Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі (ФОТО)

17.02.2015 11626
Қазақтың танымал жазушысы, ҚазССР мемлекеттік Абай атындағы сыйлықтың лауреаты "Көшпенділер" және "Алтын Орда" тарихи романдардың авторы Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді.

Қазақтың танымал жазушысы, ҚазССР мемлекеттік Абай атындағы сыйлықтың лауреаты "Көшпенділер" және "Алтын Орда" тарихи романдардың авторы Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келді.

1980 жыл. Жазушы болашақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен.

1999 жылы 24 желтоқсанда жазушының аты өшпес үшін І.Есенберлиннің әдеби музейі ашылды, облысымыздың мәдени ортасы болып табылады. Осы күнге дейін музей қызметкерлері жазушының жәдігерлерін сақтап, шығармашылығын оқып, қызмет көрсетуде.

Ілияс Есенберлин, 1978 ж.

Музей 4 залдан тұрады. 1-ші зал "Жазушының жастық шағы", "соғыс жылдары", 2-ші зал "Жазушының отбасы және жеке заттары", 3-ші зал "Шығармашылық залы" және 4-ші зал "Әдеби залы" мұнда әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, дәрістер, музей сабақтары өткізіледі.

Жазушы тұрған үй

15 жылда музейдің қоры 2000-ға жуық бірлікке толықты, мұнда жазушының жеке заттары және жұбайының заттары, кітаптары, “Мұхиттан өткен қайық” кітабының қолжазбасы, суреттер, жанұясының хаттары бар.

Музейдің материалдық-техникалық базасы өзгерді және нығайды. Жазушының жәдігерлерін жинақтауда, экспозициялық залдарды безендіруге зор үлестерін қосқан ауданымыздың атақты адамы Клара Әмірқызы Әмірова. Музейдің директоры – Ұлболсын Даниярқызы.

Сыйға алған домбырасы

Осы уақытқа дейін біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. "Музей түні" атты іс-шара өткізілді. Оқушыларға арналған "Ал қанекей, ұлдар", "Ал қанекей, қыздар" атты сайыстар өткізіледі. Сонымен қатар әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, жиналыстар өткізілуде. Музейге оқушылар, зейнеткерлер, ардагерлер қала қонақтары үнемі қонақ боп келеді. Әр жылдарда музейге Д. Назарбаева, М.Т. Есенбаев, Бағдат Сәмединова, Бекболат Тлеухан, Серікболсын Әбділдин, Айжан Нұрмағамбетова, Алтынбек Қоразбаев және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған “Менің Қазақстаным” пойызы және келді.

Жазушы киген плащ

Жазушының Алматы қаласындағы тұратын отбасымен байланыс орныққан. Олар музей қорының толығуына көмектеседі. Музей ұжымы І. Есенберлиннің шығармашылығын кеңінен насихаттауда.

Мектептермен, мекемелермен бірге жұмыс атқарып, сонымен қатар аудандық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысамыз. Аудандық және облыстық газеттерге  жиі-жиі мақалалар шығып тұрады.

2015 жылы жазушының 100-жылдығын өткізілетін іс-шаралардың жоспарын дайындадық. "Ұлтжанды қаһарман қаламгер" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы, ҚР мәдиниет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтеді. “Ұлы дала тұлғасы” және “Музей алаңы” ток-шоуы өткізіледі. Оған Қазақстанның әр түкпірінен мемориалдық және әдеби музейлердің директорлары шақырылады.

Үстел сағаты

"Өр заманның өткір қаламгері" атты аудандық ақындардың мүшәйра сайысы мектептің 8-10 сынып оқушыларымен, әдеби кештер, музей сабақтары, тақырыптық экскурсиялар, аудандық сайыстар, көрмелер өткізіледі. Сонымен қатар 10-шы қаңтарда "Алмас қылыш" атты жазушыны еске алу кеші өтті.

Мәдениет саласы – рухани құндылық, баға жетпес байлық. Біз күнде әр түрлі жастағы келушілерді және әлеуметтік топтарды қабылдаймыз. Музей ісі алдағы уақытта да үздіксіз өзінің шығармашылық жұмыстарын, қызметін көрсете береді.

Суреттерді толықтай көремін десеңіз жазушы музейіне арналған альбомға өтіңіз...


 

І.Есенберлиннің әдеби музейінің

 қор меңгерушісі Жақыпова Қ.Б.

Ұқсас материалдар