«Оралман» драмасының трейлері жарыққа шықты

07.11.2016 3483
Қазақ киносы

Ғаламторда «Қазақфильм» мен «Қадам» киностудиялары бірігіп түсірген «Оралман» драмасының трейлері жарық көрді.

Фильмнің режиссері – Сәбит Құрманбеков. Сценарийін Сәбит Құрманбеков ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Санжармен бірігіп жазған. Су жаңа фильмде Ауғанстаннан атамекеніне оралған қазақ отбасының тағдыры, Қазақстандағы жаңа өмірі туралы айтылады. Басты рөлде белгілі театр және кино әртісі Дулыға Ақмолда ойнайды.

Фильм жақын арада прокатқа шығады. Ал, ертең, 8 қараша күні Алматыдағы «Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатрында БАҚ өкілдеріне арнайы көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін фильмнің түсіру тобы қатысатын баспасөз отырысы өтеді деп жоспарланып отыр. 


Әзірлеген - Жансая Төлеген

Ұқсас материалдар