Конституциялық мәртебе, Конституциялық орган, Конституциялық іс-жүргізу

05.03.2015 7887
Конституциялық мәртебе, Конституциялық орган, Конституциялық іс-жүргізу

Бүгінгі мақаламызда Конституциялық мәртебе, Конституциялық орган, Конституциялық іс-жүргізу және конституциялық өкілеттілік туралы сөз қозғайтын боламыз

Конституциялық   мәртебе.  Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың, Президенттің, депутаттардың, өкілетті органдардың, азаматтардың, судьялардың, шетел азаматтаырының және азаматтығы  жоқ  адамдардың мәртебесін  белгілейді. Халықтың конституциялық  мәртебесі, ол  мемлекттік  биліктің  бірден-бір  қайнар көзі болып табылатыгдығынан  және  оны тура, жанама  түрде жүзеге асыратындығынан көрінеді.  Қазақстан Республикасы Президентінің  конституциялық  мәртебесі  оның  мемлекеттік билік жүйесіндегі  орынын анықтаудан  ған емес, сонымен бірге Конституцияда бекітілген  өкілеттігінен  де  көрінеді. Азаматтардың конституциялық  мәртебесі басты құқытарынан, бостандықтары мен  міндеттерінен  көрінеді. Конституция депутаттардың, соттардың  мәртебесін белгілейді.

Конституциялық   орган.  Мемлекет  күрделі  тетіктен  (механизмнен) тұрады.  Тек  осы  тетікті негізгі  құрушылар  ғана  Конституцияда көрсетіліа бекітіледі. Сөйтіп конституциялық  органдарды  ажыратудың  басты  негізі  мемлекеттік  билікті  тармақтарға бөлу принципі  болып  табылады. Конституциялық органдар  конституциялық  құзіретті иеленеді.

Конституциялық   іс  жүргізу – Қазақстан Республикасының Конституциясында  «конституциялық   іс  жүргізу» ұғымы өзінің  міндеттерін – импичментін жүзеге асыруға  Президент  қабілетсіз болған жағдайда оның қызметінен мезгілінен бұрын басталуына байланысты  қолданылады (47-бап). Сонымен бірге конституциялық іс жүргізу басқа да бірқатар конституциялық мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, Президенттің заңға қол қоюы үшін конституциялық және жәй заңдарды қабылдау үшін және басқалары үшін қарастырылған.

Конституциялық  өкілеттік.  Республика  Конституциясы  жоғары және жергілкті  мемлекеттік органдарға  белгілі бір өкілеттіктерді бөледі.  Осы  өкілеттіктер  Конституцияда бекітілгендіктен, Конституцияның өзінде осылайша атлмаса да, олар конституциялық өкілеттіктер болып табылады.  Бұған «Қазақстан Республикасының Парламенті  және  оның  депуттарының  мәртебесі туралы» Республика Президентінің   Конституциялық  заң  күші  Жарлығы куә, оның 14-бабында Парламенттің Коституцияда көрсетілген өкілеттігі конституцилық заң деп аталады.

Конституция Президенттің, Парламенттің, Парламенттің Мәжілісінің, Сенаттың, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік басқарудың жергілікті  органдардың конституциялық  өкілеттігін  белгілейді.


Айсауле Нұрлыбек

Ұқсас материалдар