмағандықтан, автобуста болмашы нәрсеге кондуктормен немесе жанындағы адамдарды қырып жоюға дайын тұрады. Тіпті жұмысқа өз проблемаларын алып барып, коллективпен тіл табыса алмай жатады. Міне дәл осындай кезде психологиялық, достық көмегі қажет екенін сезесің. Радио тыңдауға кеңес бересің. Өйткені , радио -  ақпарат  таратушы ғана емес, эмоционалды көңіл күйге әсер етуші  қолжетімді  құралдың  бірі. Білікті маманға барып жазылу көп қаражатты қажет етеді, оны қалтамыз көтере бермеуі мүмкін. Ал, қарапайым психологқа кірер болсаңыз, сіздің проблемаңыздың үстіне тағы бір проблема қосып береді. Шындығында , психологқа бару үшін уақыт таба алмай қаламыз. Өйткені, мына жаhандану дәуіріне ілесем деп жүріп, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамаймыз. Сондықтан радиоға хабарласып, психологтан кеңес алу мүмкіндігіңізді пайдалансаңыз болады. Қысылмай сұрақтарыңызды  қойып, жақсы  кеңестерге байисыз, жан дүниеніңіз тазарады.     

         Мен радио тыңдаймын, өйткені радио уақытыңды алмайды. Құлағыңды түрсең болды , жаныңды жай таптырар  жақсы сөз де, жүрек тербер ән мен күй де осында.  Жақсы сөз дегеннен шығады, радиодан берілетін хабарлардың бәрі бірдей жауhар емес. Әсіресе соңғы жылдары атына заты сай  келмейтін бағдарламалар , оны жүргізетін білім – білігі төмен, даусы жағымсыз , тәжірибесіз журналисттер тіпті көбейіп кетті. Сол үшін де әр журналист бағдарламаның бағыт - бағдарына  аса мән  беруі  қажет. Эфирден үйде отырғандай есерси, еркінси сөйлейтіндер , атам қазақтың «бір құмалақ бір қарын май шірітеді» дегендей, радиотыңдаушыларды мезі етіп, радиоқабылдағыштың  үнін  өшіруге  мәжбүрлейтінін  де жасырмауға  тиістімін.

 

        Радио қайдан шықты? Қалай пайда болды ? -  деген сұрақ туындайды. Біреу білсе, біреу білмес. Мысалы, біз жыл сайын жаңа жылды тойламасақ тұра алмаймыз, бұл қалыптасқан дағды. Ал туған күніңді тойламау, ол тіпті күнә сияқты. Сол сияқты радионың да жыл сайын тойланатын өз туған күні бар. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан -  1895 жылы Александр Степанович Попов болатын. Ең алғаш радионың шығуы әлемге дамудың жаңа қадамына жол ашты. Дегенмен 1909 ж. желтоқсанында, италиялық өнертапқыш Гульельмо Маркони (1874-1937ж) және неміс физигі Карл Фердинанд Браун(1850-1918ж) "Сымсыз телеграфияның дамуына қосқан үлестерінің ескерілуі үшін" атты атақпен Нобелдік сыйлықтың иегерлері атанған. 
Іс жүзінде барлық радиоланған теңіз кемелерінде (атақты "Титаникте де") Маркониның радиостанциялары тұр. 1913  жылы  Қазақстанда алғашқы радиостанция жұмыс істеген,  тәуелсіздік жылдары  Қазақстанда ондаған  радиостанциялары пайда болды. 13 ақпан  Дүниежүзілік радио күні болып тойланады, ол алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. 7 мамыр ғылым мен техниканың әлемдік тарихына радионың туған күні ретінде енді. Жыл сайын  бұл мерекені тойлау үрдіске айналды.

     Радио алғаш  шыққан  жылдары қолжетімсіз болды, әр үйге бір радиодан  тисе  жұрттың қуанышында шек болмайтын. Бағдарламалар саны да аз болды. Одан бері радионың форматы өзгерді, жаңарды, дамыды. Радионың мүмкіншілігі молая түсті.  Бүгінгі күні радио қолжетімді бола бастады, көлікте тіпті үйде , «Otau tv»  спутниктік каналдары арқылы онлайн тыңдауға жағдай жасалған.  Көшеде ой үстінде кетіп бара жатсаңыз,  жеке меншік  жұмыста ішіңіз пысқан жағдайда, автобуста уақытты бос өткізбеу мақсатында тыңдау  көп уақытыңды алмайды.  Біздің елде радио көп. Ал Қазақ радиосы соның ішіндегі ең тарихы көп радио, биыл  95  жыл толып отыр.  Оның үстіне  24 сағат хабар таратады.  Даланың  көзіндей, қазақтың  өзіндей  Шалқар  радиосына  биыл  50 жыл толды.

        Ақпараттың  ағынымен ілесіп жүріп, уақыттың қалай тез өткенін байқамайсың. Апта өткенде , алдыңнан қайта күтіп алатын кезекті хабарыңа қандай тақырыпты көтересің, ол мәселені кім ұғынықты, тыңдарманның құлағына жағымды әрі түсінікті айтып берер деп шаруаңның шалғайына жабысып ,  ұршығында айналдырып жүресің. Бұл да бір журналистің кәсіби шеберлігіне  келіп  тірелетін дүние.

     Бұрынғы уақытта қазіргідей мол ақпараттық құралдар болмағандықтан, радиода да, газет, теледидармен бірге үлкен тақырыптарды көтеруге мүмкіндік болды. Бірақ, біз қазір ақпараттық небір құрылымдардан аяқ алып жүре алмай қалдық емес пе? Өкінішке орай, жалғыз «Отандық радиоларды»  қосып қалсаңыз, кеңестік кезеңдегі дикторлар немесе солардың  нақышымен қойылған  жасанды дауыстар  амандасып жатады. Дәл бір ретро радиодай. Қалай болғанда да, қазіргі  радиолар өзге БАҚ - та жоқ мүмкіндіктерге басым назар аударғанда  ғана  жалпы  ақпараттық базардағы  өз  өтімділігін  арттыра  алады.

     

      Радио жедел де қолжетімді және оның басты - қаруы өткір сөз бен ұшқыр ой. Солар арқылы журналистер тыңдарманды радио толқындарына ілестіріп , оқиға ортасына алып келеді, ешбір бейнекөріністің  көмегінсіз - ақ,  шартарапқа саяхатқа жетелейді. Хабарды жүргізушілермен бірге тарихтың  тұңғиығына шомыласың,  әлемді шарлайсың,  туған  жермен  қайта қауышасың, дүниетанымың кеңейеді, санаңда ұялаған сезімдер оянады, рухың көтеріледі, жан сарайың тазарып, бойың сергиді. Алайда, радиохабарлар тек қана сөздер мен ұғымдардан құралатын, материялық тіні  жоқ құндылықтар қатарына жататын болғандықтан, оны көзбен көру, қолмен ұстау қиын. Қазіргі таңдағы  радиода ойын- сауықтық радиобағдарламалардың алатын орны ерекше.Соның ішінде ойын -сауықтық  бағдарламалардың  аудиториясы  кеңейіп кетті.

       Қазіргі аудитория көп жікке бөлінеді. Бұқаралық  ақпарат  құралдары  қаншалықты  көп болса, олардың да әрқайсысын солай жіктеп, топтауға болады. Мысалы, жастар аудиториясы, зейнеткерлерге арналған бағдарлама, діни бағдарламалар, әйелдер аудиториясы, неміс немесе кәріс тілді тыңдаушылар, әскери қызметкерлерге арналған топтама сияқты жіктеле береді. Тіпті соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде ер мен әйелдер аудиториясын ажырату да бел алуда. Яғни, белгілі бір арнада әйелдердің сұраныстарына, қызығушылығына арналған хабарлар басым болады. Радиотыңдаушылардың табысына қарай бағытталған хабарлар, сол арқылы байлық пен кедейлікті ескеретін арналар да кездеседі.

      Оған қоса :  ақпараттық,  танымдық , ағартушылық, эстетикалық, мәдени  бағдарламаларды  тыңдайтын  тұрақты тыңдармандар, көңіл көтерушілік бағдарламаларды  жаны сүйетін көлік  жүргізушілері , дәстүрлі  әуендерді құлай сүйетін тыңдармандар, танысу мақсатта хабарласатын тыңдармандар,  сәлем жолдағанды жақсы көретін  тыңдармандар  болып  жіктеледі. Тіпті аудиторияны  жасына, әлеуметтік  деңгейіне , біліміне , сұранысына , талғамына  қарай әбден бөлуге де болады. Қазіргі таңда радионың форматы жаңарды, дамыды. Қоғамда болып жатқан мәселеге радио бей жай қарамайды. Мәдени, ағартушылық, діни, танымдық, ақпараттық бағдарламалардың әрқайсысының өзіндік қырлары бар. Бірақ, біз радионы жан -жақты зерттей отырып, дипломдық  жұмысымыздың  ішіне ойын – сауықтық бағдарламалардың заманауи келбеті , рейтингі, радиохабар таратудың міндеттерін,  радио аудиториясын  енгізіп отырмыз.

     Радиодағы тағы бір маңызды көрсеткіш – ол прайм-тайм, яғни тыңдармандар ықыласының шарықтаған уақыты –дейді Н.Омашев.   Қазіргі радиоаудиторияның тыңдаушылары өздерінің білімі, қоғамдағы орны, ақыл-парасаты,  тіпті талғамы  жағынан әр түрлі болып  келеді. Көбінесе  тыңдармандарымыз әсіресе кешкі уақытта жұмыстан шыққан соң, тынығып, немесе кептелісте тұрғанда  радионы көлікте тыңдағанды жақсы көреді. Ойындарға қатысып, атсалысып, салем жолдап, сезімін , сағынышын білдіріп жататын кездері де болады . Яғни бұл уақытта рейтинг көрсеткіші  жоғарылай түседі. 

    Кейде санада сайрап, көңілде тербеліп тұрған ойдың қалам ұшына қонбай қашатыны бар. Кейде жазылған жарты ауыз сөздің өзін ақ қағаздың қабылдамай қоятынын қайтерсің. Шамасы, бұл күйдің мәнін қалай түсіндірсең де толымсыз шығатын шығар. Әйтеуір, бұйрықты күні болғанда көңілдегі көп ой бірін-бірі қуалаған толқындардай жамыраса келеді де бірден қағаз бетіне көшеді. Міне, осылай менің де ойыма радиодан өз бағдарламамды ашу мақсат етіп қойдым. Күн демей түн демей жан жақты зерттеп қарастырып, неге өз бағдарламамды ашпасқа? - деген ой туды. Ойын сауықтық бағдарламаларға қазіргі таңда не жетіспейді, неге әлі күнге дейін саны көп, сапасы жоқ деген сұрақтар мазаны алды. Отандық радиоға қазақ тілді ерекше бағдарлама енгізгім келді. Ендеше, алдарыңызға өз бағдарламамның  концепциясын  ұсынуға  рұқсат етіңіздер.

    Дүйсенбіден жұмаға дейін таңертеңгілік уақытта берілетін  бұл хабарды  жүрдім бардым тыңдау -  күнә. Тәніңнің ғана емес, жаныңның қазақ болғаны рас болса, радиоға жақындай түсесің. Онсыз да жетпейтін уақытқа «тұра тұр» дейсің. « Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табатынын » білесіздер. «Дөңгеленген дүние» - дейді халқымыз, радионың тіршілігі жер секілді өз осінде айналып жатады  ,өмірдің ағымымен шыр көбелек айналып жатады. Бір қарағанда аса қарапайым көрінетін радио хабарлары  мерзімді басылымдар мен телевизияға  қарағанда  өте жылдам тарайды. Міне, ендігі кезекте осы радионың, оның ішінде  Ел радиосына айналған «Қазақ  радиосының», « Шалқар радиосының »,  « Астана », «Орда FM», «Жұлдыз FM» радиоларындағы ойын -  сауықтық бағдарламалардың  заманауи  келбеті , ойын сауық  бағдарламалары  зерттеу нысаны болмақ.

Радиохабар  таратудың  міндеттері

          Радио  санқырлы, оның мүмкіндіктері  орасан зор . Радио біріншіден, көңіл-күйге тікелей әсер етсе, екіншіден құлаққа жағымды әуендермен  көңіліңді баурап алады. Оның үстіне алтындай уақытыңызды алмайды. Радио арқылы тарихтың терең  тұңғиығына  шомыласың,  өмірлік сұрақтарыңа жауап аласың. Мен радионы күнде тыңдаймын.  Радио туралы Н. Омашев былай дейді: « Радио — өнер. Радио — ақпарат, шартараптан ең жедел хабар жеткізетін арна. Радио — бизнес көзіне айналып отыр. Радио — мектеп. Радио — тарих, өмірдің өшпес шежірешісі. Оның үні сана сүзгісінен өтеді, мәнді хабарлар, ән мен саз қорда сақталып, кейін қайталана береді. Радио — өмірдің  қиын сұрақтарына  жауап  беретін кеңесші, көмекші. Радио — ғұмыр, мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін  күш-қуат.  Радио — көңіл күй барометрі, өмірге  құштарлық  дәнін шашатын бастау бұлақ » .

        Бұл сөздерден радио жан - жақты күйге түскенін аңғарамыз. Яғни радионың өнерден, тарихтан, тың ақпараттардан алыстап кетпейтіні белгілі. Бірақ,  радио бизнес көзіне айналып отырғаны бұл да еліміз үшін бір жаңалық, өйткені жарнаманы теледидардан көріп қалған көрерменнің радиодағы жарнаманы бастапқы кезде қабылдай алмауы мүмкін. Бірақ кейіннен еті үйреніп, құлағын соған түріп жүретін болады. Қазіргі таңда радио бизнес көзіне айналып отырғаны шындық. Иә, арине радиодан бәрін табуға болады. Мысалы тарихты,  ақпаратты,  мәнді  хабарларды, сазды  әуенді және т.б

      Ал енді радиохабар таратудың өз жүйесі, стандарты, міндеті бар екенін ескерсек,  ол жағын бағамдап көрелік. Радиохабарларын таратудың міндеттері  дегенде бұқаралық ақпарат құралдарына  ортақ  ұстанымдар туралы сөз болады. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның  әртүрлі  әлеуметтік топтары,  хабардың  өзі  түрлі  жағдайда  тыңдалады.

       Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін Н.Омашев радионы ортақ 3 факторға бөледі :

  1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады,  яғни ол көп функциональды.
  2.  Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың  дегбірін қашырып, көңіл - күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін  қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.
  3.  Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды. Бұл  сөздерден , радиохабар тарату ісі өте күрделі екенін, бір жағынан  әр тыңдарманның ықыласына ие болу үшін де көңілге қонымды музыка беріліп , бәрі  форматқа сай болу керек екендігі жайлы түсінуге болады. Яғни  жүргізуші  тыңдарманның  көңіл -күйіне,  эмоциясына тікелей әсер ететінін атап өту қажет. Тыңдармандардың  талғамы, сұранысы әртүрлі  болғандықтан , әр кішкентай дүниені ескеру қажет. Мысалы, демалыс күндері  бір тыңдарман  «Қазақ»  немесе  «Шалқар» радиосынан дәстүрлі, әуезді музыканы тыңдағысы келсе, оның ішінде мысалы: қазақтың тарихында өзіндік орны бар «Нұрикамал» әнін. Кейбір тыңдармандар  «Астана», «Жұлдыз FM », «Орда FM » радиоларын қосып  жап - жаңа,  көңілді, заманауи әуендерді тыңдағанды жақсы  көреді. Мысалы: «Аспанға қараймын», «Мария Магдалена» деген сияқты және т.б. Өйткені қазіргі тыңдармандардың сұранысы,талғамы өте жоғары. Бәрі еркін түрде,  тәртіпке бағынған , форматқа сай болуы тиіс. Өйткені  Отандық радиоларда әсіресе  «Қазақ», «Шалқар»  радиоларында әр аптаның дүйсенбісінде тексеріс күні болып есептеледі. «Арнайы жасақталған комиссия мүшелері»  оның ішінде  «бай- қуатты » болайық  деп  ұрандап  жүрген тележүргізуші Нұртілеу  Иманғалиұлы, Сәкен Тұрысбек сынды ел азаматтары бар. Әндердің  сөзімен әуеніне  қарап, баға береді. Олар халыққа берілетін  әнге аса ыждахаттылықпен  қарайды,  бұл радиоларда  арзан,  жеңіл  әндерге  мүлдем  орын  жоқ.

    Келесі кезекте тыңдарман назарын аударатын роликтер мен тақырып мазмұнын ашатын джинглдар жасап оны бағдарлама барысында пайдалану жүргізуші-журналистің аудитория алдындағы сенімін күшейтсе, екінші жағынан тыңдарманды жалықтырып алмауға мүмкіндік береді. Негізінде, шақыру белгілерін тыңдарман құлағына сіңіру үшін тұрақты түрде берген дұрыс. Ал роликтер мен джинглдарды әр хабар сайын мың құбылтып ұсыну журналист шебер

Ұқсас материалдар