Харизмалы болудың мәселесі және жолдары

28.11.2016 9348
Харизмалы болудың мәселесі және жолдары

ХАРИЗМА ТУРАЛЫ АҢЫЗ

   Аңыз әрқашанда тарихты жеңіп отырады.

                                                                   Сара Бернар

1886 жыл, Лондонның ыстық жазында Уильям Гладстон және Бенджамин Дизраэли Ұлыбритания премьер-министрі тағына күрескен болатын. Бұл викториандық дәуір еді, яғни жеңімпаз тұлға жарты әлемге билігін жүргізеді. Сайлауға бір апта қалғанда қызық жағдай орын алды, екі кандидат та бір әйелді түскі асқа шақырған болатын. Әлбетте, репортерлер бәсекелес кандидаттардың әлгі әйелге қалай әсер еткенін білуге асықты. «Гладстон мырзамен болған түскі ас кезінде Англиядағы ең ақылды адам сол кісі болар деп ойладым. Ал Дизраэли мырзамен болған түскі аста Англиядағы ең ақылды адам – ол мен едім» деп әлгі әйел қысқаша қайырды.

Сайлауда кім жеңіске жетті деп ойлайсыздар? Өзге адамдарда ақылдылық, жарқындық пен тартымдылық сезімін оята білетін – Бенджамин Дизраэли.

Осыдан жүз жылдай бұрын осындай феномендерді түсінікті ету үшін немістің ғалымы М. Вебер айналысқа «харизма» терминін енгізді. Харизма сөзінің мағынасы, грек тілінен аударғанда – құдайдың сыйы. Яғни, әуелгі мағынасында харизма – адамға күнәкарлықты жеңіп, оны құтқаруға жетелейтін жоғарыдан келген таңғажайып күш, берекет. Бірақ, әлеуметтанушы Макс Вебер бұл феноменді зерттей келе оған сәл басқаша ұғым берді. Оның айтуынша, харизмалы көшбасшы – ерекше дарынды, оған қайраттылық, тылсым сәуегейлік, жұртшылықты өзіне еліктіру қабілеті тән. Вебер бұндай қабілет екінің бірінде жоқ деп есептеді. Харизмалы тұлғалар тарихында әлемдік діндердің негізін қалаушы – Будда, Мұса және Иса пайғамбарлар бар. Сонымен қоса, Шыңғысхан және Наполеон сияқты мемлекет және әскери қайраткерлері, XX ғасырдың ірі тұлғалары – Гитлер, Муссолини, Ленин және Троцкий, Ганди және Мартин Лютер Кинг. Бұдан байқайтынымыз, харизманың ықпалы адам қызметінің түріне, моральдық-этикалық мазмұнына байланысты емес: харизмалы тұлға не көшбасшы діни адам да, жаппай әскері қылмысқа алып келуші де болуы мүмкін.

Күнделікті қолданылатын «бұл адам харизмалы» деген тіркес сол адамның жұртшылыққа үлкен әсері бар және олар оған мойынсынып, артынан еруге дайын дегенді білдіреді.

Халық арасында көп тараған қателікке қарамастан, бұл термин жансыз заттарға қатысты қолданылмауы керек, «харизмалы дизайн» деген сияқты.

Адамдардың көпшілігі осы күнге дейін Вебердің осы айтқанын қуаттайды. Яғни, олардың түсінігінде, харизма – туа біткен қабілет, жоғары сый, тылсым күш. Бірақ, қазіргі уақытта көптеген білімді адамдар бұл пікірдің дұрыс еместігін айтуда. Мысалы, Стэнфорд, Йель және Гарвард университеттерінің лекторы, коуч-консультант Оливия Фокс Кабейн харизманы әлеуметтік дағды жиынтығы деп, және оны әдістермен, жаттығулармен жетілдіруге болатындығына сенімді. Бұл кісінің осы тақырыпқа арналған авторлық кітабы да бар. Оның ойынша: «кез келген адам харизмаға ие бола алады. Егер харизма туа біткен қабілет болса, адамдар өмір бойы жұртшылықты елітіп, шабыттандырып жүруші еді. Бірақ, бұл олай емес, мысал ретінде Стив Джобс мырзаның алғашқы және соңғы презентацияларын салыстырсаңыз болады. Ол әрқашан харизмалы болған емес».

Қалай болғанда да харизмалы тұлғаға тән дара қасиеттер бар. Олар:

- жеке әсерлігі;

- жұртшылыққа энергия бере білуі, шабыттандыру қабілеті;

- сенімді мінез-құлқы, өзін және хал-ахуалды басқара алуы;

- таңдау жасау кезінде дербес, тәуелсіздігі;

- өзгелердің жағымды таңдануы;

- шешендігі, ойын нақты әрі түсінікті жеткізе білуі;

- жақсы сырт кейпі, сыртқы бір ерекшелігі. 

Харизмалы тұлғаның ықпалындағы адамдардың сипаты (З.Фрейд бойынша):

- адамдарда ортаға қатыстылық, жақындық және бауырмалдық сезімі;

- үрей тудыратын барлық қоғамға тән шынайы қиындық не қауіп-қатердің болуы, және ол қиындықтың алдында бәрі тең;

-  адамдар харизмалы көшбасшыны өздерінің идеалымен теңестіруі;

- адамдардың харизмалы көшбасшы бойында ерекше, ешкімге тән емес қабілетінің бар екендігін мойындауы;

- адамдардың бойындағы өзін-өзі бағалау дәрежесінің төмендігі, сенімсіздік, қобалжу.

Харизмалы тұлғаның, сөзсіз, ерекше қабілеті бар. Ол тылсым күш болмаса да, ерекше энергия мен асқан төзімділік екені рас.

Харизманың ықпалы авторитарлы немесе тоталитарлы басқаруға ұқсайды, өйткені харизмалы көшбасшы шексіз билікке иелік етеді. Харизманы профессионалды түрде қолдану – жұртшылыққа бір идеяны, құндылықты сіңіру болып табылады.

Сондықтан «харизманың кәсіпқой және басқарушылық қызметке ықпалы оң не теріс пе?» деген сұраққа «иә» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болады.

Харизма оң ықпалға ие деп келесі жағдайда айта аламыз:

- аз ғана уақыт ішінде белгілі бір топты біріктіріп, оның күш-жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру кезінде;

- игі, пайдалы идеяны, құндылықты, ақпаратты әр түрлі адамдарға жеткізу, түсіндіру кезінде;

- қиын жағдайды, мәселені (мысалы дағдарысты) үлкен ынтамен жеңе отырып, зор жетістікке қол жеткізу кезінде.

Көшбасшының харизмасы келесі жайттарда теріс әсер беруі мүмкін:

- топтың әр мүшесі жұмысқа дербестік, ынта, жеке бастама, сын таныту және өзін-өзі сынауы қажет болғанда;

- топтың әр мүшесінің ойлауынан туындайтын ортақ интеллектуалды нәтиже шығару керек болғанда;

- топтың әр мүшесі көшбасшының көмегінсіз өз-өзіне сенімділік, жағдайды басқара алу, креативтілік сияқты қасиеттерін таныту қажет болған жағдайда.

ТҮРЛІ ХАРИЗМАЛЫҚ СТИЛЬДЕР

Мен астрологияға сенбеймін. Мен өзімнің харизмама сенемін!

Фредди Меркьюри

Көшбасшылықтың  стилі мен сипаты әр түрлі болғандықтан харизманың да түрлі стильдері бар. Әрине, жоғарыда айтылған харизматикке тән мінездеме мен стратегиялардың барлығын бірден қолдану мүмкін емес. Сондықтан жекелеген бағыттарға басымдық беріп, жұртшылыққа әсер етудің тәсіліне қарай харизманың стильдері қалыптасады. Мәселен, Мадонна да, тақуа далай-лама да жұртшылықты өзіне еліктіреді. Оларды харизмалы тұлғалар деп есептейді, бірақ әртүрлі себептерге байланысты. Бұл бөлімде біз харизманың төрт стилін қарастырамыз:

  • Зейінді харизма
  • Жігерлендіруші немесе шабыттандырушы харизма
  • Тілектестік харизма
  • Билік не өктемдік харизма

Зейінді харизма

Элон Маск – PayPal электрондық төлем жүйесінің құрылтайшысы, Tesla Motors компаниясының қазіргі президенті, зейінді харизмаға ие тұлғаның айқын үлгісі. Маск мырза өзін интроверт санайды. Оның кабинетінің төрдегі бұрышында өзге кеңістіктен дара тұратын, бос дерлік жұмыс үстелі орналасқан. Үстел үстінде тек екі үлкен монитор бар.

Алайда, Маск үлкен экранның арғы жағынан көрінгенде, ол толықтай жинақы әрі зейінді (сосредоточен). Оның назары сізде. Масктың сізді көңіл қойып тыңдағаны соншалық, сіздің әр сөзіңізді өз бойына сіңіріп отырғандай әсерде боласыз. Ол сізді тыңдап отырғаны жайлы сізге сөзбен айтып та керек емес, өйткені Маск сізді тыңдап және түсініп отырғандығын сізге сездіреді.

Зейінді харизма ең алдымен сізге қатысты әсер эффектіне негізделген. Ол адамдарда сіздің толықтай сол кісіге берілгендігіңізді білдіріп, оларды тыңдап, барлық айтылғанды губка секілді өзіңізге сіңіріп алғандай сезім тудырады. Зейінді харизма сізді тыңдап, ойыңызды елеп және түсініп отырғандай әсер береді. Харизманың бұл түрін менсінбеуге болмайды, ол керемет күшке ие.

Зейінді харизма бизнес ортада үлкен демеуші, жәрдемші бола алады. Билл Гейтспен бірге жұмыс атқарған басшының сөзі бұған дәлел:

«Көптеген адамдар харизма туралы былай ойлайды: харизмаға ие адам «шапшаң әрі батыл», осы ерекшелігінің арқасында олар қалыптасқан жағдайды басқарады. Алайда, ұсқынсыз келбетіне қарамастан (арық, ебедейсіз және қарапайым компьютер «ботанигіне» ұқсайды), Билл шынымен де жағдайға үстемдік етеді; оның бар екендігі бірден әрі барлығына сезіледі. Егер харизма әр сөзді жалмап жұту арқылы  адамдардың назарын аударатын қасиет болса, онда Биллде ол әлбетте бар».

Джек Кюлер, IBM компаниясының бұрынғы президенті, бойында зейінді харизманың тағы бір негізгі компоненті – сый-құрмет білдіру қабілетін қалыптастырған өте харизмалы тұлға.

Харизманың негізін қалаушы принциптерінің бірі – адамдардың бойында өзін-өзі бағалау және сыйлау қабілетін ояту. Кюлер мырза тіпті ең төменгі буындағы қызметкерлердің бойында даналықтың жауһары бар және олар өзгелермен бөлісуге дайын деп есептейтін. Осы компания қызметкерлерінің бірі: «Сіз оның инженерлерді қандай қамқорлықпен тәрбиелеп, дайындайтынын көрсеңіз ғой; Кюлер мырзаның оларды қатты сыйлайтындығы айқын. Ал олар, өз кезегінде, бұл кісіні сыйлайтын – Кюлер мырза мекемеге кіргенде олардың жүздері нұрлана бастайтын еді».

Зейінді харизма – харизманың ең қарапайым түрі. Ол кез келген іскерлік жағдайда қолданылуы мүмкін. Әсіресе, зейінді харизма өзге бір адамның көңілін аударып, онымен ақпарат бөлісу үшін өте тиімді. Бұл стиль менеджмент саласы мамандарына, қорғаушы (адвокат) және іскер кеңесші мамандарына аса қажет.

Жігерлендіруші немесе шабыттандырушы харизма

Жігерлендіруші харизма әсері кезінде адамдар рухани күштерінің артқанын сезеді, харизма иесі бұған оларды сендіреді. Харизманың бұл түрі де өте тиімді. Алайда, сіздің жұртшылыққа түгелдей ұнауыңыз міндетті емес. Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобсты жұртшылық құрметтейтін, сонымен қоса оның алдында үрейленетін. Осы орайда компания ішінде де, компаниядан тысқары да Джобстың қаскөйлері көп еді. Дұшпандығына қарамастан олардың өзі Джобстың көрегендігі мен харизмалы тұлға екендігін мойындайтын. Стив Джобстың презентациясына қатысқан адам: «Оның асқан сеніммен әрі құштарлықпен сөйлегені соншалық, әр қатысушы шабыттанып, «Иә! Шынымен солай! Біз сені қолдаймыз!» деген ойда отырады».

Неге жігерлендіруші харизма жұртшылыққа осылай әсер етеді? Бұның жауабы адамдардың беймәлім, белгісіз болашақ алдында табиғи дискомфорт сезінуінде. Әрдайым құбылып тұратын әлемде адамдар жармасып, берік ұсталынуға болатын сенімді әрі мықты бір дүниені күтеді. Кіші Джордж Буштың бірінші президенттік кампаниясы кезінде оған дауыс берушілердің арасында сауалнама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша Буштың «өзіне нық сенімділігі» үшін ғана оған дауыс берілген екен.

Жігерлендіруші харизма өз ісіңе, өз қағидаларыңа деген сенімділікті жұртшылыққа жеткізіп, олардың бойында осы сенімді қалыптастыруға негізделген. Мысалы, Джобс компьютер сатпайды. Ол келешек өмір жарқын болады деген үмітті, сенімді сатады…

Жігерлендіруші харизма ең алдымен өзіңді қалай көрсетесің, әсіресе дене қозғалысы және мінез-құлық үлгісі арқылы қабылданады. Жұртшылық сіздің әр айтқаныңызбен келісіп, оны қолдайды. Сондықтан егер сіз шабыттанған, жігерлі болып көрінсеңіз, адамдар сізде шабыттандыратын бір дүние бар деп ойлайды. Көп жағдайда бұл дүние – идея. Яғни, жігерлендіруші харизма үшін ең бастысы – негізгі идея. Сіздің осы идеяға деген нық сеніміңіз ғана артыңыздан жұртшылықты ерте алады. Кей жағдайда харизманың бұл түрі фанатизмге алып келуі мүмкін (мысалы, діни лидер Джим Джонс 900 адамды жаппай өз-өздеріне қол жұмсауға көндірген).

Тілектестік харизма

Егер сіз емшек жасындағы бала болсаңыз, сіз не бүлдірсеңіз де, ата-анаңыз сізді әрқашан кемел, күнәсіз әрі ең жақсы деп есептейтін болады. Бірақ, жылдар өте келе олардың сөзсіз сенімі азаяды. Енді сіз анаңыздың ықыласын алу үшін таңғы асты тауысып, күлімсіреуіңіз керек. Алдағы уақытта сіз жағымдылық пен жақсы көзқарасты сирек сезіне бастайсыз.

Далай-ламаның жұртшылыққа терең әсер ете білуінің басты себебі айналасындағыларға үлкен жылулық танытып, барлық кемшіліктерімен қабылдай алуында. Өз тарапына мұндайды көрмеген адамдар аяқ астынан шынайы назарда әрі қолдауда екенін сезініп, тілектес тұлғаны ұнатып тұрады. Бұл тілектестік харизмасының өмірдегі айқын мысалы. 

Тілектестік харизма ең алдымен жылулыққа негізделген. Ол адамдардың жүрегіне жол тауып, олардың әр ісін мақұлдайтын қамқоршы, тілекшінің образын береді. Харизманың өзге стильдеріндегідей мұндағы басты құрал дененің тілі (язык тела), нақтырақ сіздің нұрлы жүзіңіз, көздеріңіз.

Бірақ, бұл стильдің де өзіне тін кемшілігі бар. Сіз кеңсеңіздегі әріптесіңіз, таныстарыңыз, тіпті супермаркет сатушысы таң қалатындай айналаңызға сондай жылу беруіңіз мүмкін, бірақ, сол жылуды сезінген адамдар сіздің өміріңізден орын алғысы келген жағдайда сіз тығырыққа тірелесіз. Яғни, бұл харизма сізге деген ерекше құштарлықты оятып,  жүрекке жақын тиюі мүмкін. Бұл стиль жұртшылыққа қаралы хабарды жеткізу кезінде, мінезі қиын адамдармен сөйлесу кезінде таптырмас құралға айналады.

Билік не өктемдік харизма

Егер сіз өктемдік харизмаға ие болғыңыз келсе, онда сіздің басты мақсатыңыз жұртшылыққа күш пен сенімділік арқылы, дәрежеңіз бен ықпалыңызды көрсету болып табылады. Оның екі басты өлшемі, айналаға ықпал етуге үлкен септігін беретін – дене тілі мен сырты кейіп екен.

Сіздің билік харизмаңыз – дәл қазір қаншалықты өзіңізге сенімдісіз, соған байланысты.

Денеңіздің күші пен сенімділігін жеткізу үшін сізге дұрыс қалыпта қалай тұру керектігін үйреніп, артық бейвербальды дене қимылын (жиі басты изеу сияқты) азайтып, әбігерліктен құтылу керек. Сізге аз және баяу сөйлеп, сөйлемде қашан және қалай пауза жасау керектігін білу қажет. Сонымен қоса интонацияңыз да дұрыс болуы керек.

Сырт кейіпке келетін болсақ, харизмалы болып көрінудің ең қарапайым жолы – қымбат әрі бағалы көрінетін және қоғамның жоғарғы табына сәйкес деп есептелетін киімдер кию.

Билік харизмасының өзіндік оң жақтары бар – сіздің сөзіңіз өтімді болады және бәрі сізге бағынады. Бірақ, кемшіліктері де аз емес:

  • ол өзгелердің сыни ойлауына кедергі келтіреді
  • ол кері байланыс орнатпайды, яғни, түбінде сіз қажет ақпаратты біле алмауыңыз мүмкін
  • ол сізді тәкаппар етіп көрсетуі мүмкін

Билік харизмасы іскерлік қатынастарда өте тиімді болуы мүмкін, әсіресе сізге бағынып, сізді тыңдасын десеңіз. Дағдарыс кезінде және өзгелердің қолдауына жету кезінде де өте пайдалы.

Дұрыс харизманы таңдау

Харизматик болудың әмбебап жолы жоқ, яғни, жоғарыда айтылған харизма стильдері әрқашан бермейді. Өйткені, өмірдегі әртүрлі жағдайлар кезінде олар сәйкес келмеуі мүмкін. Онда бұл харизма түрлері қай уақытта тиімді? Сізге қайсысы сәйкес келеді? Харизма стилін таңдап, оны қолдана білу – сіздің бойыңыздағы харизма потенциалын жүзеге асырудың бірден бір жолы.

Түрлі жағдайларға өзіндік харизма стилі сәйкес келеді. Дұрыс харизма стилін таңдау жасау үшін сізге үш негізгі көрсеткішті бағалау қажет болады: сіздің даралағыңыз, мақсатыңыз және нақты ахуал.

Сіздің даралығыңыз: сізге ең лайықты харизма стилі қайсысы, сіздің мүмкіндіктеріңізбен қандай құралдар мен тәсі

Ұқсас материалдар