Максим Рожин: Ортақ қателер деңгейді көрсетеді

02.05.2014 4622
Сапалы сурет жасау үшін үш сұраққа жауап беру керек:

Максим Рожин. Бұл есім баршаңа таныс, кейбіріңе етене таныс, ыстық есім. Сары жігіт, қазақша сөйлесе қазақты жаңылдырады. "Блогиаданың төртінші турына (фоторепортаждар туры) сараптама жасап беріңізші" деген өтінішімізді жерге тастамай, жазып беруге уәде еткен. Дүйсенбіден бері біраз уақыт өтті, десек те кеш те болса кеп жеткен есепті оқыңыздар. 

http://kerekinfo.kz/blog/12493.html Абай Отар

 Суреттер әлі де өңдеуді қажет, горизонт линиясы барлығында сақталмаған, репортаж стиліндегі фототүсірілім болғандықтан көркемдігі жайында айту қиын. Деталь аз көрсетілген? жалпы және орташа пландар ғана.

 http://kerekinfo.kz/blog/atyzhok/12486.html Әйгерім Кеулімжай

Суреттер өңделмеген секілді, таза репортаж, қандай аппаратқа түсірілгені белгісіз, алайда кейбір жерде видержка жетпей тұрды Смаздар бар. Керісінше деталь тым көп. Коллаждардың қажеттілігін түсінбедім. Көп сурет болған шығар, сыйдыру керек болды ма.  

http://korkem.blogspot.com/2014/04/blog-post_24.html Көркем Абылаева

Пост аналар (адамдар) туралы болды, бірақ барлығы общий планда, суреттен эмоциялары көрінбейді. Аяғы ауыр әйелді бар сурет ғана позитивті эмоцияға тартады. Бірақ ол суреттің өзін Барлық аналар бейнесі етіп күнге қарсы қойып түсіру керек еді. Бұл енді менің пікірім, қалғаны репортажка.

http://aikosh.wordpress.com/2014/04/25/%D2%9B%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7-%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B/      Әйгерім Бегімбетова

Суреттер реті бір бірімен байланыспайтын сияқты, өткені бір бірінің артында жалғасып жатқан адамды белгілі бір ойға жетелеу керек. Деталь бар, бірақ не туралы? Көрсетілмейді. Репортажка, бірақ түсініксіз.

http://zhazular.wordpress.com/2014/04/23/691/#more-691 Жандос Құсайынов

Сапалы репортаж. суреттегі кейіпкерлерде эмоция бар, суреттер реті жақсы, адам туралы болған соң, портрет те көрсетілген. өңдеуіне қатысты сын бар, қалғаны жақсы.

http://gassyr.kz/?p=822       Ғасыр Құралбайұлы

Барлық суреттер бірдей. Репортаж деп есептегенің өзінде қызықсыз. Бір сарында суреттер.

http://kerekinfo.kz/blog/12496.html          Нұрберген Мақым

Қызықты тәсіл. бір коллажда өзін де, детальдарды да көрсету. суреттерге қатысты айтар болсам ТВмен байланысы бар екені көрініп тұр. Коллаж стилі - общий, средний, крупный, перебивка.

http://kerekinfo.kz/blog/12492.html Эльвира Ергалина

Жақсы зеркалкаға түсірілгені көрініп тұр, ол камерамен кейбір жақсы детальдарды түсіріп алуға болушы еді. кейбір жерде адамдар қиюға болмайтын жерде қиылған суретте. түрлерін көрсеткісі келмегені түсінікті, сондықтан басқа бір амал табу қажет сияқты еді. эмоция азпортреттерде.

http://kerekinfo.kz/blog/12483.html Маралбек Сағынғанов

Айттуға қиын. репортажка. суреттердің кейбірінде гистограмманың тым ауып кеткені байқалады. көркемдікке мұндайды айналдыру қиын негізі.

 http://kerekinfo.kz/blog/reality/12485.html Асқар Базарбаев

 Логикасы бар өте қызық репортажка. сурет сапалы деп айта алмаймын, ойға визуализация ғана жасап отырды.

 

Жалпыға ортақ қателер:

1 негізгі объектті суреттің ортасында орналастыру.

2 суреттің композициясын тым күрделендіріп жіберу

3 сапалы портрет жасамау

4 деталь аз

5 ракурс дұрыс таңдамау

6 суреттің экспозициясы бұзылған

7 баланс белого (серого) дұрыс емес

Сапалы сурет жасау үшін үш сұраққа жауап беру керек:

1 Суретте көрсетем дейтін негізгі объект ол НЕ?

2 Негізгі объектке адамның назарын түсіру үшін қандай тәсіл қолданам фото түсіргенде?

3 Суреттің композициясын қалай қарапайым қылуға болады?

Бұл Максим Рожиннің сараптамасы.

Кәсіби көзқарас. Десек те, Максимнің көп пікірі мына сарапатамамен сарындас екен. 

 

Ұқсас материалдар