Ұлттық музей байқау жариялайды

22.09.2016 2249
Дода

 ҚР Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін (білдекті, монументалды-сәндік), инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты және міндеттері:

  • Ұлы дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар және көрнекті тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандықтардың тарихи дүниеге көзқарастарын қалыптастыру.
  • Тарихи жанрды (тарихи-тұрмыстық жанр, тарихи-этнографиялық жанр, кескінді тарихи композиция, тарихи пейзаж, соғыс тақырыбындағы сюжетті жанр) дәріптеу.
  • Суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін жандандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру.
  • Басты шығармашылық жетістіктерді анықтау отандық заманауи бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерге жұртшылықтың назарын кеңінен аудару.

Байқау 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында өтеді. Байқау іріктеуінен өткен суретшілердің тізімі музейдің сайтында жарияланады. Жүлденің жалпы қоры – 1 миллион теңге. Эскиздерге қойылатын талаптар мен байқау шарттарын мына жерден оқуға болады.


Ұқсас материалдар